Физика сабағында оқытудың техникалық құралдарды пайдалану

 

Физика сабағында оқытудың техникалық құралдарды пайдалану

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Заман талабына сай оқыту мұғалімге байланысты. Оның негізгі қасиеті — ізденгіштігі. ОТҚ-ын оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламасының маңызы зор. Бұл бағдарламаның стратегияларын ұтымды пайдалана отырып, әр оқушының өз ойын ашық айтуына, пікір таластыруына, өз тобында жұмыс жасай алуына мүмкіндік алады.

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда. Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:

Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

Білім сапасына әсері зор;

Іс әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тaпсырмаларды оқып үйренуде мүмкіндік мол.

Қазіргі уақыттағы озық техника болып табылатын компьютерлердің қолданылуына негізделген, оқудың информациялық технологиясы көптеген педагогикалық міндеттерді жаңадан шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, әр оқушынын, өзі үшін, өзінің жеке бас қабілеттері мен мұқтаждықтарына байланысты тақырыптың материалын көңіл бөле зерттеу және қайталау мақсатпенен оны таңдап алатындай жеткілікті түрде оқып-үйрену бағдарламалары жасалған. Басқа бағдарламалар, өзінің күрделілігіне байланысты мектепте қолданылуы мүмкін емес тәжірибелерді модельдеуге жағдай жасайды. Мұндай сабақтар — экономика мен біздің өміріміздің барлық жағын компьютерлеудің өте қарқынды процесін бейнелейді. Осы түрдегі сабақтар оқушыларды қызықтырады, компьютерде жұмыс істеу оқуға деген ой сезім күйді тудырады.

 

Көрнекілік принципті оқытудың техникалық құралдары арқылы жүзеге асыру

 

Еліміздің экономикасы артып, мектептердің техникалық базасы нығайып, арнайы компьютерлік технологиялармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталып, интернет, электрондық оқулық және т.б. кеңінен қамтамасыз етілуде. Осыған орай, жаңа заманның жас шәкірттерін тәрбиелеуде мұғалімдер жаңа талаптарға сәйкес компьютер мен оқытудың техникалық құралдарын пайдалана отырып сабақ өткен кезде оқушылар «Құлақ-ми» жүйесі бойынша секундына 50 бит ақпарат қабылдайды. Айналадағы қоршаған заттар туралы ақпараттың 90 %-ін көру арқылы қабылдайды, ал есту арқылы — 9%, сипап сезу аркылы — 1%. Көптеген оқушылардың есте сақтау қабілетінін ішіндегі көру қабілетінің рөлі ерекше. Бұдан адам баласы естіген ақпаратының 15 % есте сақтайды, көрген ақпараттың 25 %, ал есту және көру арқылы 65 % ақпаратты есте сақтайды екен. Сөйтіп оқушылар қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері көмегімен таниды. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары болып есту және көру мүшелері болып табылады.

Сонымен адам баласының қабылдауын терең зерттеген физиологтардың еңбегіне сүйенген психолог-педагог мамандар адамның жоғары жүйке жүйесі қызметінің негізінде оқу үлгісінде қолданылатын компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдарын тиімді пайдалана отырып, мұғалім сөзі мен сабақтастырған жағдайда сабақты меңгеру жоғары дәрежеге жетеді деп есептейді.

Педагогикада дидактика жөнінде былай делінген: дидактика — бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos-үйретуші, didaskalos — мүғалім деген үғымды білдіреді. Дидактика — білім беру мен оқытудын теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.

Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592-1670). Оның «Великая дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.

Қазіргі дидактикадағы көрнекілік принципі нақты пәндерге және оны бейнелеуге ғана қатысты емес, оның моделін жасауға байланысты болмақ. Оқытудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық-дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылыми акпараттық тұрғыдан бере аламыз.

Көрнекілік адамзат баласымен бірге сол сәттегі зат немесе құбылыстың бейнелеуден яғни ақпаратты беру қажеттілігінен пайда болған болуы мүмкін. Бұл туралы бізге дейін келіп жеткен тас үңгірлердегі, жартастардағы суреттер куә. Көрнекілікпен оқыту алғашқы мектептер пайда болғаннан бері басталады. Мектеп практикасында көрнекілікпеп оқыту элементтерін ең алғаш пайдаланған адам есімі тарихта сақталмаған. Адамдар көрнекілікпен оқытуды жазу пайда болғаннан бұрын бастаған. Ежелгі Египет, Ежелгі Рим, Ежелгі Греция мектептерінде көрнекілікпен оқыту кең қолданысқа ие болған.

Ауызша және жазбаша сөздің дамуы көрнекілікпен оқыту әдісінің таралуының бастамасына негіз болды. Кітапты жазу стилі де өзгерді, ол мағыналы және эмоциональды бола түсті. Қолжазба және басқа кітаптарда суреттер пайда болды. Мысалы, Томас Мордың «Утопия» атты кітабында Утопия аралында балаларды суретті кітаппен оқыту жайлы баяндалған. Бірақ, бұл кезде көрнекі оқыту деген термин әлі пайда болмаған, соңдай-ақ көрнекілікпен оқытудың қатаң теориялық негіздемесі жасалынбаған болатын. Көрнекі құралдар қолдану интуитивті таза көру түсініктерінен құралды. Көрнекілік принципінің негізін қалаушы, оны негіздеген чех педагогы Ян Амос Каменский. Я.А.Коменский көрнекілікке анықтама берді, оны біз «Дидактиканың алтын ережесі » дейміз. Дәл осы мектепті дамытудың ең маңызды жолдарының бірі болды, сөйтіп көптеген педагогикалық зерттеулердің баспалдағы болды.

 

Педагогикадағы дидактикалық принциптер:

  1. 1. Оқыту процесінің мақсаттылық принципі;
  2. Оқытудың ғылымилық принципі;
  3. Түсініктілік принципі;
  4. Жүйелілік принципі;
  5. Саналылық және белсенділік принципі;
  6. 6. Көрнекілік принципі;
  7. Педагогикалық процестің бағыттылық принципі.

Осылардың ішіндегі көрнекілік принципі туралы: көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Каменский, К.Д.Ушинский т.б. Осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды. К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік — балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.

Оқыту процесінде сөзбен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әртүрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше. Көрнекілік түрлері: Табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады. Заттар және бейнелеу кернекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б. Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер.

Экранды – динамикалық көрнекілік шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары. Дыбысты техникалық көрнекілікке аудио дискілер, радиоқабылдағыштар жатады. Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін колданылады.

Енді математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері жайлы айтар болсақ:

1 .Ғылымилық принципі;

  1. 2. Математиканы оқытудағы көрнекілік принципі;

З. Математиканы оқытудағы саналылық және белсенділік принципі;

  1. Математиканы оқытудағы жүйелілік және реттілік принципі;
  2. Математиканы оқытудағы түсініктілік принципі

Осы принциптердің ішіндегі математиканы оқытудағы көрнекілік принципі, ол оқушылардың оқу материалын қабылдау, талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындайды. Оқу барысының әр түрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функциялар орындайды. Математиканы оқыту практикасы бұл принципті жүзеге асыруға бағытталған арнайы құрал жабдықтар жасауды қажет етеді (геометриялық фигуралардың модельдері, кестелер, оқу диафильмдері, кинофильмдер, теледидар, микрокалькуляторлар және т.б.).

Ескеретін бір нәрсе, көрнекілікті қалай болса солай қолдана бермей, тек қажетгілігіне, тиімділігіне карай пайдалана білудің маңызы зор. Мысалы, стереометриянын алғашқы сабақтарында фигуралардың әртүрлі моделін көрсету оқушылар үшін пайдалы болады да, кейінірек олардың кеңістік қиялын дамытуға кері әсер етуі мүмкін, яғни стереометрияны үйретуде нақты көрнекілік біртіндеп «абстрактылық көрнекілікке» (жазық сызбаларды қарастыру) орын беруі тиіс.

Оқытудың техникалық құралдарының ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уакытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат келемін асырмау қажет. Оқытудың техникалық құралдары арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлай аламыз. Компьютерлік технология мен оқытудың техникалық құралдары көмегімен оқушыларға мектеп жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Оқытудың техникалық құралдары көмегімен, оның ішінде экрандық-дыбыстық құралдар көмегімен оқу материалын ғылыми ақпараттық тұрғыдан бере аламыз. Сонымен компьютер мен оқытудың техникалық құралдары төмендегі мәселелерді қамтиды:

  1. 1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпаратты бере отырып, оқу сапасын арттырады;
  2. Оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;

З. Оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

  1. Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
  2. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
  3. 6. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Оқыту құралдарын белгілеріне қарай мынадай түрлерге жіктейміз:

  1. 1. Ондағы қолданылатын материалдарға байланысты (сөздік және бейнелік);
  2. Қабылдау түрлеріне орай (көру, есту, көру-есту);

З. Материалды беру тәсіліне қарай (техникалық аппарат көмегімен немесе техника көмегінсіз, дайын кестелер, диакадр, кинотаспа);

Онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру формасына қарай (демонстрациялық құрал негізінде фронтальді және үлестірмелі бейнелік материал негізінде жеке қолдануға арналған).

Оқытудың техникалық құралдарының ішінде қабылдауға арналғандары жиі қолданылады. Олар:

  1. 1. Оқытудың экрандық құралдары;
  2. Оқытудың дыбыстық құралдары;

З. Оқытудың экрандық – дыбыстық құралдары.

Ал, компьютерлік техника (акпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдары) оқытудың басқа құралдарына қарағанда өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, қолдану мүмкіндігі де кеңірек.

Экрандық оқу құралдарына диапозитив, транспаранттар, диафильмдер, эпиобъектілер, сондай-ақ үнсіз көрсетілетін киноүзінділер мен кинофильмдер жатады.

Оқу диапозитивтері — оқу және тәрбие мақсатына қолдануға арналған бейнелер топтамасы. Оларды фотографиялық тәсілмен түссіз материалға (шыны немесе таспаға) түсіреді. Сөйтіп, диапроектор көмегімен бейнені жазықтыққа (экранға) түсіріп көрсетеді.

Транспаранттар — полиграфиялык және фотографиялық жолмен түсірілген түссіз таспадағы бейнелер. Транспоранттарды графопроектор көмегімен демонстрациялап көрсетеді.

Эпиобъекті — экранға жарық көмегімен проекцияланатын жазық объектілердегі бейнелер (сызбалар, суреттер, фотографиялар, мәтіндер және т.б).

Оқу диафильмдері — оқу ақпаратын алдын-ала тізбектей көрсету үшін кадр түрінде ені 35 мм түссіз таспаға фотографиялық жолмен әзірленген бейнелер топтамасы.

Оқытудың дыбыстық құралдары. Әртүрлі радиоқабылдағыштар мен дыбыстық жазбалар (магниттік жазбалар, грампластиналар). Оқытудың экрандық — дыбыстық құралдары оқу кинооқулықтар, оқу теледидар хабарлары, бейне жазбалар, дыбыстық диафильмдерін біріктіреді. Кинооқулық — бұл кинотаспадағы дыбыстық түрде берілетін жылжымалы объектілердің позитивтік фотографиялық бейнесі. Оқу кинооқулық қорына кинофильмдер, кино-үзінділер   жатады. Бейнежазбалар — бұл   арнайы магниттік таспа бейнемагнитофон ментеледидар камерасы көмегімен жазылған бейне және дыбыс. Теледидар экранда бейнелеу үшін қолданылады.

 

Техникалық оқу құралдарындағы сабақтастық мәселесі

 

Оқу құралдары деп мағлұмат жеткізу үшін, сондай-ақ оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің кез келген формасында өз еркінше жұмыс істеуді ұйымдастыру және оқу материалының меңгерілуін тексеру үшін мұғалім қолданатын оқу жабдықтарынын керек-жарақтарын түсіну керек. Оқу құралдары оқу жабдықтарының құрама бөліктері болып табылады. Оқу жабдықтарына оқу құралдарынан басқа оқудың техникалық құралдары, құрал-аспаптар (экран, сынып тақтасы, кронштейндер және т. б.) және мебель кіреді.

Мағлұматтарды ұсыну және оларды дайындау технологиясы бойынша оқу құралдары келесілерге бөлінеді:

  • басылымдар (оқулықтар, анықтамалар, есептер жинағы нұсқаулар, инструкциялытехнологиялық карталар, плакаттар, карточкалар);
  • экрандық (депозитивтер, диафильмдер, транспорант, кинофильм, компьютерлік әр түрлі ойындар);
  • дыбысты (грамм. және магниттік жазулар, радиотелевидение берілістер).

Оқудың техникалық құралдары оқу жабдықтарының құрайтын бөлігі болады және өзіне жүктелген міндеті бойынша мағлұматтардың техникалық құралдары, тексерудің техникалық құралдары және оқытатын жүйелер болып бөлінеді.

Оқу кұралдарындағы сабақтастық проблемасын шешу процесінде мұндай құралдардың жинақы түрде төрт аспектіде — техникалық, психологиялық, дидактикалық-әдістемелік және санитарлы-гигиеналық түрде қарастырылуы ұйғарылады.

Оқудың техникалық құралдары мен көрнекілік құралдарының жинақы түрде қолданылуының бірінші аспектісі — ұйымдастыру және экономикалық сұрақтардың шешуімен байланысты (мысалы, мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындарына инженерлі-техникалық шешім беру, оқудың техникалық құралдарын, көрнекті құралдарын жасау, техникалық тапсырмаларды және автоматтандырылған сыныптарды жоспарлауға байланысты техникалық ұсыныстарды жасауға шешім қабылдау және т.б.).

Мұндай құралдардың жинақы түрде қолданылуының екінші аспектісі — оқушылардың ұғыну және ойлауының психологиялық заңдылықтарымен байланысты. Сенсомоторлық және перцептивтік процестерді қалыптастырудың айтарлықтай үлесі көз анализаторларына келетінін психологтардың зерттеулері көрсетті. Әрине, мысалы сенсомоторлық процестерді қалыптастыруда есту анализаторларының алатын орны да бар. Егер адамның әр деңгейдегі (түйсік, қабылдау, елес) көз және есту анализаторларының жұмысын салыстырсақ, онда мұндай салыстырудың пайдасы көз жүйесіне болатынын көруге болады.

Оқу құралдарының жинақы түрде қолданылуының үшінші аспектісі — дидактикалық шарттармен және олардың ұсынылуының әдістемелік тәсілдерімен байланысты. Қайсыбір материалдар мен құралдарды және басқа да көрнекі материалдар мен оқудың техникалық құралдарын іріктеп алу әр уақытта оқып-білушілердің танымдылық мүмкіншіліктеріне сәйкес келу керек, оқудың мақсаты, міндеті және мазмұнына, сабақ беру мен сабақ алудың ұйымдастыру формалары мен әдістеріне сүйену керек.

Оқу құралдарын жинақы түрде қолданудың төртінші аспектісі (соңғы уакытқа дейін, өкінішке орай бұған аз назар аударылып отыр) — оқу процесін ұйымдастырудың маңызды жақтарын бейнелейді (мұғалімдер мен оқушылардың оқу бөлмелеріндегі және оқу-өндіріс шеберханаларындағы жұмыс орындарының лайықты түрде жарықталғандығына қойылатын белгілі нормативтік талаптарды сақтай білу; зерттелетін объектілердің қолайлы қарсыластығы (контраст), оқып-білушілердің көз алдында жарықты қолайлы болатындай қылып үлестіру және т. б.).

Оқу құралдарындағы және оқудың техникалық құралдарындағы сабақтастық деп оқудың мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, әдістеріне және дидактикалық тәсілдеріне байланысты құралдар мен оқудың техникалық құралдарын ұтымды түрде іріктеуді, ескірген құралдарды педагогика ғылымы мен практиканың осы заманғы талаптарына сай құралдармен ауыстыруды айтады.

Оқу құралдарындағы сабақтастықты әбден толық жүзеге асыру, кабинеттері мен шеберханаларының материалды-кеңістіктік ортасы және материалды-техникалық жабдықталуы қазіргі заманғы инженерлік-психологиялық талаптарды, сондай-ақ, жалпы білім беретін және кәсіби-техникалық мектептердін материалды-техникалық базаларына қойылатын педагогикалық талаптарды қанағаттандыратын оқу орындарында ғана мүмкін болады. Мұндай талаптар мен дидактикалық мүмкіншіліктер зерттеушілердің еңбектерінде жеткілікті түрде толық баяндалған Оқу құралдары мен техникалық оқу құралдарындағы сабақтастық оқудың материалды-техникалық басып оза даму принципін, оқудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру формалары дамуының прогрессшіл тенденциясын қанағаттандыру керектігін, ғылым мен өндірістің қазіргі уақыттағы өзара әрекеттесуінің сипатын бейнелеу керектігін атап өтеміз.

Қазіргі уақыттағы озық техника болып табылатын компьютерлердің қолданылуына негізделген, оқудың информациялық технологиясы көптеген педагогикалық міндеттерді жаңадан шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, әр оқушынын, өзі үшін, өзінің жеке бас қабілеттері мен мұқтаждықтарына байланысты тақырыптың материалын көңіл бөле зерттеу және қайталау мақсатпенен оны таңдап алатындай жеткілікті түрде оқып-үйрену бағдарламалары жасалған. Басқа бағдарламалар, өзінің күрделілігіне байланысты мектепте қолданылуы мүмкін емес тәжірибелерді модельдеуге жағдай жасайды. Мұндай сабақтар — экономика мен біздің өміріміздің барлық жағын компьютерлеудің өте қарқынды процесін бейнелейді. Осы түрдегі сабақтар оқушыларды қызықтырады, компьютерде жұмыс істеу оқуға деген ой сезім күйді тудырады.

 

Физика сабағында электрондық оқулықтарды қолдану

 

Ізденімпаз, жаңашыл мүғалімнің шығармашылығындағы ерекшелік, оның сабақты түрлендіре өткізіп, оқушының жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір сабақ мұғалімнің ізденісінің нәтижесін көрсетеді. Күнделікті сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өткізсе, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Сонымен бірге сабақта компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану өте тиімді. Білім берудің кез-келген саласыңда «Электрондық оқулықты» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.

 

Сабақты жаңа ақпараттық технологиямен оқыту – білім сапасының кепілі

 

Білім беру — оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат — жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау көкжиектерін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу.

Елбасы Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

ХХІ-ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

Қазіргі кезде Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы (РБАО) негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты 4 бөліктен :

  1. Мақсаттық компоненті – модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль –жергілікті, жүйелік және функционалдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын «түйіні» болып саналады;
  2. Мазмұндық компоненті – гипермәтін арқылы жүзеге асады. Гипермәтін – терминдерден, ұғымдардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқу ортасы. Мәтіндерді қазақ, орыс тілінде дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейне материалдарымен, медиаобъектілермен толықтырылған;

З. Операциялық компоненті – интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады;

  1. Нәтижелік бақылау компоненті – тест алу жолымен немесе бақылау жұмысымен жүргізіледі. Электрондық окулықта тесттің екі түрі берілген: бір дұрыс жауабы немесе бірнеше дұрыс жауабы бар.

Тест соңында оқушы өзі қателескен сұрақтарды тексеріп көре алады және бағасын да көреді. Білім беруде «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сызба нұсқалары арқылы береді. Оқулықтың ерекшелігі әрбір тақырып қажетті суреттермен көркем безендірілген. Оқушылар білімі автоматты түрде бағаланады. Физика пәнінен 11 сыныпқа арналған электрондық оқулықта барлық материал 7 модульге бөлінген.

Олар:

  1. Электрамагниттік индукция;
  2. Электромагниттік тербелістер;

З. Электромагниттік толқындар;

  1. Жарық толқындары;
  2. Салыстырмалық теорияның элементтері;
  3. 6. Жарық кванттары;
  4. Атом және атом ядросы.

Әр модуль қысқаша теориялық кіріспеден, суреттермен анимациялық материалдардан, есеп шығару үлгілері мен өз бетінше шығаруға арналған есептерден және бақылау жұмысынан тұрады. Оқушылар үшін — электрондық оқулықтар мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Оқулық – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе. Бұл оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалды қарап шығуға мүмкіндік береді. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу де әрбір оқушының бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады. Модульдерде берілген алгоритм оқушыларға өз бетімен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып, белсенділігі арта бастайды. Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді. Физиканы эксперименттік ғылым дейтін болсақ – кейбір мектеп лабораториясының көлемінде түсіндіру мүмкін емес құбылыстар мен тәжірибелер жетерлік. Оларды компьютер көмегімен көруге болады. Мысалы: ғарыштық және микроәлемдік масштабтағы құбылыстар, өте тез немесе баяу жылдамдықта өтетін процестер т.б. Осы ойымды дәлелдеу мақсатында компьютерді қолдану арқылы 11 сынып окушыларымен өткізген кезекті сабақ барысынан мысал келтірейін. Сабақтың тақырыбы «Тізбекті ядролық реакция». Дәстүрлі әдіс бойынша мұғалім уран ядросының ыдырауы туралы түсіндірген кезде, оқушылар сабақ барысында түрлі-түсті плакаттардан жай ғана статикасын көреді. Құбылыстың динамикасын көрсете алмайды. Бұл кезде оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, ойлап, тақырыпты ұғуға ғана көңіл бөліп отырады. Ал мен ұсынып отырған әдіс бойынша сабақты толық, жан-жақты түсіндіргеннен кейін оқушыларға компьютерлік модельдерді пайдаланып ядроның ыдырауы мен тізбекті реакцияның пайда болу шарттарының динамикасы көрсетіледі. Соның арқасында оқушылар нейтрондардың көбею коэффициенті к> 1 болса, онда уақыт өткен сайын нейтрондардың санының артатындығын немесе тұрақты болып қалатынын, тізбекті реакция жүретінін байқайды, ал нейтрондардың көбею коэффициенті k < 1 болғанда нейтрондардың саны уақытқа байланысты азаяды да, тізбекті реакцияның өтуіне мүмкіндік болмайтынын көреді. Тізбекті ядролық реакция — күрделі құбылыс, оның өтуіне көптеген факторлар әсер етеді. Сондықтан, бұл құбылыстар мен факторларды ЭЕМ-нің көмегімен зерттеу үшін оқушыға көп уақыт кетіру қажет емес. Реакцияның өзі көрнекі түрде ЭЕМ-нің экранында көрінеді, ал мектеп жағдайында осындай нақты практикалық эксперимент өткізу мүмкін емес. Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады:

— Оқушылардың өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді;

.   — Басқа пәндерден алған білімін бекітуге көмектеседі;

— Жалпы танымдық қабілетінің дамуына әсер етеді;
— Материалды тез меңгеруге, онымен бірге уақыт үнемдеуге;

— Табиғи жағдайда көзге көрінбейтін кейбір құбылыстарды экранда көруге мүмкіндік береді.

1-модуль «Электромагниттік индукция»

МодульТақырыптарыСағат саны
№1.1.1 Айнымалы магнит өрісі. Магнит ағыны. Электромагниттік индукция құбылысы1
1.2 Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі1
1.3 Өздік индукция құбылысы. Индуктивтілік.1
1.4 Магнит өрісінің энергиясы. Энергия тығыздығы.1
Есептер шығару2
Бақылау жұмысы № 11

1.1-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Айнымалы магнит өрісі. Магнит ағыны. Электромагниттік индукция құбылысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға айнымалы магнит өрісін, магнит ағынын және электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:

  1. Айнымалы магнит өрісін біледі.
  2. Магнит өрісінің бағытын анықтай біледі.

З. Оң бұранда ережесін біледі.

Сабақтың жоспары:

а) Ұйымдастыру бөлімі.

б) Жаңа сабақ түсіндіру. Компьютермен жұмыс.

в)Үйге тапсырма беру.

г) Сабақты бекіту, оқушыларды бағалау. 10-сыныпта оқыған Ампер заңын, магнит индукциясының векторын, күш сызықтары туралы білетін шамаларды сұрап, тексеру. Оқушылар электрондық оқулықпен жұмыс жасайды. Тыныштықта тұрған электр зарядтары өзінің маңында электр өрісін туғызатыны тәрізді, қозғалыстағы электр заряды, немесе басқаша айтқанда, тогы бар өткізгіш өзінің маңындағы кеңістікте өрістің басқа түрін – магнит өрісін туғызады. Ондағы медиаобъектілермен жұмыс жасап, қорытындысын дәптерлеріне жазады. Магнит өрісінің бар екендігін әр түрлі тәжірибелер дәлелдейді. Соның бірі Эрстед тәжірибесі.

Тогы бар өткізгіштің маңында туындылайтын магнит өрісінің индукция векторының бағытын оң бұранда ережесі бойынша анықтайды.

Ампер күшінің бағытын сол қол ережесі бойынша анықтайды. Электромагниттік құбылыстарды одан әрі зерттеу үшін магнит индукциясы векторының бір нүктедегі мәнінен ғана емес, сонымен қатар оның тұйық контурмен шектелген беттің аралық нүктелеріндегі мәндерінен тәуелді болатын магнит ағыны деп аталатын шаманы енгізу қажет.

Эрстед тәжірибесі электр тогы өзінің маңындағы кеністікте магнит өрісін туғызатынын дәледдейді. Бұл дерек, өз кезегінде электр және магнит өрістерінің арасында қандайда бір байланыс бар екенін нұсқағандай. Осымен байланысты мынадай сұрақ туындайды: «керісінше, магнит өрісі электр тогын туғыза ал ма?» Бұл сауалдың жауабын 1831 жылы ағылшын ғалымы М. Фарадей берді. Өткізгіштің тұйық контурын тесіп өтегін магнит ағыны өзгерген кезде, ол өткізгіште электр тогы пайда болатынын көрсетті. Бұл құбылыс электромагниттік индукиия құбылысы деп, ал сәйкес контурда пайда болған ток индукиялық ток деп аталды.

Сабақты бекіту сұрақтары:

Ампер күшінің бағытын қалай анықтаймыз?

Магнит ағыны дегеніміз не?

Электромагниттік индукция құбылысы қалай тұжырымдалады?

Үйге: №1,2 есептер.

1.2-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі. Электромагниттік индукция заңының энергетикалық негіздемесі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды иңдукциялық токтын бағытын анықтауға болатын ережемен таныстыру.

Көрнекілігі: тұйық және тұйық емес (үзігі бар) сақина, магнит, катушка, гальванометр, жалғағыш сымдар.

Күтілетін нәтиже:

  1. 1. Электромагниттік индукция заңын біледі.
  2. Ленц ережесін анықтайды.

З. Индукциялық токтың бағытын анықтай алады.

  1. формуласын біледі.

Сабақтың жоспары:

  1. Қызығушылықты ояту.

Тәжірибе жасау. Түйық және тұйық емес сақинаға магнит жақындату арқылы құбылысты байқау.

  1. Мағынаны тану. Жаңа сабақ түсіндіру.

З. Ой қозғау.

Есептер шығару. Сөзжұмбақ құрастыру.

Сабақтың 1-бөлімі бойынша тәжірибе жасап көрсету. Оқушылардың ойын тыңдау. Неліктен сақина қозғалады? Оқушылардың жауабын тыңдау. Қосымша мұғалім түсіндіреді. Содан соң, оқушылар электрондық оқулықпен жұмыс жасап, компьютердегі тәжірибелерді жасайды. Электромагниттік индукция құбылысы кезінде тұйық контурда индукциялық токтың тууы, бұл тізбекте осы токты туғызатын индукция электр қозғаушы күшінің (ЭҚК) пайда болатындығының дәлелі. Электромагниттік индукция заңы осы индукия ЭҚК-нің мәнінің неге байланысты болатындығын анықтайды. Бұл заңға сәйкес тұйық контурда пайда болатын индукция ЭҚК-і, сол тұйық контурмен қоршаған бетті тесіп өтетін магнит ағынының өзгеру жылдамдығының теріс таңбамен алынған мәніне тең, яғни . Бұл өрнектен контурды тесіп өтетін магнит ағыны неғұрлым тез өзгерсе, (артса немесе кемісе) соғұрлым индукция ЭҚК-нің модулі де үлкен болатындығы көрініп тұр. Индукциялық токтың бағытын анықтауға мүмкіндік беретін жалпы ережені 1833 жылы Э.Ленц ашқан. Ленц ережесі электромагниттік құбылыстарды энергияның сақталу заңының салдары болып табылады. Мұны жаңағы сақинамен жасаған тәжірибе айқын көрсетеді. Индукциялық токтың энергиясы өз кезегінде өткізгіштерді қыздыруға жұмсалуы козғалатын әр түрлі механизмдердің механикалық энергиясына айналуы және энергияның басқа түрлеріне ауысуы мүмкін. №3,4,5 есептерді жалғастырады. Өткен тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастырып, сабақ бекітіледі. Оқушыларды бағалау. Үйге: есептерді аяқтау.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Өзгеру жылдамдығы дегеніміз не?
  2. Ленц ережесін түсіндіріңдер?
  3. Электромагниттік индукция заңының өрнегі қалай жазылады?

1-модульде берілген есептер жинағы

  1. Ауданы 50 см2 жазық бет, индукциясы 0,4 Тл магнит өрісіне осы өрістің күш сызықтары перпендикуляр болатындай етіп орналастырылған. Осы бетті тесіп өтетін магнит ағынын анықтаңыз.

Жауабы: 2 мВб.

  1. Индукциясы 0,04 Тл болатын біртекті магнит өрісінде қабырғасының ұзындығы 5 см квадрат рама оның жазықтығы магнит индукциясы векторымен 30° жасайтындай етіп орналастырылған. Осы рама жазықтығын тесіп өтетін магнит ағынын анықтаңыз.

Жауабы: 0,05 мВб.

З. Индукция 0,05 Тл магнит өрісінде индукция векторына перпендикуляр орналасқан ұзындығы 1 м стержень бір ұшы арқылы индукция векторына параллель осьтің маңында айналады. Осы стержень әрбір айналымда қиып өтетін магнит ағынын анықтаңыз.

Жауабы: 157 мВб.

  1. Ұзындығы 1,5 м түзу өткізгіш индукциясы 2 Тл болатын біртекті магнит өрісінде орналасқан. Өткізгіштегі ток күші 3 А. Ток бағыты мен магнит индукциясы векторының арасындағы бұрыш 300 . Өткізгішке әсер ететін күшті анықтаңыз. Жауабы: 4,5 5.
  2. Ұзындығы 10 см түзу өткізгіш индукциясы 0,01 Тл болатын біртекті магнит өрісінде орналасқан. Өткізгіштегі ток күші 20 А. Егер өткізгішке 102Н күш әсер ететін болса ток бағыты мен индукция вскторы бағыттарының арасындағы бұрыш қандай болғаны ?

Жауабы: 300.

  1. 6. Өткізгіш индукциясы 48 мТл болатын горизанталь бағытталған магнит өрісінде тепе-теңдікте тұр. Өткізгіштегі ток күші 23 А. Ток бағыты мен магнит Егер өткізгіштің массасы 0,0237 кг болса оның ұзындығы қандай болғаны ?

Жауабы: 0,242 м.

  1. Орамдарының саны 500-ге тең шығырды тесіп өтетін магнит ағыны 5 мс ішініде 7 мВб-ден 3 мВб-ге дейін кемиді. Осы кезде туындайтын индукция ЭҚК-нің мәнін табыңыз

Жауабы: 400 В.

  1. Орамдар саны 200-ге тең шығырда 120 В-қа тең индукция ЭҚК-і туындаса ондағы магнит ағыны қандай жылдамдықпен өзгергені ?

Жауабы: 0,6 Вб/с.

  1. Ұзындығы 0,5 м өткізгіш индукциясы 8 мТл магнит өрісінде индукция векторына перпендикуляр жазықтықта орналасқан. Ол осы жазықтықпен өзіне перпендикуляр бағытта 5 м/с жылдамдықпен қозғалса оның ұштарында қандай потенциалдар айырымы пайда болады ?

Жауабы: 20 мВ.

  1. Ұзындығы 0,2 м өткізгіш индукциясы 0,2 Тл магнит өрісінде оның күш сызықтарына перпендикуляр жазықтықта 50 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Егер айналу осі өтізгіштің бір ұшы арқылы өтетін болса, оның ұштарында пайда болатын потенциалдар айырымы қандай ?

Жауабы : 0,2 В.

1-модуль бойынша бақылау жұмысының сұрақтары

  1. 1. Эрстед твжірибесіңде кандай құбылыс байқалады?

а) тогы бар өткізгіштің әсерлесуі

б)    екі магнит тілшесінің әсерлесуі

в)тогы бар өткізгіш пен магнит тілшесінің әсерлесуі.

г) шығырдың ішіне тұрақты магнитті сұққанда тізбекте токтың пайда болуы.

  1. Магнит индукциясының өлшем бірлігі?

а) Гн;  б) А;   в) Вб;   г)Тл.

  1. 3. Магнит индукциясы векторы бағыты ретінде қандай бағыт таңдап алынған.

а)  магнит өрісінде еркін тұрған тілшенің оңтүстік ұшынан солтүстік ұшына қарайғы бағыт.

б) магниг өрісінде еркін тұрған тілшенің солтүстік ұшынан оңтүстік ұшына қарайғы бағыт

в) магнит өрісінде еркін тұрған тілшенің ұшына перпепдикуляр бағыт.

г)  магнит өрісінде еркін тұрған тілшенің айналу жазықтығында кез келген бағыт.

  1. 4. Ленц ережесі нені анықтайды?

а) тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің мәнін

б) тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағытын
в)тогы бар өткізгіштің маңында туындайтын магнит өрісі индукциясы векторының мәнін

г) индукциялық токтың мәнін

д)    индукциялық токтың бағытын.

  1. 5. Берілген тізбектегі өздік индукция ЭҚК-і ненің
    салдарын
    ан туындайды?

а) сыртқы магнит ағынының артуынан

б) өткізгішке ток тудырып отырған магнит өрісі ағынының өзгеруінен

в) магнит өрісі ағынының кездейсоқ өзгеруінен

г) сыртқы магнит өрісі ағынының кемуінен.

  1. Магнит ағынынын өлшем бірлігі?

а)Вб;   б)Гн;   в)Тл;   г)Ф;   д) В.

  1. Магнит өрісінің күш сызықтары?

а) Оң зарядтан басталып шексіздікке кетеді

б) Шексіздіктен бастап теріс зарядқа келіп тіреледі

в) Оң зарядпен басталып, теріс зарядқа келіп тіреледі

г)    Тұйық

д) Теріс зарядтан басталып, шексіздікке келеді

  1. Катушканың ұзындық бірлігіне келетін орамдарының санын екі есе арттырсақ оның индуктивтілігі қанша есе артады?

а) 4 есе артады; б) 2 есе артады; в) 2 есе кемиді;

г) 4 есе кемиді; д) 3 есе кемиді.

  1. 9. Шығырдың магнит өрісінің энергиясы қай жерде шоғырланған?

а)    шығырдың ішіндегі кеңістікте

б) шығырдың сыртындағы кеңістікте

в) шығырдың өткізгіш сымдарында

г) ешқандай жерде шоғырланбайды

д) жауаптардың ішінде дұрысы жоқ

  1. Магнит өрісінің индукциясы екі есе кемісе осы өрістің энергиясының тығыздығы қалай өзгереді?

а) 4 есе артады; б) 2 есе артады; в) 2 есе кемиді; г) 4 есе кемиді.

 

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда. Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:

Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

Білім сапасына әсері зор;

Іс әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тaпсырмаларды оқып үйренуде мүмкіндік мол.

Технология сөзі біріншіден — өнер, шеберлік деген ұғымның синонимі ретінде педагогикалық шеберлік деген ұғымды білдірсе, екіншіден, білім беру ісін технологияландыру арқылы жан-жақты дамыған, өзіне сенетін, өмірге икемді тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі мектеп пән мұғалімнің мақсаты, міндеті де осыған келіп тіреледі. Баланың ішкі мүмкіндіктерін тани білу, оның сыртқа шығуына түрткі жасау оңай процесс емес. Ақпараттық технологиядан іздену – осы мәселелердің шешімін іздеу деген сөз.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Дрига И.И., Рах Г.И. Технические средста обучения в общеобразовательной школе.   М. Просвещение,1983.
  2. Коджаспирова А.В. Методика использования технических средств. М. Просвещение, 2005.
  3. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика, Астана. 1998. 200-219-беттер.
  1. Шаповаленко С. Г. Вопросы теории и практики создания и использования учебного оборудования в советской общеобразовательной школе. — М: Педагогика, 1973. — 144 с.
  2. Шахмаев Н. М. Дидактические проблемы применения технических средств в средней школе. — М.: Педагогика, 1973. — 268 с.
  3. Ефимов Э. М. Школьникам о телевидении. — М.: Просвещение, 1986. —160 с,
  4. Методологические проблемы совершенствования взаимодействия науки и производства /Отв. Ред. А. П. Деревянко. — Новосибирск: Наука, 1985. — 604 с.
  5. Методические рекомендации по использованию технических средств в учебно-

воспитательной работе общеобразовательной школы /Под ред. С. Г. Шаповаленко, Л. П.

Прессман. — М.: Изд-во НИИ ШОТСО АПН СССР. 1985.-98 с.