Ақпарат алудың пасивті түрі: Интернеттің пайдалы жағы

Ақпарат алудың пасивті түрі:

Интернеттің пайдалы жағы

Интернет жүйесін үлкен әлемдік кітапханамен салыстыруға болады. Бірнеше кнопканы басу жеткілікті. Соңғы хабарларды, басқа да қажетті нәрсені табуға болады. Компьютерде отыру арқылы әлемнің кез-келген нүктесіндегі жаңалықтарды табуға болады. Интернеттің көмегімен сатуға, сатып алуға, банктік операцияларды өндіруге, біреумен сөйлеуге, музыкаларды тыңдауға болады.( өз үйінен шықпай-ақ) Зерттеу бойынша АҚШ-та 12 мен 19 жас аралығындағы жастардың 66%-ті интернет қызметін пайдалануға жазылған (2000 жылдардағы статистика бойынша) интернетті ақылмен дұрыс пайдаланса,ол көптеген бағалы хабардың қайнар көзі болады. Мысалы: ауа-райы туралы,географиялық әлемге саяхат жасау,интернеттің көмегімен кітаптар сатып алуға автомобильдердің құралдарын сатып алуға,және оқушыларға үй тапсырмасын орындау үшін де көмек болады.

Интернеттің жаман жақтары:

Балалар үшін интернет тор немесе тозақ болуы мүмкін, яғни бала тәрбиесіне қауіпті жақтары бар. Көптеген  Web-сайттар құқықсыздық әрекеттерді сақтайды.

1.Құлықсыздық мәліметтерді көру арқылы жастардың жыныстық мүшелерін қоздыруға әкеліп соқтырады.

  1. Интернет арқылы танысу.Бейтаныс адамдармен танысу өте қауіпті. Өйткені ол интернет арқылы анықталмайды.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам-ол технология ауызсуына және нарық талабына сай терең білімді әрі жан-жақты.Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі-тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып,үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы,оқу процесінде мұғалімдердің рөлін ала отырып, мен өзім мұғалім ретінде жұмыс жүйемді оқушылардың өз бетінше танымдық қызметін белсенділікке жеке тұлға ретінде дамыта отыруға іскерлік пен дағдыларын қалыптастырып отыруға барлық алған теориялық білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге жетелеп отырамын.

Мен ең алдымен өзім үшін оқушылар үшін сабақтың мақсатын анықтаймын.Сабақтағы оқу материалдарымды жоспарлап отырған уақытта тапсырмалар құрастырған баланың бүгінгі сабақта алған білімін одан әрі дамыту мақсатында сабақта дамыта оқыту технологиясын пайдаланамын.

Оқушыларға ақпарат алудың көздерін түсіндіремін және интернеттегі ақпарат арқылы баланың ой өрісі мәбениеті қалыптасады.

Әр топқа бөлу.

1-ші топқа Географиялық тапсырма беру.

2-ші топқа Әдеби жазушының өмірбаяны мен шығармалары туралы ақпарат іздеу.

3-ші топқа Әлемдік мұражайларда сақталған құнды заттарды ескі қазбалар туралы мәлемет жинау.

4-ші Ел басының жолдауы, білім саласына айтылған сөздері туралы мәлемет табу.

Балалардың біріншіден интернет пен жұмыс істей алу қабілеттерін қалыптастырамын, 2-ден ақпаратты табу көздерін меңгереді, 3-ден әр топқа берілген тапсырмалар арқылы бүкіл класс жан- жақты мәлемет көзінен хабардар болады.

Мысалы: Әдебиет саласынан, мәдениет, саяхат саласынан білімдерін артады.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптасытру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам – ақпараттың қажет кезін сезінуі, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

Мектеп оқушыларының  бойына ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі.

Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның  барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық  даралығын қалыптастыру үшін  сабақта төмендегі іс-шаралардың  қолданудың маңызының зор екенін байқадым.

— Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.

— Оқытудың жаңа әдістерімен формаларын  (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану.

—  Проблемалық зерттеу, аналитикалық моделдеу  әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

— Жаңа апараттық технологияны құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекомуникация, виртуальды орта және мультимедия — технология) пайдалану арқылы оқу процесінің  материалдық  — техникалық базасын жетілдіру.

Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын  дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып – білу дағдыларын қалыптастыру отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай  білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын.

Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.

Блок-схема, графиктер, диаграмма, карта т.б.

Тірек-схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары.

Ойын арқылы оқыту, сөзжұмбақ, ребустар, логикалық есептер, тестілеу және бақылау

(СТО  жобасы  бойынша  Венн  диаграммасы, Ассоциация, кубизм, топпен жұмыс, жұппен  жұмыс,  кіріктірілген сабақ)

 

 

 

Skape бағдарламасы, интернет, деңгейлік

тапсырмалар, тест түрлері, сұрақ-жауап,

информатикалық  диктант.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,  компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,  шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады.

Бұл нұсқаның жетістігі – оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп,

Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық  технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тимділігін арттырудың маңызы зор.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам- ақпараттың қажет кезін сезінуі, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған  құралдарын пайдалана білуі керек.

Оқыту процесін компьютерлендіру үрдісі оқытушылардың қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, сабақты сапалы, жүйелі, жоспарлы болуына алып келеді. Электрондық оқулықтын ерекшілігі мынада:

интерактивті байланысты қамтамасыз етеді;

қажетті ақпаратты жедел түрде алуға жағдай жасайды;

оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Заман ағымына сай күнделікті сабақта видео, аудио қондырғыларымен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Ақпараттық қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауы мен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру оқу ісін байытады, информатиканы емес, басқада көп пәндерді оқытудың жаңаша түрлері мен тәсілдерін жетілдіруге жаңартуға мүмкіндік беретіні дәлелденген.

Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану білім берудің төмендегідей жаңа түрлерін кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктен тудырады:

  • интерактивтік сұхбат – ол қолданушының компьютермен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл арада сұхбат мәтіндік бұйрықтар мен жауаптар арқылы қарқынды түрде жүзеге асып отырады;
  • нақты объектілерді басқару;
  • экранда көрініс тапқан түрлі объектілердің құбылыстардың, процестерін үлгілерін басқару;
  • оқу процесінің нәтижелеріне автоматтық бақылау өзіндік бақылау жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша тестілеу, түзетулер енгізу.

Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың көмегімен оқытушы мен оқушының жедел қатынас жасауы қашықтан оқытудың ажырамайтын бөлігі болып табылады. Осындай қатынас жасау барысында оқушы оқытушыдан кеңес алуына жобаларды есептерді талқылауына болады. Бұл сонымен қатар, оқытушыға оқушының материалды меңгеру барысын бақылауға және оқытуды жекешелеп оқыту түрі негізінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қорытынды:

Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын.

Қазіргі заман мұғалімінен  тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, салауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаңын құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбиесіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын терең меңгерген жан болғанда ғана білім мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Сондықтан бүгінгі алдындағы талап-ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану, білімін дамыту.