Оқыту процесіндегі мұғалімнің ролі

131

Оқыту процесіндегі мұғалімнің ролі

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту — бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі оқыту жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп,оң  нәтижелер беруде.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық-    тар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Жас ұрпақ – еліміздің ертеңі, болашағы.   Ендеше, білім беру саласындағы басты міндет ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.  Сөйлесу іскерлігі, сөйлесу түрлерін оқытудың қай-қайсысы болмасын, сапалы әдіспен жалпы әдістеме мәселесіне келіп тіреледі.  Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет.  Көрнекті педагог

В. А. Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады»-деп айтқан екен. Міне, осыған сай бастауыш сыныпта оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретіні, оның мазмұны оқу тапсырмалары түрінде берілетіндігі, оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындайтын ортақ тәсілдеріне үйрету, бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайтынды- ғы, әрбір орындалған тапсырманың мақсатын анықтауы, т.б. мәселелер қамтылады. Оны іс жүзіне асыру жүйелі жұмысты қажет етеді.

Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым — оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Ең  бастысы оқу  үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Сондықтан,жаңа технологияны пайдалану дегенде, өз басым интерактивті тақтаны барынша көп қолдануға тырысамын. Бұл жағдайда интерактивті тақта көп рөл атқарады. Яғни , уақытты ұтымды әрі тимді пайдалануға мол мүмкіншілік береді. Жұмыстың көптеген түрлерін жүргізуге болады.Байланыстыра сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, практикалық жолдармен үйретуде, грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игертуде интерактивті тақтаның көмегі мол.Бастауыш сыныптарда , әсіресе 1-сыныпта суретпен жұмыс, тіл дамыту жұмыстарын барынша көптеп жүргізуге тура келеді.Мысалға, 2-сыныпта өткізген мына сабағымды үлгі ретінде алып отырмын.

Слайд кетеді осы жерде

Қосу және азайту. 23 + 7, 30 – 7

Осындай жұмыстар оқушылардың қызығушылығын тудырады.Тілді үйренуге деген ынталарын, зейіндерін арттырады.

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, алда тұрған үлкен міндет екені мәлім. Тұжырымдамада, оқу бағдарламасында оқу әрекеті ерекше аталған. Ол – заңды құбылыс. Бағдарламада сөз болып отырғандай,яғни» …оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту; жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтік ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенен іске асыру…»сынды жобалары қуантарлық жағдай. Үкімет ұсынып отырған 12 жылдық білім беруге көшу-өркениетті даму жолында еліміздің өтуге міндетті асуларының бірі.

Бастауыш сыныптардың  жетілдірілген бағдарламасы әр ұстаздан оқу мен тәрбие бірлігін қамтамасыз ету арқылы оқушылардың икемділігін , дағдыларын қалыптастыруды, бірлесе ойлау әрекетін игеруге жеткізетін дамыта оқытудың әдіс-амалдарын меңгеруді, пәнаралық байланысты іске асыруды, оқыту ісін оптималдандыру идеяларын практикаға енгізуді талап етеді. Соған сай, сабақта оқушыларды терең де тиянақты білімдермен қаруландырып, шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамытуға жетелеуіміз керек. Бұл мұғалімдер алдына білімдік және тәрбиелік міндеттен басқа оқушыларды оқу еңбегіне қызықтыру, олардың өз білімін дербес толықтыру дағдыларын дамыту мақсатын қояды.

Қазір бұрынғыдай емес, оқушылар ояу. Оларды мектеп өміріндегі оқу-тәрбие ісіне қатысты барлық нәрсе ойландырады: ұстаз мәдениеті, білігі, білім сапасы, шәкірттер мен оқушылардың достық, адамгершілік қарым-қатынастары – бәрі мазалайды.

Интерактивті тақтаныпайдалана отырып сыныбыммен «Білім мен парасат» атты интелектуалды сайыс өткіздім. Осы сайыс арқылы оқушылар әр пәндерден өз білімдерін ортаға салды.

Слайд кетеді осы жерде.   «Білім мен парасат»

 

Мектеп – білім мен тәрбие берудің орталығы. Баланың өмірге көзқарасы, дүниетанымы, мінез-құлқы да мектепте қалыптасады.

Ұстаз! Осы сөзде қаншама құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Ендеше осы қасиетті сөздің иесі болу – бақыт. Ы. Алтынсарин атамыз: «…жақсы мұғалім – мектептің жүрегі», — деген еді. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі.

Әр ұстаз шығармашылықпен еңбек ету керек. Іздену, жаңалыққа ұмтылу – бүгінгі күннің талабы. Қайта құру өзімізден, өзіміздің іс-тәжірибемізді молайтудан басталады. Ұстаз оқу мен тәрбие жұмысын ұштастыра, байланыстыра жүргізу қажет. Оқу-тәрбие жұмысы ұстаздардан білімділікті, шеберлікті талап етеді.

Білімді ұстаз ғана өз оқушысының алдында беделге ие болады. Мұғалім өз оқушыларының пікірімен санасып, бірімен-бірі өзара достық қарым-қатынаста болса, оқу-тәрбие жұмысының да алға басатыны даусыз.

Қазір мұғалімдердің сабақ берумен ғана шектелмей, білім және тәрбие жұмысын бірге жүзеге асыру талап етіледі. Мұғалімнің сабағы өмірмен байланысты әрі білімдік, әрі тәрбиелік мақсатқа сай болу керек.

Сонымен қатар оқушы да өзін-өзі басқару дәрежесінде болуы керек.

Мен өз сыныбыммен 1-ші сыныптан бері «Ана тілі сабағында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін арттыру» тақырыбында жұмыс істеп келемін.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшіндұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай білуге,практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдары ұсынылады, сабақтардың мүмкіндіктері қарастырылады.

Бастауыш сыныпта жүргізіле бермейтін шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі –өлең жазғызуға баулу. Мен бұл жұмысты 1-ші сыныптан, яғни баланың сауаты ашылыпболған соң жүргізе бастадым. Ол үшін алдымен оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға тапсырма бердім.Мысалы:

а) -у -у -у -у

жақсы оқу

ә) –ға,-ға,-ға

бардым ауылға

 

б) Ауылға барамын

Төлдерді бағамын

Осы тәртіппен басталып, кейін күрделілене түседі.

Оқушыларды шығармашылыққа үйретудің тағы бір жолы – әңгімелер, ертегілер жазғызу. Мысалы мына тақырыптар бойынша тапсырмалар берілді: «Мен қалай құмырсқа болдым», «Менің атым қасық» және ертегі жазу жұмысын бердім.

1-тапсырма:

Ссиқырлы дәріні ішіп, көзге көрінбейтін болып қалған тышқанды мысық ұстауы үшін не істеуі керек деп ойлайсыңдар?

Жауаптар:

Сиязбек Әсияның жауабы  — мысық сиқырлы дәріні ішіп тышқан тұрған жерге барып, тышқанды ұстайды деп жауап берді.

Осы тапсырмаға Ағайдарова Эльвира – Мысық бір уыс дәріні алып бөлменің ортасына төгіп қояды. Оны көрген тышқан дәнді біртіндеп ініне таси бастайды. Осылайша дәнді тасып жүргенде, мысық жаймен барып тышқанды ұстап алады жеп жауап береді.

Осылайша әр түрлі тақырыпта тапсырмалар берілді. Бұл тапсырмаларға балалардың берген жауаптары әр түрлі.

Айтылған ойды қорытындылай келе, еңбек етудің өмір сүру үшін қаншалықты маңызы бар екеніне тоқталамын.

Ана тілі сабақтарында басталған шығармашылық жұмыстар сыныптан тыс уақыттарда жалғасын тауып жатса ғана нәтижелі болмақ. Осындай жұмыстар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын, дамыту мәселесін шешеді және білімнің сапасын көтерер еді деп ойлаймын.

Ұстаз берген білімді, тәрбиені дұрыс қабылдау, көркем әдеби кітаптарды көп оқу, пәндік үйірме жұмыстарына, әдеби-драмалық, көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысу-оқушы білімі мен тәрбиесінің жоғары болуына елеулі әсер етеді. Қорытындылай айтарым, жарқын,бақытты өмір сүру үшін жастарымыз білімді, саналы азаматтар болып қалыптасуы керек.

Бұл-ұстаздарға, барлық жұртшылыққа жүктелетін ауыр да абыройлы іс. Еліміздің білімді, саналы азаматтарын тәрбиелеп шығарудан артық ұстаз үшін бақыт болмаса керек.

Уақыт талабы, кезеңі де осыны талап етеді.

Бағдарлы білім беру – оқытудың дифференцияланған және жекелеген принциптері жүзеге асатын, толық жалпы орта білімнің қорытынды кезеңі. Бұл кезеңде оқушылардың өмірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарының арқасында білімді тұлғалық анықталу мақсатында жүргізе отырып, мамандық таңдауға мүмкіндік алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кез – келген мұғалімде осы қасиеттер болса онда бұл мұғалімнің  жұмыс нәтижесі мынадай болмақ:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мына келесі сызбадан  біз нені байқаймыз?Яғни бұл жерде мұғалімнің кешегі күнге  дейінгі ұстанымдары мен бүгінгі күнгі ұстанымдары салыстырылып көрсетілген.Жалпы мектептердің барлығы дерлік 12 жылдық білім беру жүйесіне көшсе онда жұмыс жасайтын мұғалімдердің  де өмірге  деген көзқарасы өзгереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Алдына ұлы мақсат қойсаң ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ ғана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын.