Ауа райы

99

Сабақтың тақырыбы: Ауа райы

 

Сабақтың мақсаты: Ауа райы туралы түсінік бере отырып, оның өзгеру себептерін ашып, болжау түрлеріне тоқталу. Ауа массаларының түрлерімен таныстырып, олардың ерекшеліктерін  түсіндіру.

 

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктер арқылы түсіндіру.Әңгімелесу, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: Ауа-райын бақылауға қажетті құралдар немесе суреттері. Жарт шарлар физикалық картасы. синоптикалық карта.

 

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

                           ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. /сұрақ-жауап арқылы жалпылама сұрау/

Атмосфера тарауы бойынша шолу сұрақтарын пайдаланып өткен материалдарды оқушылардың қаншалықты түсінгендігін анықтаған жөн.

  1. Атмосфера дегеніміз не?
  2. Ауа температурасын қандай құралмен өлшейді?
  3. Орташа температураны қалай анықтаймыз?
  4. Амплитуда дегеніміз не?
  5. Атмосфералық қысым дегеніміз не?
  6. Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейміз?
  7. Ауадағы су буын өлшейтін құрал?
  8. Бұлттың түрлері.
  9. Атмосфералық жауын-шашын түрлерін ата.
  10. Жел дегеніміз не?
  11. Желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейтін құрал?
  12. Желдің түрлерін ата.
  13. Желдің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?

 

                          ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Жоспары:

  1. Ауа райы дегеніміз не?
  2. Ауа райының элементтері мен құбылыстары
  3. Ауа массалары
  4. Ауа-райын болжау

« Ауа-райы»  дегеніміз — Тропосфера қабатының белгілі бір жердегі, белгілі бір уақыттағы ауаның жай-күйі.

Ауа-райын анықтау үшін оның негізгі элементтері — температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым олардың күйіне қарай бір-бірімен тығыз байланыста.

Осы элементтерге жеке-жеке тоқталамыз.

Ауа райының құбылыстарына жауын-шашын, жел, тұман, бұлт жатады.

Ауа-райы уақыт ішінде өзгеріп тұрады. Оның элементтері мен құбылыстарының барлық өзгерісі басқасының да өзгерісін тудырады.

Тропосфераның бір-бірінен қасиеті (температурасы, мөлдірлігі, ылғалдылығы) жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөлігі ауа массалары деп аталады. Әрбір ауа массасы мыңдаған, тіпті миллиондаған шаршы шақырым жерді алып жатады.

Ауа массаларының қасиеті  ең алдымен олардың белдеулік орнына байланысты. Пайда болатын ендіктеріне қарай әр жарты шарда 4 түрлі негізгі ауа массасы ажыратылады.

  1. Экваторлық ауа
  2. Тропиктік ауа
  3. Қоңыржай ауа
  4. Арктикалық немесе антарктикалық ауа

Жергілікті жердің ауа-райына сипаттама беру барысында ауа-райын қорытындылау қажет.

 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

  1. Ауа райы дегеніміз не?
  2. Ауа райының элементері мен құбылыстарын ата.
  3. Ауа массаларының түрлері.

Жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмалар орындалады.

ІV. Үйге тапсырма. «Ауа райы» тақырыбын оқу. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды аяқтап келу.

 

Оқушылар бағаланады.