Ақмола облысының рекреациялық ресурстары және маңызы.

401

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы

Ақсукент елді мекені

№ 93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектеп

 

 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы :

   

Ақмола облысының рекреациялық ресурстары және  маңызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

География пән мұғалімі      Умиджан Маминов

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ……………………………………………………………………………………….

 1 Туристік – рекреациялық іс- әрекеттердің теориялық- әдіснамалық негіздері …………………………………………………………………………

  • Туристік- рекреациялық іс – әрекеттердің теориялық әдіснамалық аспектісі………………………………………………………………………………………………….
  • Туристік рекреациялық зерттеулердің теориялық әдіснамалық мәселелері…………………………………………………………………………………..
  • Туристік- рекреациялық ресурстарды пайдалану және дамыту жолдары…………………………………………………………………………………….
  • Табиғи туристік- рекреациялық ресурстар…………………………………………………………………………………
  • Рекреациялық ресурстардың халық шаруашылығындағы маңызы…………………………………………………………………………………….
  • Туристерге көрсетілетін қызметтің сапасы мен мәні………………………………………………………………………………………..
  • Ақмола облысының туристік- рекреациялық ресурстары және оның негізгі даму бағыттары (Бурабай мысалында) ………..

 

  • Ақмола облысының физикалық географиялық жағдайы ……………
  • Бурабай туристік- рекреациялық ауданының физикалық географиялық жағдайы…………………………………………………………..
  • Бурабай курортты аумағының дамуы………………………………………
  • Бурабай курортты аумағының даму бағыттары……………………………
  • Бурабайдың қазіргі кездегі экологиялық жағдайы………………………..

Қорытынды ………………………………………………………………………………..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………..

Қосымшалар………………………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

Берілген жұмыста біз табиғи аймақтардың туризмдегі рөлі мен орны және қазіргі замандағы қолданылуы, сақталуы мен дамуы жөніндегі өз ойымызбен бөліскіміз келеді. Қазіргі әлемге тән – белгілердің бірі- өркениет дамуының маңызды факторлары ретінде қалыптасып келе жатқан табиғат пен қоғамның күрделі объективті заңдарына бағынатын бұқаралық сипаттағы туризмнің қарқынды дамуы болып табылады.

Шығармашылық жұмыста сонымен қатар Қазақстанның жер жаннаты – Бурабай туристік-рекреациялық аумағын толық қарастырылған және бұл аймақтың туристік- рекреациялық потенциалына талдау жасалған.

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Берілген  жұмыста біз табиғи аймақтардың туризмдегі рөлі мен орны және қазіргі замандағы қолданылуы, сақталуы мен дамуы жөніндегі өз ойымызбен бөліскіміз келеді.Қазіргі әлемге тән белгілердің бірі өркениет дамуының маңызды факторлары ретінде қалыптасып келе жатқан табиғат пен қоғамның күрделі объективті заңдарына бағынатын бұқаралық сипаттағы туризмнің қарқынды дамуы болып табылады. Туризмнің мәні- бір жағынан адамдардың рухани және физикалық күш- қуатын қалпына келтіруге қажетті демалысты ұйымдастырудың әдістер мен формаларын қарастыратын болса, екініші жағынан туристер қаржысы есебінен дамитын экономиканың тиімділігі жоғары саласы болып саналуында өз үлесімізді қосу.

Қазіргі кезде тұрақты даму әлеуметтік экономикалық категориядан басқа қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану мен қатар туризм саласының қалыптасып дамуына өзіндік байланысы бар. Бүгінде елдің экономикалық дамуы экологиялық, географиялық, туристік факторлармен тығыз байланыста. Қоғамның әлеуметтік экологиялық туристік даму моделдері ғылыми тұрғыдан жан- жақты зерттелуде.

Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген өңірлеріне деген сұраныс күннен- күнге артып келеді. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік- рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликтативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, елемізде туризмді тұрақты дамыту қамтамасыз етуге деген көзқарас туризмді біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, аталған саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінді мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ.

Қазақстандағы туризмнің жай – күйін талқылаған қатысушылардың айтуынша Қазақстандағы туризм  саласындағы кәсіби қызмет көрсету жетіспейді, ақпарат аз, жарнамасы мардымсыз. Мамандардың айтуынша туризмнің Қазақстан брендісінің дамуына үлес қоса алмай отырғандығы туризм ошағы  саналуы тиіс өлкелерде инфрақұрылым нашар. Сонымен қатар біздегі бір мәселе Қазақстан туризм жаз маусымында ғана істелетін жұмыс болып есептелінеді. Міне осы мақсатпен Қазақстанның жер жаннаты – Бурабай туристік- рекреациялық аумағын толық қарастырсақ.

Бүкіл Қазақстандағыдай Бурабайда да осы жағдайлар бағыланып отыр. Бурабайдың геоэкологиялық жағдайы бұрынгы ТМД елдерінің ориентациясын сипаттайды. Бұл елдер туристік жүйе бойынша өздеріне тиіспелі бөлік  шамасын үлкейтуде. Соымен қатар қазіргі уақытта осы заманға сәйкес және бәсекелеуші туристік жобаларды құрастырушы болып табылады. Бурабай әкімшілігі және туризм комитеті аймақ үшін  болашағы  зор туризмнің альтернативтік формасының негізгі концепциясын қарастыруда. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл-ауқатының артуы» атты жолдауында «тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын,машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет ету саласын, туризмді, оның ішінде экологиялық туризмді бұрыннан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз», «жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабилеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық тәртібімен айтатын болсақ- ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін шешеміз, бұл қазіргі кезде ерекше және маңызды нәрсе» деген.Кедейшілік және жұмыссыздыққа қарсы мәселелерін көтере отырып, Президентіміз өз стратегиясының маңызды мәселесі ретінде қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді дамытуға негізделгенін атап көрсеткен болатын.

Зерттеу мақсаты: Қазақстан туристік- рекреациялық ресурстары және Бурабай туристік – рекреациялық аймағының потенциялын анықтап оның экологиялық жағдайына сипаттама беру

 

Зерттеу міндеттері:

  • Туристік – рекреацияылқ іс- әрекеттердің әдіснамалық аспектісі;
  • Туристік- рекреациялық зерттеулердің теориялық әдіснамалық мәселелері:
  • Туристік- рекреациялық ресурстарды пайдалану және дамыту жолдары;
  • Бурабай ауданының физикалық географиялық ерекшеліктерін талдау;
  • Бурабай курортты аумағының туристік- рекреациялық потенциалын анықтау;
  • Бурабай арнайы экономикалық ауданынның даму перспективасы;
  • Бурабай аумағының геоэкологиялық жағдайын қарастыру;

 Зерттеудің әдістемелік негізін ғылыми әдебиеттердегі талдау әдістер, статистикалық келтірулер және білім беру диалектикалық әдістері құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Туристік- рекреациялық іс- әрекеттердің теориялық- әдіснамалық негіздері.

  • Туристік- рекреациялық іс – әрекетттердің теориялық әдіснамалық аспектісі.

Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама берілуі керек. Көптеген авторлар туризмге анықтама теруге тырысты. Әр пікір өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір «оптимум» таңдау өте қиын.

1980 жылы Манила декларациясы «Туризм- халықтар өмірінде маңызыд орын алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданына, мемлекет өміріне және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі» (Филиппин, Қазан 1980 жыл) деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы туризмге кең анықтама берді; «Туризм-бұл өзінің «тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, 1 жылдан аспайтын уақытта демалу, іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі»».

Халықаралық туристік  Академия баспасында берілген анықтамада (Монте Карло): Туризм – көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай да бір көлік түрімен жасалатын саяхат.

П.Г.Олдактың пікірінше, жинақтап айтқанда: «Туризм- бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың қозғалысы, демалу емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер мақсатында саяхаттау» — дейді. Қазіргі күнге дейін «туризм» түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты анықтамасы жоқ.Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбр жақтарын қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал екіншісінде – әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген. Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл адамдардың қоғамдық-экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен түсіндіріледі. Бұрынғы КСРО кезінде тірікшілік деңгейінде барлық әрекеттің әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да түсінікті. Кәсіподақ жолдаманы өзі төлеп немесе арзан бағамен және көрсетілген қызметін тегін ұсынып отырды.

Қазір «туризм» терминін кең және терең түсіндіру керек. Біздің ойымызша туризм анықтамасы 2 бағытта берілуге тиісті географиялық және экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік- аумақтық кешенділік қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.

 

 

 

Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген. Г.А.Папирян: «Туризм – ол қызметтер жиынтығы, оларды тұтыну барысында ғана байқаауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы өндірілмейді» — десе, П.В.Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы – халық шаруашылығы құрылымында ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын қанағатттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы болса,онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты болады деген ұғымды қалыптастырады.

Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәніне нақты анықтаманы сұраныс пен ұсыныс жағынан қарастыруға болады. Сұранысқа ішкі және халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа  көлік,туристік көрікті жерлер және бос уақыт түрі, туристік объектілер, қызмет көрсету жүйесі және инфрақұрылымы, сондай-ақ жарнамалық анықтамалық қызметі жатады.

Біздің ойымызша «Туризм- рекреация, емдік, танып білу және әр түрлі туристік іс-әрекеттер жиынтығымен байланысты адамдардың уақытта және кеңістіктегі қозғалысы».Бұл анықтама географиялық мәнге ие. Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші болатын және әсер факторлары бар. Олар: экономикалық – әлеуметтік — географиялық- демографиялық – саяси  — этникалық – құқықтық болып келеді. Сондықтанда қазіргі кезде туризм – экономика, шаруашылық саласы, бизнес,кәсіпкершілік, таным спорт және демалыс деп атау орынды.

ХХ ғасырдың 60 жылдарында физикалық география мен экономикалық география аралығында демалыс және туризм географиясы қалыптасты. Кейінірек осы термин рекреациялық география болып аталды. Рекреация термині көпсалалы мағынаны білдереді. Ол тек адамдардың тіршілік әрекетіне ғана байланысты емес, қоршаған орта, кеңістігіне де байланысты. Демалысты және туристік іс – әрекеттерді ұйымдастыруда табиғат жағдайлары мен ресурстық қорына баға беру, туристік нысандарды ландшафтық геожүйе жағдайында сараптай отырып географиялық зерттеулердің барлық сапаларының нәтижелерінің барысында, маусымдық, климаттық, ландшафт өзгерістері мен әртүрлі антропогендік және табиғи апат салдарынан қорғау жұмыстарын ғылыми тұрғыда зерттеу қажет.

Туристерді бірегей ландшафт, табиғат құбылыстары мен көріністері, сонымен қатар табиғат ресурстарының алуан түрлігі қызықтырады. Ал рекреациялық іс – әрекеттерді жүзеге асыруда туризмге қажетті материалдық техникалық база, тұрғын жайлар, көлік түрлері инфрақұрылымдық салалардың дамуы қажет.Бір сөзбен айтқанда, туризм инфрақұрылымы географиялық зерттеу нысандарына жатады. Онымен экономикалық және әлеуметтік география саласы айналысуға тиісті. Туризм географиясындағы аумақтық рекреациялық жүйе географиялық жүйе негізінде құрылғандықтан көпшілік жағдайда біржақты қарастырылуда. Аумақтық географиялық жүйе бір бірімен тығыз байланыстағы жүйе асты құрылымдардан тұрады. Олар табиғи, мәдени кешендер, инженерлік құрылымдар, қызмет көрсетушілер тобы, басқарушылар мен демалушылардан тұрады. Туризм адамзат қоғам өміріндегі күрделі әрі көпсалалы пайда болған құбылыс. Ол ең алдымен «кеңістік әлеуметтік экономикалық құбылыс». Батыс экономика ғылыми туризмді күрделі экономикалық әлеуметтік жүйе ретінде, ал оның құрамындағы туризм индустриясын басты компоненті ретінде қарастырады. Егерде, туризм көпқырлы, көпсалалы құбылыс ретінде қарастырсақ неге жаратылыстану, қоғамдық, гуманитарлық т.б. ғылым салаларымен байланысын, оларға тигізетін ықпалын кемсітеміз.

Туризм географиясының қалыптасып дамуына В.С.Преображенский,Ю.А.Веденин, В.Даринский т.б. физикалық география және оның салаларын зерттеушілерінің мақалалары мен зерттеулерінен көреміз. Әдебиетттермен ғылыми мақалаларды талдау барысында география ғылымы оның салаларының туризмді тұрақты дамытуға қосар үлесі зор екендігі байқалады.

Туристік іс – әрекеттер ең алдымен географиялық қоршаған ортамен тікелей байланыста. Тек география табиғи әлеуметтік экономикалық процестерді кеңістік аумақтық тұрғыда зерттейді, сипаттайды.Барлық экономикалық әлеуметтік экологиялық нысандар аумақтық процесстер мен оның табиғи тарихи құрамында тікелей қатысты. Сондықтанда туризм географиясы туристік іс – әрекеттердің барлық салаларын қамтуына орай табиғи  — географиялық, әлеуметтік – экономикалық, экологиялық, тарихи, археологиялық т.б. салалармен байланыстылығына қарай, тек экономикалық географиялық пән ретінде қарастыруға болмайды.

Қазіргі кезде тұрақты даму әлеуметтік экономикалық категориядан басқа қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстық әлеуеттін тиімді пайдалану мен қатар туризм саласының қалыптасып дамуына өзіндік байланысы бар. Бүгінде елдің экономикалық дамуы экологиялық географиялық, туристік факторлармен тығыз байланыста. Қоғамның әлеуметтік экологиялық туристік даму моделдері ғылыми тұрғыда жан жақты зертелуде.

Жаһандану дәуірінде  қоғам дамуының көп құрамбөлік (компонент) кешенін қалыптастыруда жалпы теориялық әдіснамалық зерттеулер өте қажет. ХХ ғасыр бойында адамзат болашаққа онша көңіл бөлмеді.Тіршілік даму қауіпсіздігі барысында тұрақты даму идеясы пайда бола бастады. Ол ХХ-ХХІ ғасырлар түйісінде анық зерттеу нысанына айналғанын көреміз. Тұрақты дамуға көшу ұзақ мерзімді қажет ететін, күрделі және көп векторлы процесс. Бұл ғаламдық проблеманы шешуде әртүрлі ғылым салалары мен мамандарын қатыстыру қажет. Болшақ тұрақты даму моделдерінде және өндіріс салаларын аумақтық орналастыруда ең басты сегменттердің бірі адам  мен қоғамның әлеуметтік қажеттілігі ескерілуі тиісті, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану, жергілікті тұрғындардың әл ауқатын арттыру көзделеді.

Тұрақты даму моделдері ішінде өндіріс орындарын соның ішінде  туристік рекреациялық іс – әрекеттерді ұйымдастыруда аумақтық орналастыру қазіргі және болашақта жоғарыдағы өзекті мәселелерді шешуде рекреациялық шаруашылықты дамыту бағытындағы зерттелетін тақырыптар көп.

Туризм индустриясы терминінің анықтамасын берейік: «Туризм және туризм индустриясы» түсінігі ұқсас және бір мағыналы сияқты. Ғылыми әдебиеттерде ғалымдар бұл терминге әр түрлі анықтама береді. «Туризм индустриясы» түсінігі өте  көлемді және қиын. КСРО кезінде оған бірінші рет П.Г.Олдак анықтама берген: «Туризм индустриясы туризм қызметін сату және құруға маманданған қызмет көрсетуші мекемелермен немесе туристердің төлеу қабілеттілік сұранысын қанағаттандыруға мамандандырылған экономиканың бөлек саласы».

С.Р.Ердәулетовтың ойынша туризм индустриясы туризмнің шаруашылық деңгейін анықтайды. «Туризм индустриясы» таза экономикалық категория болып табылады. И.В. Зорин, В.А.Квартальнов туризм индустриясын шаруашылық құрылымның дербес звеносы деп анықтады; кешенді салалар мен бөлімдерден құралған экономикалық жүйе, олардың функциялары демалыс және көңіл көтерудің барлық түріне қиын және әр түрлі сұранысты қанағаттандырумен шектеледі.

Біздің ойымызша «туризм индустриясы – бұл табиғаттағы рекреациялық байлығына  сүйенетін,  сервис инфрақұрылымының барлық формалары кіретін демалу және көңіл көтеруге қоғамның сұранысын қанағаттандыратын қиын, шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтің көпқырлы жүйесі».

«Туризм және туризм индустриясы» терминінің анықтамасы  жалпы қабылдағаннан бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың айырмашылығы теориялық бағыттың «Туризм» терминіне географиялық тұрғыдан және «Туризм индустриясы» терминіне экономикалық тұрғыдан қарау. Туризм бұл саяхат, ал саяхат – ғасырлардан қалыптасқан түсінік, олар саяхатшы- географтармен жасалған географиялық ашылулар. Сондықтан туризм – бұл таза географиялық түсінік болып алғашқыда қалыптасты.

«Туризм индустриясының» экономикалық мәні бар. Индустриясы сөзі үлкен өнеркәсіп деген мағынаны білдіреді (лат. «industria» — қызмет). «Туризм индустриясын» экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сиымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты. Ол туризм менеджменті мен маркетингі т.б. ғылым салаларымен қатысты. Сондықтанда туризм индустриясы және туристік іс – әрекетттер арасындағы байланысты табу үшін оның ерекше қасиеттеріне тоқталамыз.

«Туризм индустриясының» ерекше қасиеттері : туристік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдылық және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп көрсету керек. Туризм индустриясының оң жақтарына :

  • ЖІӨ құрылымында туризмнен түскен табыстың өсуі;
  • Аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы;
  • Туризм сферасында жұмыс істейтіндердің көбеюі;
  • Экономиканың басқа салаларымен бәсекелестіктің артуы;
  • Аудандардың білім және ғылым әлеуетінің өсуі;
  • Агломерацияға антропогенді әсердің азаюы;
  • Инвенстициялық бағдарламалардың тез өтелуі;

Теріс жақтарына :

  • ЖІӨ құрамында табыстарды иррационалды үлестіру;
  • Өндірістік инфрақұрылымның кейбір салаларының стагиациясы;
  • Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы;
  • Туризм индустриясында техникалық мамандандырылған кадрлардың азаюы;
  • Игерілмеген табиғи аумақтарға антропогенді әсердің өсуі.

Біздің атап өткен туризм индустриясы дамуының оң және теріс жақтары тұрақты емес, олар біздің ұлттық экономикамыздың жаңа секторларының қалыптасуына байланысты өзгертіліп және толықтырылып тұрады.

Туристік – рекреациялық табиғи, экономикалық потенциалы
Туризмді басқаратын мемлекеттік орган

 

 

 

 

Ғылым және білім ҒЗИ жоғарғы оқу органдары
Туристік фирмалар және агенттіктер
Туризм инфраструктурасы
Туризм индустриясы Туристік рекреациялық іс- әрекеттер
Жарнамалық ақпараттық мекемелер БАҚ

Сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 Қазақстан туризм индустриясының құрылымы

  • Туристік рекреациялық зерттеулердің теориялық әдіснамалық мәселелері.

Туристік іс әрекет көңіл көтеру, таным мен кәсіптік мүдені, демалудың  белсенді түрлерін, емделуді қамтамасыз етумен қатар «транспортық қызметті, тамақтану, орналастырудағы қажеттілікті қанағаттандыруды талап ететін тұтынушылық сұраныстың жаңа түрін енгізуде».

Қазіргі кездегі туризм толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтегу болады; яғни туризмнің ұлттық мәнділігі; қанағаттандырылуы туристік саяхатқа байланыстырылған негізгі қажеттілік;саяхатқа пайдаланылатын негізгі қозғалыс қалаларды; саяхаттың ұзақтығы; топ құрамы; ұйымдастыру түрлері; туристік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және т.б.

Туризм келесі түрлерге бөлінеді.

  1. Рекреациялық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамның күш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр.
  2. Діни туризм. Туризмнің бұл түрі әр түрлі діндегі адамдардың діни қажеттілігіне негізделген. Діни туризм екіге бөлінеді: а) діни мерекелерге мешіттерге, шіркеулерге бару; б) әулие жерлерге бару;
  3. Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге бару мақсатында келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.
  4. Конгрессті туризм. Ол түрлі шараларға, оның ішінде конференцияларға, сипозиумдарға, съездерге, конгрестерге және т.б. қатысу мақсатындағы туристік сапарлар қатусыға байланысты ұйымдастырылады.
  5. Өткенді аңсау мақсатындағы туризм. Тарихи өмір сүру аясында осы орындарға бару қажеттілігіне негізделген.
  6. Өз бетінше ұжымдастырылған туризм. Саяхаттың бұл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т.б. айналысатын активті демалуды сүйетіндерді біріктіреді.Туризмнің бұл түрінің айрықша ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын қажет ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес, туристердің өздері туристік – спорт клубтарымен және біорлестіктермен біріге отырып ұйымдастырады.
  7. Іскерлік мақсаттағы туризм. Туризмнің бұл саласына әр түрлі серіктестіктермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады.
  8. Танымдық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізін, әр түрлі бағыттарда білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды.
  9. Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі қажетттілік жатыр, осыған байланысты; активті және пассивті түрге бөлінеді. Активті спорт туризміне спорттың белгілі түрімен айналысу қажеттілігі, ал пассивті туризмге белгілі бір спорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады.

Қозғалыс құрамдарына байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді.

  1. Жаяу туризм. Туризмнің бұл түрін ішкі туризмде кеңінен тараған.

Тәжірибе жүзінде бір туристік саяхатта транспорттың бірнеше түрін пайдалану да ұшырасады, мысалыға, ұшақ- автобус, темір жол- автобус және т.б. түрлерін айтуға болады.

  1. Автобус туризм. Туризмнің бұл түрінде саяхат автобусы қозғалыс құралы ретінде пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Автобустық турлар туристік – экскурциялық (транспорт туры, ұсынатын қызметтің барлық түрін, яғни тамақтану, экскурсиялық қызметті ұсынумен) және «денсаулық автобусы» деп аталатын – серуендік туры болуы мүмкін (бір күндік автобус)
  2. Велосипед туризмі. Туризмнің бұл түрін туристердің шектеулі контингенттері ғана пайдалана алады.
  3. Автокөлік туризмі. Туризмнің бұл түрі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап дамыды. Қазіргі кезде ол кеңінен таралуда.
  4. Әуежол туризмі. Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені туристердің баратын жерлеріне тасымалдау уақытты үнемдейді. Мысалы 1960 жылдан 1980 жылға дейіннің өзінде туризмде қолданылатын үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланылатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған – әуе сапарларына бөлінеді.
  5. Теплоход (су) туризмі. Туризмнің бұл бағыттар өзен және теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді (ұзақтығы бір тәуліктен аса жалға алынған кемедегі саяхат) болады. Олар порттар тоқтамауы да мүмкін.

Өзен бағыттары – өзен параходтары кемесін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Оларға : бір тәуліктен ұзаққа өзен су қайығын жалға алып саяхаттау мен ұзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу мақсатындағы экскурциялық серуендер жатады.

Круизді және туристік – экскурссиялық сапарларды ұйымдастыру үшін негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады. Барлық жағдайы жасалған теплоходтағы су туризмнің артықшылығы туристердің орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен, көңіл көтерумен қамтамасыз етілуінде.

  1. Теміржол туризмі. Туризмнің бұл түрі ХІХ ғасырдың 40- шы жылдарынан бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлігіне қолайлы болады. Қазіргі кезде теміржол мен транспроттың басқа түрлері арасында бәсекелестікте болып тұрады.

Туризм сонымен қатар саяхаттау уақытына байланысты маусымдық және маусымдық емес болып бөлінеді.
Саяхаттың ұзақтығына байланысты туризм ұзақ  және қысқа мерзімді болады. Топ құрамы бойынша:

  • Жаппай туризм
  • Жеке туризм (туризмнің бұл түрі көбінесе іскерлік, ғылыми және сауықтандыру туризмі шеңберінде жүргізіледі).
  • Жанұялық туризм.
  • Жастар туризмі.
  • Балалар туризм (жастар және балалар туризмді елдің ішіндегі және әр түрлі елдер арасында туристік айырбас есебінен кеңінен таралуда)

Туристік өнім бағасын құрау принципін анықтауға байланысты коммерциялық және әлеуметтік туризм болып бөлінеді. Әлеуметтік туризм мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық құрылымдарға жеткілікті ақшалай қаражаты жоқ тұрғындардың әр түрлі деңгейіне демалуға мүмкіндік беру мақсатында белгілі жеңілдіктерді ұсынады. Мысалы: зейнеткерлер, студенттер, төменгі деңгейде жалақы алатындар және т.б.

Әйгілі американ социологы Т.Бертон бос уақытты өткізу сипатына, яғни туристік демалыс моделіне, әсер ететін факторлардың үш тобын бөледі:

  • Технологиялық (жаппай коммуникация құралдары)
  • Институттық (заңдылық)
  • Әлеуметтік – экономикалық (демография, кіріс шамасы, мамандық)

Өз кезегінде бос уақытты өткізу сипаты туризмді дамытуға әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып  есептелінеді.

Туризмнің дамуына  әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді.

Статикалық табиғи – географиялық факторлар жиыны жатады. Өйткені ол тұрақты мәнге ие, себебі адам туристік қажеттілікке тек бейімделіп қана қоймай оны пайдалануға ыңғайланады. Табиғи – климаттық және географиялық факторлар өз мазмұнын әдемі, бай табиғаттан, климаттан, жергілікті рельефтен, жер асты байлығынан да статикалық факторлар жатады.

Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік- динамикалық, материалды – техникалық және саяси факторлар жатады. Олардың мәні уақыт және кеңістікте өзгеретін әр түрлі шамада болуы мүмкін. Жоғарыда аталған бөлулерден басқа туризмге әсер ететін факторлар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Факторлардың бұл тобы құрамына : тұрғындардың жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяның кірісінің өзгеруі, жалғы басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және жанұя құру тенденциясы, тұрғындар құрамындағы баласыз жұптар санының өсуі, иммигарция шегінің қысқаруы жатады.

Жоғарыда аталған көрсеткіштер туризмнің дамуының объективті әлеуметтік – демографиялық жағдайын жасайтын тұрғындардың бос уақыт құрылымына әсер етеді. Сондықтан да туризмді дамыту бағдарламасын жасағанда тұрғындардың уақыт қоры мен бос бюджеті құрылымын анықтау керек болады.

Тұрғындардың бос уақыт құрылымы :

а) қоғамдық өндірістегі еңбек

б) физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру уақыты

в) үй шаруашылығындағы еңбек

г) білім алуға келетін уақыт шығыны

д) еркін уақыт

Туризмге әсер ететін сыртқы факторларға : экономикалық және қаржы жағдайлары (төмендеуі) : жекелей кірістің көбеюі (азаюы), демалуға бөлінген кіріс бөлігіне байланысты жоғары туристік белсенділік: туризм мен саяхат шығындарын жабуға бөлінген қоғамдық қаражат үлесінің өсуі жатады.  Туризмнің дамуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторларға сонымен қатар тұрғындардың білім, мәдениет, эстетикалық қажеттілік деңгейлерінің өсуі де жатады. Эстетикалық қажеттілік элементі ретінде адамдардың әр түрлі тұрмысымен, тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру жағдайымен танысу құштарлығын айтуға болады.

Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық реттеу өзгерістері : технологиялық өзгерістер : транспорт инфрақұрылымы мен сауданың дамуы, саяхаттаудың қауіпсіздік жағдайларының өзгеруі жатады. Ішкі (эндогендік) факторлар – бұл туризмге тікелей әсер ететін факторлар. Оған ең бірінші материалды – техникалық факторлар жатады. Олардың бастысы орналастыру объектілерінің, транспорттың, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, бөлшек сауданың және т.б. дамуымен байланысты.

Ішкі факторға туристік нарықтың төмедегі факторлары жатады.

а) ұсыныс, сұраныс және тарату факторлары (қазіргі нарықтық қатынастардың ерекшілігі ретінде туристік өнімге деген сұраныстың тұрақты сұранысқа айналуын, сонымен қатар жеке туризмнің өсуін айтуға болады)

 

 

б)  нарықты сегменттеу ролінің өсуі (аймақ ішінде жаңа туристік сегменттердің пайда болуы, саяхатқа баратын жерлердің қашықтығының ұлғаюы, демалыстың әртүрлілігі және т.б.)

в) туристік қызметпен монополия процесіндегі сәйкестік ролінің өсуі (көлденең интеграцияны күшейту, яғни ірі фирмалардың орта және кіші фирмалармен серіктік қатынастарының өсуі: туристік одақтары құра отырып тікелей интеграциялау және т.б.)

г) туризмдегі кадрлар ролінің өсуі (жұмысшылар санының өсуі, маманданған құрылымның дамуы, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және т.б.)

д) жеке туристік кәсіпкерліктің ролінің артуы

Жоғарыда келтірілген факторлар өз кезегінде экстенсивті, интенсивті және негативті болып бөлінеді. Экстенсивті факторлар: жеке адам іскерлігін көтеру, маманданған іскерлік құрамды дамыту;

ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін пайдалана отырып материалды базаны техникалық жетілдіру; қолда бар материалдық ресурстарды тиімді пайдалану және т.б.

Негативті факторлар: тұтыну заттарына бағаның өсуі; жұмыссыздық; ақшаның тұрақсызыдығы; жеке тұтыну көлемінің қысқаруы; қолайсыз экологиялық жағдай, туристік фирмалардың банкротқа ұшырауы және т.б.

Туризмнің дамуына негативті әсер ететін факторларға мысал  ретінде мына жағдайды келтіруге болады: қызмет көрсету тарифының тұрақсызыдығы; туристік қыхмет көрсетуге бағаның тұтасымен өсуі; қонақ үй қызметінің нашарлауы; сапардың ұзақтығының, оған кететін шығынның қысқаруы; шетелде шығу сұранысының төмендеуін айтуға болады. Бұл факторлар осы жағдайларда өздерін әлсіз сезінетін әлеуметтік және жастар туризміне маңызды әсерін тигезеді. Қазіргі кезде негативті факторлар Қазақстанда туризмнің дамуына үлкен кері әсерін тигізуде.

Республикамыздың Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған: «Қазақстан – 2030» жолдауында қызмет көрсету, оның ішінде тікелей қатысы бар салаларды дамытудағы ұзақ жылдық мақсаттар мен оны жүзеге асырудағы нақты міндеттер көрсетілген.
 

 

 

 

 

  • Туристік – рекреациялық ресурстарды пайдалану және дамыту жолдары.

Ақмола  обылысының кең байтақ даласында тарихи, табиғи рекреациялық аймақтар жеткілікті. Тарихи ескерткіштер, орманды, таулы осы секілді көптеген көрнекті көз тоймайтын жерлер де аз емес. Сол өңірлерге туристерді, әсіресе шетел туристерін көптеп тарту қажет.

Туризм – көңіл жайланып демалу ғана емес. Дәл бүгінгі уақыт талабымен қарағанда, ол – таң қалдыру. Таң қалдыра білу әдісі және ірі бизнес. Сіз әлемді таң қалдыра аласыз ба? Әлемнің назарын өзіңізге аудара аласыз ба? Бұл  — туристік рынокка кірген әрбір елдің көкейін мазалаған сұрақ. Неліктен, осы рыноктағы бәсекелес мемлекеттер өз демалыс аймағын ұысынып қана қоймай, таң қалдыру тәсіліне көшіп кетті? Себебі, жылдан – жылға, күннен – күнге туризм күшейіп келе жатыр. Бәсеке де артты. Ал, дүниежүзі бойынша әрбір мемлекетке табыс алып келуі жағынан туризм үшінші орында тұр. Және туризм сол елдің инфрақұрылымын халықаралық деңгейде дамыта алады. Мысалы, әуе жолы, темір жолы, автокөлік жолы, қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану орындары, құжат толтыру үстелі, тағы басқа барлығы 32 саламен тығыз байланыса ілгері жылжитын туризм – алпауыт елдермен нық тіре алатындай, тіпті бәсекеде басып оза алатындай болу керек.

Ұлттық туризмді дамытуға үш фактор негіз бола алады: бірінші – табиғи бай ресурс және тарихи – мәдени нысандар,  екінші – қаржы, үшінші – еңбек ресурстары. Ақмола облысының қазіргі ахуалында бұл үш тетікті де қолға  алуға болады. Оның үстіне  туризм айналып келгенде инфрақұрылымға келіп тіреледі. Ал, инфрақұрылымды халықаралық стандартқа сәйкестендіру аса маңызды шаруа. Ақмола облысында шетелдік туристер ағынын ұлғайту мүмкіншілігі көп. Қазіргі кезеңде шетелден келетін туристер ағынының аз болуының басты себебі туристік бағдарлама мен мәліметтердің жан – жақты, кең көлемде болмауы, қызмет көрсетудің төменгі деңгейінде болуына байланысты деп түсіндірумізге болады.

Осыған байланысты дүние жүзіндегі елдер арасында саяси және мәдени байланыстарды нығайту, кеденді қолайлы ету, визалық жасандықты жою, қызмет сапасын жоғарылату және таңдаудың мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде көптеген жұмыстар атқару керек.

Осы мәселеде, біз туризм жүйесін дамытуға арналған келесі критерийлер мен қызметтерді ұсынамыз:

  • Мемлекет және Үкімет тарапынан туризмнің дамуына көмек және демеу көрсетуді қамтамасыз ету;
  • Осы мақсаттарға жету үшін заңда көрсетілген нормативті құқықтық базаны нығайту және тапсырманың орындалуын қатаң қадағалау;
  • Аталған саланы ең жоғары дәрежеде қаржыландыру және материалдық – техникалық базаны көтеру;
  • Туримзге инвестиция ағымын көбейту үшін қаржы — несиелік жүйені күшейту;
  • Туристік инфрақұрылымдарды халықаралық стандарттар дәрежесіне көтеру;
  • Шетелдерде өкіметтіктер мен елшілер көмегімен еліміз туралы толық ақпаратпен қамтылған тур орталықтар ашу мәдени – тарихи этнографиялық мұраларын, табиғат әсемдігін танытатын (ғаламтор арқылы) жарнамалар беріп, кеңінен насихаттау;
  • Болашақта Ақмола облысының туризмінің сәтті дамуына кепіл болатын жоғары білікті, кәсіби шебер маман даярлау;
  • Осы заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясын қалыптастыру үшін ұйымдастырушылық және инновациялық негіздерді дамыту;
  • Қазақстан туризм индустриясында маркетинг және менеджментін дамыту және қолдану.

Осы  таңда Ақмола облысы туризм индустриясы қалыптасу кезеңінде болғандықтан, көптеген өзгерістерге ұшырау үстінде. Барлық туристік қызмет салаларында еңбек бөлінуі, туристік фирмалар жұмысының мамандандырылуы секілді жаңа ұйымдастыру қызметі ізденіс үстінде.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі туристік қызметі мемлекеттік реттеу және қолдану жүйесін дамытудан, қазақстандық туристік өнімнің маркетингінен және ілгеріленуінен, экологиялық туризм тұрақты даму факторынан, балалар мен жасөспірімдер туризмі – ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетті тәрбиелеудің негізін қалаушы факторларының бірінен, кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінен және туризм саласын ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етуден, туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтан және халықаралық маңызы бар  туризм саласындағы «белсенді» жобаларды іске асырудан тұрады. Алайда туризм саласындағы түйін тек қаржыға тіреліп тұрған жоқ. Жергілікті тұрғындардың өз елінде демалуы үшін ең алдымен инфрақұрылымды жақсарту қажет. Мамандардың да, қарапайым халықтың да пікірі осындай.

 

  • Табиғи туристік – рекреациялық ресурстар.

    Табиғат зонасының таулы аймақтарында таулы жермен жаяу жүру, спорттық және спорттық сауықтыру мақсаттағы әртүрлі базалар болады. Орта- таулы аймақтардың табиғаты мен ауа –райы жағдайы бұл жерлерде туризм мен демлудың, спорттың қысқы түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Елімізде тропиктік және экваторлық климаттық белдеуден басқа белдеулердің барлығы бар. Климаттық факторлар мен минералды су көздерін, емдік батпақ орындарын қамтитын емдік – ресурстық фонд, емдік – сауықтыру туризмі мен рекреациялық шаруашылықты дамытуға жол ашады.

Сауықтыру туризмнің ресурстраы Ақмола облысында қолайлы ландшафтық – климаттық жағдайлармен, жайлы кезеңнің ұзақтығымен, жетілген көл –өзен жүйесінің болуымен, жылы теңіз жағалауымен, туристік – рекреациялық қызметтің түрлері; қыдыру, суға түсу, жағажай, су спортын дамытуға арналған орындардың болуымен анықталады. Қолайлы кезеңнің ыстық (комфорт), салқын (субкомфорт) және суық (дискомфорт) күндердің санымен есептеледі.

Туризм жүйесінің көп қырлы функцияларының біріне оның рекреациялық ресурстары жатады. Рекреациялық ресурс деп – рекреациялық сұранымды қанағаттандыруға негізгі технологиялық компоненті болып есептелетін, рекреациялық салаға тартылған объектілерді  адамдардың дене және рухани күштерін, оның денсаулығы мен еңбек ету қабілетін қалпына келтіріп, арттыруға ықпалды және де курор пен туристік қызметті тұтыну мен өндіруге, сондай –ақ туризмнің әртүрлі түлерінің сұранымдарын қанағаттандыруға қатысты қолданылатын табиғи және мәдени – тарихи кешендер мен оның элементтерін айтамыз.

Туризмде қолданылатын мақсатты рекреациялық ресурстар қатарына:

  • Емдік демалыс ресурстары; минералды су, емдік батпақ, климаттық жағдайларды (орман, дала, теңіз және т.б.);
  • Сауықтыру туризмінің ресурстары; ландшафты климаттық жағдайлар, қолайлы жыл мезгілінің ұзақтығы, көлдік – өзендік, теңіз жағасы, суға түсу маусымын;
  • Спорттық туризм ресурстары:табиғи ортаның өлшемдері, оның өзіне тән ерекшеліктері;
  • Экскурсиялық туризм ресурстары: тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттың көрікті орындары этнографиялық және шаруашылықтық объектілер, музей және тағы басқаларын жатқызуға болады.

Рекреациялық ресурстардың жоғарыда келтірілген анықтамалары мен туризм индустриясын дамытудың Ұлттық бағдарлама мен Жібек Жолындағы тарихи орталықтарды қайта жаңғыртудың Мемлекеттік бағдарламасы, сонымен қатар әртүрлі заң күші бар актілердегі терминологияларға сүйене отырып, рекреациялық ресурстарға төмендегілерді жатқызуға болады :

  • Адамдардың өмір сүру ортасы мен оған тәуелді емес табиғи – жаратылыс жүйесі ретіндегі табиғи – рекреациялық ресурстар;
  • Мәдениеттің ұрпақтан – ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін этникалық топ, ұлт, азаматтық қоғамдастық, азаматтық өркениеттің тарихи мәдени адамдардың қолдан жасаған немесе өңдеп жатқан табиғи ландшафт;
  • Қайта қалпына келтірудегі адамзат дамуының ежелгі цивилизациясының тарихи және этно – мәдени орталықтарын; көлік және ақпараттық коммуникация, орналыстару, тамақтандыру, сауықты ұйымдастыруды қамтитын әлеуметтік – мәдени ресустар;

Табиғи  кешендерді туристік қызмет өндірісіне пайдалануда табиғат ресурстары шешуші фактор болып саналады.

Табиғи жағдайдың сипаттамасы туристік кешен, жол және  бағыттарды айқындайтын фактор болып есептеледі. Себебі туристердің демалу мен саяхатқа шығу маршурттарын таңдауда табиғи ресурстар шешуші рол атқарады.

Туристік шаруашылықты ұйымдастыруда қайсы бір территорияның жерінің маңызы ерекше. Туристер көбінесе ландшафтар мен ауа – райы, өсімдіктер әлемінің сан қилылығы, аң мен балық аулау мүмкіндіктері,сондай-ақ демалуден спорттың тиімді түрлерімен айналысуды қалайды.

Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтардағы көрікті орындар әсемдігі, туристерді тартатын, өзіндік ерекшеліктері, ауасының тазалығы альпинизм, тау шаңғысы мен аң аулау және т.б. істермен шұғылдануға ыңғайлы маршурттар ашуға сұраныстар туғызғанымен, туристік объектілер мен коммуникация құрылыстарын жүргізу көптеген техникалық – экономикалық қиындықтарға кездеседі,алайда сондай қиындықтарға қарамастан жұмсалған шағын тез арада –ақ өзінің орнын толтыратыны белгілі.

Рекреациялық ресурстар – бұл тек қана ТМД елдерінде тараған түсінік. Оның маңызы мен жіктемесі жайлы біздің елемізде де шет елдерде де бірыңғай анықтамасы жоқ. Дүниежізілік туристер ұйымының Бас Ассамблесының IV  сессиясында мақұлданған туризм Хартиясында «табиғат, жасандық» мәдени сондай – ақ «туристік» табиғаттық ресурстар деген ұғымдар қоладанылған.

Рекреациялық ресурстар жөніндегі әртүрлі терминологиялық айырмашылықтар болғанмен олардың барлығы да оған белгілі бір объектілер мен құбылыстарды: табиғи ландшафттық компоненттерін, тарихи – мәдени заңдылықтар мен кешендерін, халықын қолданбалы және көркем шығармашылығының этномәдени құндылықтарын, инфрақұрылымын, еңбек ресурстарын және басқаларды құрастырады.

Рекреациялық ресурстар мен туристік ресурстардың ұғымдары өздерінің мәндері жағынан өте жақсы ұғым, олар адамдардың демалуы, мен рекреацияға танымдық және коммуникативтік танымдарын қанағаттандыруға қатысты қарастырылады.

Осы объекті мен құбылыстар жиынтығын шатастырмау үшін туристік рекреациялық ресурстар деп қарастыру дұрыс болып отыр.

Туристік нарық қызметінің саласын таңдауда немесе оның ары қарай, жетіспеуіне базистік факторға туристер жағынан толастатпайтындай табиғи географиялық ресурстардың болуы жатады. Табиғи жаратылыстық ресурстарға технологиялық құрамдық, жайлылық, сыйымдылық, тұрақтылық, кешендік және т.б. жатады.

Технологиялық жарамдылығына қарай ресурстар екі топқа бөлінеді; біріншісі технологиялық міндетті, екіншісі этнологиялық міндетті емес, яғни мүмкіндік туғызушы ресурстар.

Технологиялық міндетті немесе қажетті ресурстарсыз туристік – рекреацияылқ қызметті елестетуге болмайды. Туристік нарықта жетілдіруде технологиялық қажетті ресурстар болуы қажет. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан обылысының экологиялық туризм ресурстарына әсем табиғи комплекстің болуы, ал тау туризмі мен альпинизмге – тау тізбегі мен шатқалдардың бірегей массалардың болуы жатады. Технологиялық міндетті ресурстар толық демалу мен рекреациялық мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді, бірақ барлық уақытта ең тиімді мүмкіндік болып санала бермейді. Сұранымды толық қанағаттандыру үшін өзіне тән орта, жан –жақты әсемдік, жарасымдылық қалыптастыратын бірнеше ресурстар комплексі, яғни мүмкіндік туғызатын ресурстар болуы қажет.

Технологиялық міндетті және мүмкіндік жасаушы ресурстардың үйлесімділігі демалушылардың сұранымын барынша қанағаттандыратындай туристік – рекреациялық ресурстар кешенін қалыптастырады.

Технологиялық міндетті рекреациялық ресурстар рекреациялық ресурстың өзі немесе мақсатты бағыттағы ресурстар (емдік сауықтыру және т.б.) болып  және рекреациялық емес, бірақ та технологиялық қажеттілігі бар (орман қалындығы, судың көптігі т.б.) ресурстар болып екіге бөлінеді.

Табиғат кешенінің жайлылығы бұл демалу мен туризмнің нақты бір түріне деген сұранымның ресурсқа деген сәйкестілік деңгейін анықтайтын қасиетке негізделген.

Табиғи ресурстардың көлемі туризмнің нақты бір түріне немесе рекреациялық жұмыстардың циклына орай анықталады.

Табиғи ресурстарды пайдалануды реттеп отыру туристік қызмет технологиясына аса  қажетті, сондай –ақ табиғи ортадағы экологиялық тепе – теңдікті сақтауға лайықты шара болып есептеледі.

Табиғи ландшафты этикалық тұрғыдан бағалағанда табиғаттың маусымдық динамикасы, жер қырытсының жеке – жеке сипаттамасымен, басып жататын кезеңнің ұзақтығымен, орманның заңдығы, судың молдығы сияқты ерекшеліктері есептелінеді.Табиғи ресурстардың мақсаттылығы белгілі бір ауданның шаруашылық салаларына қарағанда осы туризм саласына пайдалану арқылы түсетін әлеуметтік – экономикалық пайдамен айқындалады. Туристік қызметке құнды

табиғи – рекреациялық ресурстарды тартуда кәсіпкерлерден қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдалануға қатысты біліктілікті талап етеді.

Мемлекеттің табиғи – қорықтық қорындағы ерекше қорғалатын аймақтардағы туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік ұйымдастырушылық негіздері Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары» Заңында қарастырылған.

 

  • Рекреациялық ресурстардың халық шаруашылығындағы маңызы.

«Рекреация» және «туризм» бұлар бір – бірімен өте тығыз байланысты түсінік. «Туризм» және «турист» әдебиетте ең алғаш рет ХVІІІ ғасырдың соңында пайда  болды оны тек  ХІХ ғасырдың аяғы әсіресе кең қолданыла бастаған кезі ХХ ғасыр болды. Зерттеушілердің айтуынша «туризм» және «турист» терминдері француз тілінен шыққан, ең алғаш рет бұл терминдер ХVІІІ ғасырда Британ аралдарында қолданылған.Туристік шаруашылықты тікелей және қосалқы деп екіге бөлуге болады. Олар өзара тығыз байланысты және ажырамас бірлекте.

Бірінші топқа: Туристерге қызмет көрсетуге арналған мекемелер, объектілер, турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер арнаулы жолдар және транспорттық орталықтарды жатқызуға болады.

Екінші топқа: Туристік бағытта жасалмаған, бірақ туристердің жиі пайдаланатын мекемелері. Олар: мемлекеттік жолдар, транспорт және коммуникациялар, дүкендер, ресторандар, күнделікті тұтыну орындары және мәдени мекемелері. Жалпы кешенді қызмет көрсетуіне қарай 4 базаға бөлуге болады.

  1. Туристік ресурстар:

А) табиғи (рельеф- орография), б) сулары (гидрография), в) климаты,

г) флорасы, д) фаунасы

Б) әлеуметтік – экономикалық (а- мәдени – тарихи, б – этнографиялық, в – өндірістік – шаруашылық, г – саяси, д – т.б.)

  1. Түнгі демалу орындар базасы: Турбазалар, отельдер, мотельдер, пансионаттар, кемпингтер, демалыс үйлері, санаторийлер, профилакторийлер, жекеменшік пәтерлер және т.б.
  2. Тамақтану базасы: а) гастрономдық мекемлер (ресторан, кафе, бар, асхана, буфеттер және т.б.), б) сауда орталықтары (дүкендер және т.б.)
  3. Коммуникациялық база: а) коммуникациялық – транспорттық тораптар (темір жолдар, автожолдар, авиациялар, сымтетік торлары, интернет жүйесі т.б.)

Рекреациялық туризмнің жалпыға бірдей 5 факторларын бөліп қарастыруға болады:

а) медициналық – биологиялық

б) мәдени- әлеуметтік

в) экономикалық

г) саяси

д) экологиялық

Медициналық – биологиялық фактор бұл – курорттық санаторийлік емдеу және шынығудан тұрады. Туризм арқылы емделу өндірістік, өндірістік емес және адамның психологиялық, жүйке проблемаларын шешудің бір жолы.

Мәдени – әлеуметтік фактор – рекреацияның негізгі  функцияларының бірі. Мәдени, рухани, сананың кең ауқымда дамуы, қоршаған әлемді тану және ондағы өз орнында сезіну, адамның өзінің өмір сұру мағынасын түсіну.

Экономикалық функцияның мақсаты – жұмысшылардың еңбекке қабілетттілігін арттыру және олардың еңбек ету кезінде жұмсаған күш – қуатын қайта қалпына келтіру.

Экологиялық функциясы – халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін тұрақты экологиялық ортаны қалыптастырумен айналысады. Рекреациялық ресурстарды дамыту және оның өзекті мәселелері Оңтүстік Қазақстан облысы халқының,қазақ менталитетінің өзіндік ерекшеліктерімен бірге табиғаты әсем де көрікті, жері байлыққа толы аймақ деп айтуға болады. Ол Батыстағы Италия, Франция, Шығыстағы Үндістан, Қытай, Латын Америкасындағы Перу емес. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бұрынғы мұраларымызға жаңа туындылар қосылуда. Қазақстанда бүгінгі таңда 653 туристік фирмалар жұмыс істейді. Олардың 90% Алматы қаласында тіркелген. Ал осылардың көпшілігі сыртқы туризммен айналысады. Ішкі туризмнің өзі, туристік ұжымдар ассоциациясына сүйенсек, сыртқы жағдайлардың салдарынан 6 млн. доллар табыстан айрылып отырған көрінеді. Осы ретте Ақмола облысы туристік бизнесінің өзіндік сын-сипаты, өзіндік ерекшелігі мынадай болуы тиіс. Табиғи және тарихи көрікті орындарды аралау, қажетті ақпараттар алу, рухани нәр жинау сапары, демалыс орындарында тынығу сауықтыру мекемелерінде денсаулық түзеу шараларымен ұштастыра жүргізілгені жөн.

Туристік инфрақұрылым, оның менеджментін жақсарту саласына келімді – кетімді  адамдарды сапалы азық түлікпен дәмді тағаммен қамтамасыз ету де жатады. Табиғи және мәдени орталықтардың тағы бір ерекшеліктері – олардың таулы аймақтарға, өзен – көл жағалауларына жақын орналасуы. Сол себептен қазақтың көрікті табиғатын, саяхатшылық өнерін, балық аулау кәсібін этнографиялық жақтан әзірлеу де  туристік индустрияның табыс көзі болмақ. Маусымдық туризмге орай, қыстың күні шаңғы тебу, шанамен қыдырас жасау да қызықтың оқшау бір түрі ретінде бағаланбақ. Осылай туристік базаны дамыта отырып, ол жердегі табиғатты қорғауды да ұмытпаған жөн. Жылдан жылға көлемі ұлғайып, дамып келе жатқан туристік концетрацияның қоршаған ортаға  үлкен зиян әкелеуі мүмкін. Олар негізінен урбандалуға және транспортқа байланысты.

 

  • Туристерге көрсетілетін қызметтің сапасы мен мәні.

Туризмде туристерге сапалы қызмет көрсету халық шаруашылығының осы саласын дамытудағы ең өзекті мәселесі. Туристер белгілі бір елдің туристік кешенінің қонақ үйінде, мейрамханасында, қызмет бюросында өздеріне көрсетілген қызметке риза болса,  онда олар сол елдің белсенді насихатшысы болады. Олар бірнеше рет қайта келіп, өзімен бірге басқа да туристерді тартады, өзіне ұнаған туристік ауданның беделін көтереді. Сапалы көрсетілген қызмет туризмнің экономикалық әсерінің көтерілуіне септігін тигізеді.

Әр түрлі категорияда көрсетілген сапаға талдау жасау оның мәнін түсіндіреді. Туристік салада заттар шығарылады және қызмет көрсетіледі, олар туристердің материалдық және рухани қажетін өтейді.Табиғи – климаттық, мәдени –тарихи және материалдық байланыстарды  туризмде өндіріс пен қажеттілікке қолдану арнайы ресурстарды тарту мен байланысты. Соның арқасында емделген, ойын – сауықта, мәдени жағдайларда, іс қарым –қатынастарда өз қажеттерін өтейді. Мұндай процестерде адамның психологиялық көңіл – күйі көтеріліп, өсе түседі. Психологияылқ факторлардан туристік сапа қызметтері құрылып, жақсарады дегенді аңғартуға болады. Солар арқылы туристерге сапалы қызмет көрсету деген түсінік кеңейіп  толықтырыла түседі. Туризмде жоғары сапада қызмет көрсету халықтың саяхатта, туристік орталықтарда, ойын – сауық, әр түрлі мәдени орындарда болғанда шығынын өсіреді. Бұдан да жоғары сапада қызмет көрсету қалтасы қалың клиенттерді тартады, елімізде валютаның түсімін арттырады.

Туризмдегі сапалы қызмет екі түрлі игілікпен (тауарлар және қызмет) және екі түрлі қатынаспен (материалды және материалды емес) тығыз байланысты. Сапалы туристік қызметтің  өлшем белгісі бір немесе көп мағыналы болуы мүмкін. Сапалы туристік қызметтің өлшем белгісі мен көрсеткішін әр уақытта ажырата білген жөн. Туризмнің келешек даму бағыты мен жалпы  сапалық сипаттамасы сол өлшем белгісімен байланысты (өлшем белгісі – баға беру мөлшері, сол белгілердің негізіне қарай бағаланады). Өз ретінде ол көрсеткіш жүйесі арқылы анықталуы мүмкін әр деңгейде, басқаруға бейімделген. Бұл көрсеткіш, шынында да, бір туристік кешеннің атқаратын қызметінің сапасын анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш болуы керек.

Орналастыру ортасының көрсеткіштері:

  1. Туристерді қонақ үйге, мотельге, кемпингке, жеке пәтерге тез арада орналастыру;
  2. Ұйымдасқан туристерді қонақ үйге, кемпингке, міндетті түрде алдын ала бөлінген нөмірге жылдам орналастыру;
  3. Орналастыру ортасында тыныштық сақтау;
  4. Кең көлемде туристерге қосымша қызмет көрсету (ақшасыз немесе ақшамен).

Тамақтандыру сферасындағы қызметтің сапасының өлшемдерінің көрсеткіштері:

  1. Берілетін тағамдарды көркемдік жағынан көрсету дәрежесі, оның температурасы, дәмдік сапасы;
  2. Кулинарлық азық –түліктің аралас түрлері;
  3. Туристерге жылдам және сыпайы түрде қызмет көрсету;
  4. Тапсырманы орындау жылдамдылығы;
  5. Келушілердің тамақтануы кезіндегі көрсетілген қызметтің мөлшері және барлық ережелерді қызмет көрсету кезіндегі сақтау;
  6. Тамақтану залындағы тазалық пен жайлы жағдайды ұстап тұру дәрежесі;
  7. Қоғамдық тамақтандыру мекемесіндегі мәдени тәртіптерді, міндетті фирмалық киімдерді және жеке гигиенаны сақтау дәрежесі;
  8. Көрсетілген баға бойынша тағамдардың және ішімдік сусындардың құрамы мен салмағын сақтау;

Туристерге ұсынылатын азық – түлік және өнеркәсіп заттарды сататын сауда орындарындағы қызметтің сапасының көрсеткіші;

  1. Клиенттерге құрметпен қарау, жыдам қызмет көрсету;
  2. Сапалы заттарды ғана сату;
  3. Гигиенаны сақтап, дүкендерді таза ұстау;

Экскурсиялық қызметтің сапасын анықтайтын көрсеткіштер. Мынадай жағдайларды ескеру керек;

  1. Экскурсия жүргізуші туристік топпен жұмыс істегенде нақтылық, көңіл қоюшылық, ескерушілік, сыпайылық көрсету тиіс;
  2. Экскурсия жүргізуші туристік іс – әрекеттің бөлімшелерінің жұмысшылары жағынан қызмет ережелерін бұзуға жол бермеу керек;
  3. Экскурсия жүргізуші экскурсиялық іс – әрекет кезінде жүргізудің жаңа түрі мен әдістерін қолдана білу керек;
  4. Экскурсия жүргізуші туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау жасап, ол қызметтер қабылданбаған стандарт пен нормативке сәйкес келуі керек;
  5. Экскурсия жүргізуші өзінің жұмыс уақытын туристердің түнеу мерзімімен, мәдени сабақтары және саяхатымен келісіп жасау керек, оларға қызмет жасаудан қашпау керек.

 

 

Туристік кешендегі, объектідегі (қонақ үй, мейрамхана, дүкен және т.б.) көрсетілетін қызметтің сапасы көбінесе материалдық – техникалық базасының жағдайына байланысты. Бірақ, тәжрибенің көрсетуі бойынша, бірдей материалдық – техникалық базада, ыңталы және тәжірибелі қолбасшының арқасында еңбекшіл ұжым туристерге өте жоғары сапада қызмет көрсете алады.

 

  1. Ақмола облысының туристік – рекреациялық аудандары және оның негізгі даму бағыттары (Бурабай мысалында)

2.1 Ақмола обылысының физикалық географиялық жағдайы.

 

Орта ғасырдағы  Қазақстандағы  мәдениет ерекше сұлулығымен тәнті ететін.

Қазақстанның қақ ортасында Астанадан солтүстік – батыс жақта 160 км қашықтықта Көкшетау тауларынан қазақ шөл далаларынан бөлейтін, жарты шөл және шөлдің қиылысында Қорғалжын – Теңіз құрамына Қорғалжын ұлттық қоры орналастырылған.Қордың жалпы көлемі 237 100  га. Аймағында Қорғалжын өзені және Теңіз өзені бірігуінен екі өзенінің шөл даласының тікенектермен тіректерге толы, ағаштары аз елді мекен болып табылады.

1968 жыл су – батпақты жерлер болып есептелетін қызғылт фламинго, бірқазан және басқа құстар қоныстанатын жерді қорғау мақсатында қорық құрылған еді. Фламингоның популяциясы Орталық Азияда ірі болып келеді.

Астана мен Көкшетау екі қаласының расында орналасқан Бурабай өзенін «Қазақстандық Швейцария» деп атайды.

«Алла әлемді құрағанда – аңызда айтылғандай – бір халыққа қалың ормандар мен өзендер, жазық даланы берсе, басқаларға биік таулар және теңіздер берген еді. Қазақ болса тек жазық даланы алған болатын. Бұл қазаққа өкінішті болып, Құрушыдан сұлу табиғаттың бір бөлігін сұрайды. Одан кейін Алла өзінің қоржынынан (сөмкесінен) жазық далаға таулы, мөлдірдей – таза суымен, гүлденген гүлдерді, сұлу табиғаттың бөліктерін жайып салған болатын. Тауларды түрлі образды ағаштар және тікенектермен, құстармен, өнеді – балықпен, даланы – құрт – құмырсқамен толтырған болатын. Осылай Бурабай құрылған еді».

Географиялық орны. Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан. Батыста – Қостанай, солтүстікте – Солтүстік Қазақстан, шығысында – Павлодар және оңтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Облыс Ресейдің Орал, Түмен, Томск, Омбы, Новосибирск сияқты дамыған  өлкелеріне  жақын орналасқан, олармен ұзақ  мерзімдік экономикалық байланыс орнатылған. Облыстың аумағы 146,2 мың шаршы шақырым, ол Республиканың аумағының 5,4 пайызын құрайды. Облыс тұрғындары 2012 жылда  —  731 398  мың адам (4,8%), ұлттық құрам – қазақтар – 49,21% ,орыстар – 34,36%, украиндақтар  – 4,73%, немістер – 3,58%, басқалар – 6,2 %. Әкімшілік орталығы – Көкшетау қаласы, іргетасы 1824 жылы қаланды. Облыстың құрамында Көкшетау және Степногорск сияқты облыстық маңызы бар 2 қала, 17 аудан, 8 аудандық маңызы бар қала, 14 кент және 244 ауылдық округ кіреді.

Тарихы. Ақмола облысының құрылуы мен дамуының тарихы және оның қазіргі кездегі әкімшілік шекараларындағы қалыптасуы қазақ халқының өзінің тәуелсіздігі жолындағы жігерлі күресімен, дербестігімен және гүлденуімен, яғни мемлекетіміздің өткен тарихи кезеңімен тығыз байланысты.

Қазақ хандығының 18 – ғасырдың соңындағы және 19 – ғасырдың басындағы сыртқы аяси жағдайы айтарлықтай күрделі болды. Көрші елдердің тарапынан басқыншылықтан қорғануды іздестірген кіші және орта жүз өкілдері сүйемелдеу жөнінде Ресей мемлекетіне өтініш білдірді. 1740 жылға қарай екі жүз де Ресей адалдығы туралы ант берді.

Осы саяси  актінің нәтижесінде Ресей жоңғар мен қазақ арасындағы қарым –қатынасқа соңғысын қорғау мақсатында араласуға мүмкіндік алды. Ол үшін Қазақстанның шекарасында қорғанысты күшейту қажет болды. Осы мақсатда 1752 жылғы 26 наурызда Сенат Омбы мен Звериноголовск желісін қосатын жаңа Новоишим жолағын (Горький таулы – тұзды өзендердің ағысымен) салу туралы жарлық шығарады. 1804 жылғы жазда Қызыл жар шатқалында іргесі қаланған әулие Петр мен Павел қамалы желінің орталық бекінісі болды. 1804 жылы жүргізілген әкімшілік реформа бұл бекіністі империяның қала мәртебесіне жеткізді. Ол кезде Орта жүздегі хандық билік шын мәнісінде өзінің маңыздылығын жойды және ол қазақ жерлерінің көп ұлтты Ресей империясының құрамына қосылуына әкелді.

1921 жылғы 25 сәуірде Қазақстанның әкімшілік – аумақтық бөлінісінде өзгерістер орын алды. Омбы облысы қысқартылып, орталығы Петропавл қаласында орналыстырылған Ақмола губерниясы құрылды, оның құрамына Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Петропавл және Шерлақ уездері қосылды.

1928 жылғы 17 қаңтарда Ақмола губерниясы және оның уездері қысқартылды, Ақмола округі құрылды. Оның құрамына 16 аудан кірді. 1930 жылғы 23 шілдеде жаңа әкімшілік – аумақтық бірлікті енгізу арқылы округ жойылды. КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының 1939 жылғы 14 қазандағы Жарлығымен Қазақ КСРО құрамында Ақмола қаласы орталығы орналыстырылған Ақмола облысы құрылды, оның құрамына Қарағанды облысының құрамынан 4 аудан (Ақмола, Новочеркасск, Еркіншілік, Вишневск) және Солтүстік Қазақстан облысынан 11 аудан (Сталин, Калинин, Макинск, Атбасар, Есіл, Рузаевск, Арықбалық, Молотов, Зеренді, Щучье ауданы ) барлығы 15 аудан кірді. 1939 жылғы 16 қазанда облыс аумағында жаңа Шортанды ауданы құрылды. 1944 жылғы наурызда Арықбалық, Зеренді, Щучье және Еңбекшілдер аудандары жаңа Көкшетау облысының құрамына берілді.

1960 жылғы 26 желтоқсанда Ақмола облысы қысқартылды. Ақмола қаласы Целинный өлкесінің орталығы болып бекітілді, оның құрамына Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары кірді. 1961 жылғы 20 наурызда Ақмола қаласы Целиноград қаласы болып өзгертілді. Бір ай өткеннен кейін  — 24 сәуірде Целтноград облысы  құрылды, оның құрамына келесі аудандар енгізілді : Ақмола (Целиноград), Астрахан, Атбасар, Балкашинск (Молотовск — Сандықтау), Баранқұл, Вишневск, Державинск (Жарқайын), Еркіншілік (Ерейментау), Есіл, Жақсы, Калининск,Қима,Ленинск (Сталинский – Алексеевский -Ақкөл), Қорғалжын, Макинск (Бұланды), Новочеркасск,Шортанды. 1992 жылғы 6 шілдеде Целиноград қаласының тарихи атауы Ақмола қалпына келтірілді. Целиноград облысы Ақмола облысы болып өзгертілді. 1998 жылғы 6 мамырда Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді. Облыстың рельефі кей жерлерінде шатқалды – қазаншұнқырлы сарыарқалы болып келетін жазықтықпен сипатталады. Аумақ гранитпен, кварцпен, әк таспен ерекшелінеді. Шатқал аралық ойпаңдарда ауыр балшықты топырақ құрастырушы болып келеді. Жазықтық телімдер сұ карбонатты саздықпен, тұздалған оңай ерігіш тұздармен жамылған.

Жер бедері. Облыс аумағының рельефі әртүрлі: басым көпшілік жерлерін жазықтық, ұсақшоқылық, осал бөлшектелген өзен алқаптары, орманмен көмкерілген таулар алып жатыр. Таулы теректі орман базасында бірнеше курорттар, санаторилер, демалыс үйлері, Бурабай және Зеренді аңшылық шаруашылықтары құрылған. Онд өндірістік бағыттағы жұмыстармен қатар, жануарлар мен құстардың түрлерін өсірумен және бейімдеуден айналысады. Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (ең биік шыңы – Көкше тауы – 947 м), Жақсыжанғызтау (730 м), Жыланды (665 м), Имантау (661 м), Зеренді (587 м) тауларымен қоса Көкшетау  дөңестерінің телімдері алып жатыр. Облыстың оңтүстік бөлігі абсолюттік биіктігі 300 м құрайтын дөңесті – адырлы жазықтық алып жатыр. Орталық бөлігінде Сандықтау, Домбыралы таулары, оңтүстік – шығысында  көрікті Ерейментау таулары (ең биік шыңы Ақдын – 899 м), солтүстік – шығысында   Сілеті жазықтығы, орталық бөлігінде – Атбасар жазығы, оңтүстік батысында Теңіз – Қорғалжын ойпаты орналасқан.

Сулары. Облыс аумағында бірнеше өзендер ағады, олардың ішінен біршама ірілеулері : Есіл, Шағалалы өзендері. Тұрғындарды сумен қамтамасыздандыру мақсатында Есіл өзенінің бойында Вячеславское су қоймасы (410 млн. м3), Сілеті өзенінің бойында Сілеті су қоймасы (230 млн.м3) салынды. Щучье-Бурабай аймағы көлдерге өте бай. Олардағы су құрамы негізінен тұщы, әрі аз тұзды, ағыссыз көлдер болып келеді. Сонымен қатар, Майбалық және Балпашсор сияқты емдік қасиеті бар көлдер де кездеседі.

Ақмола облысы өзендерге, тұзды және тұщы сулы көлдерге бай. Айтарлықтай үлкен өзендері : тармақтарымен қоса Есіл өзені (жалпы  ұзындығы – 2450 км, Қазақстан Республикасының аумағында – 1719 км), Нұра (978 км),Сілеті (407 км), Құланөтпес (364 км), Өлеңті (273 км), Шағалалы (234 км). Тұщы сулы ірі көлдерге Қорғалжын (330 км2), Қожакөл (60 км 2), Итемген (57,4 км2), Майбалық (21,1 км2), Шортанды (18,6 км2),Қопа (14 км2), тұзды көлдерге : Теңіз (1162 км2), Қыпшақ (64,7 км2), Керей (63 км2), Қияқты (51,6 км 2), Үлкеншабақты (26км2), Кішішабақты (21,4 км 2) және т.б. жатады. Салынған  су қоймалары : Вячеславск (аумағы 60,7 км2 сыйымдылығы 410,9 млн. м3),Сілеті (аумағы 36,3 км 2 сыйымдылығы 221,8 млн.м3),Шағалалы (аумағы 6,6 км2 сыйымдылығы 280 млн. м3).

Климаты. Ауа –райы  жазы ыстық шұғыл – континентальды, қысы суық, қары аз және ұзақ, қатты желді, тәулік бойы температурасының тез өзгеруімен ерекшеленеді. Қазақ ұсақшоқылық ауа – райына барынша әсер етеді. Қаңтардағы орташа температура – 16 – 18 0 С, шілдедегі орташа температура  +19 + 21С. Жауын – шашынның жылдық саны – 250- 400 мм. Жаз кезінде болатын жауын – шашынның басым көпшілігі маусым – шілдеде, қыс  мезгілінде қараша – желтоқсан айларына тиесілі. Жаз.ы кездегі жауын – шашын найзағаймен қосарланып келетін нөсерлі сипатта болады. Жауын – шашынсыз кезең орташа есеппен 30  күнге дейін созылады. Ауа – райы тез континентальды, әрі тым құрғақ. Жаз кезеңі қысқа, жылы, ал қысы ұзақ, аязды, қатты желдер мен бұрқасындар жиі болып тұрады. Негізгі ауа – райын құрастырушы фактор – көп жағдайда маусым – шілде айларына сай келетін күн нұрының шуағы. Ауаның ең төменгі көрсеткіші  — 400 С, ал ең жоғарғы +44 С. Атмосфералық жауын – шашынның жылдық орташа көрсеткіші 265 мм. Желдің жылдық орташа қуаттылығы секундына – 5,3 м

 

Топырағы, өсімдігі және жануарлар дүниесі. Өсімдік жазықтық жерлерге тән түрлі өсімдіктермен және тиісінше ландшафтпен, әсіресе облыстың солтүстік  бөлігінде теректі – қайынды орман, тау беткейлерін көмкеріп тұратын түрлі шөптесін өсімдіктермен ұсынылған.

Облыстың жануарлар әлемі өзінің байлығымен және түрлілігімен ерекшеленеді.Ұсақ жәндікті қоректенушілердің 55 түрі, құстардың 180 түрі, балықтардың 30 түрі және басқа да  жанаурлардың түрлері мекен етеді. Облыс аумағында «Көкшетау» және «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, халықаралық маңызы бар Қорғалжын Мемлекеттік қорығы бар. Жануарлар мен құстардың сирек кездесетін түрлерін сақтап қалу үшін, Атбасар, Бұланды, Ерейментау және Восточный қорықшалары жұмыс атқарады. Облыстың солтүстік бөлігінде түрлі өсімдікті – қызыл бетегелі және қайың – қылқан жапырақты орман алқаптарымен (Бурабай, Зеренді және т.б.) қоса қарапайым, оңтүстікте карбонатты қара топырақ басым. Таулы теректі орман алқаптарының базасында курорттар, санаторилер, демалыс үйлері құрылған. Бурабай және Зеренді аңшылық шаруашылығы жұмыс істейді, онда өндірістік бағыттағы жұмыстармен қатар жануарлар мен құстардың алуан түрлі өсірумен және бейімдеумен шұғылданады.

Жер қойнауы. Облыстың аймақтарында зерттелген сирек кездесетін құрамды және алтын қорлар, күміс, уран, молибден,техникалық алмастар, ақ балшық және мусковиттер сонымен қатар бірге темірлі кен, тас көмір, кең тарл,ан минералды сулар және емдік пайдалы кең қазбалар, көмбе доломиттер көптеп кездеседі. Баланстық қорлардың өлшелетін құндылығы АҚШ долларымен есептегенде 20 миллиардты  құрайды, болжамдық қорлар – 100 миллиард АҚШ долларынан асады.

2.2 Бурабай туристік рекреациялық ауданының физикалық географиялық жағдайы.

 Бурабай ежелден өзінің бірегей де қайталанбас табиғатымен, емдік қасиеті бар климатымен, сонымен қатар ежелгі бай тарихымен әйгілі. Бұл аңыздар мен ертегілерге рақау болған, тынығуды  бағалай білетіндердің ұрапқтарын тамсандырған қорықты өлкенің нағыз өзі. Бурабай әр ғасырларда өз дәуірінің әйгілі ақын – жазушыларын, әртістерін, суретшілерін, саясаткерлерін таң қалдырып келеді.

 

 

 

 

Бурабай ауданының картасы.

 

Бурабай ауданы  1928 жылы 17 қаңтарда «Округтерді құру туралы» қаулысына сәәкес құрылды.

Аудан Ақмола облысының солтүстігі Көкшетау қыратының шығыс бөлігіндегі 6,0 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Халықының саны 73 545  мың адам, оның ішінде 45,2 % — ауыл тұрғындары.

Бұл жерде 60 ұлт өкілдері мекендейді, оның ішінде қазақтар — 40,63%, орыстар — 45,86%, украиндар -3,41%, немістер — 3,37%, белорустар — 1,42%, поляктар -1,27%, басқалар -4,04% құрайды.

Бурабай ауданының құрамына 55  елді – мекен, 1 қалалық, 1 кенттік және 10 ауылдық округ кіреді. Аудан орталығы – Бурабай қаласы. Қала Көкшетау қыратының солтүстігінде орналасқан. Іргесі 1850 жылы Щучинская станциясында қаланған. 1939 жылы 20 мамырда Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығына сәйкес Щучье қала мәртебесіне ие болды. Бурабай ауданы курортты – санаторийлік негізде бағдарланған. Щучье – Бурабай курортты аймағының орталығы болып табылады.

Климаты. Аудан климатының ерекшілігі оның континенттілігінде. Бұл құбылыс, әсірісе, қатаң ұзақ қыстың, ыстық әрі салыстырмалы түрде қысқы жаз мезгілігіне тез ауысымен көрініс табады.

Қыс мезгілі орта есеппен 5,5 айға созылса, кей жылдарда одан да ұзақ болуы мүмкін. Аязсыз кезеінің ұзақтығы 6,5 айға созылады.Орташа қысқы температура – 17,6 0С градусты құраса, ең суық ай қаңтарда температура — 30С градусқа дейін төмендейді. Шілдеде орташа температура 19,5 С, түс уақытында 24-25С, кейде 40С- қа дейін көтеріледі. Аудан аумағында бір жылда 296 мм ден – 427 мм ге дейін жауын – шашын түседі. Олардың ең көп мөлшері жаз уақытында 49 пайыз түссе, аз мөлшері желтоқсан мен ақпан аралығында 11,1 пайызы, ал көктемде жылдық мөлшерінің 18,6 пайызы түседі.

Бурабай ауданының кдиматына жыл мезгілдеріне байланысты бағыттары әркелкі, бірақ жылдамдықтары бірдей желдің болуы тән. Жел көктем мен қыс айларында қатты соғады. Әсіресе оңтүстік – батыстан соғатын жел басым келеді.Жазық жерлерінде желдің екпінді бағыты жыл бойы үлкен, ал орманды бөліктерінде оның жылдамдығы аз. Жауын – шашын мөлшерінің аздығы мен ауаның құрғақ болуы себебінен көктемде шаңды дауылдар пайда болады. Климатының қолайсыз жағдайларына, сонымен  көктемгі құрғақшылық топырақ қабатының теренірек үсуін жатқызуға болады. Дегенмен, ауа райы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолайлы, сол себебті Бурабай ауданы ірі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші болып табылады.

Жер бедері. Бурабай ауданының жер бедері екі геоморфологиялық өңірде жатқандықтан әркелкі келеді. Солтүстік бөлігі құрғақ даланың жазықты – ұсақ шоқылы белдеміне кіреді.

Оңтүстік – шығыс және батыс бөліктері үстірттің орманды  — далалы жазығында жатыр. Орталық бөлігі өсімдіктер жамылғысына бай, кей бөліктерінде қараға мен қайынның шоқ ормандары таралған. Оның көп шоқылық бөлігі бөлек шоқылардан тұрады. Ең биік нүктесі – табиғаты әсем Көкше (Синюха) тауы, биіктігі 947 м.

Орталық Қазақстандық ұсақ  шоқының геологиялық құрылымы мен бедерінің климаттық жағдайларымен жақсы ұштасуы бұл өлкеде көптеген көлдердің пайда болуына әкелді. Әсіресе, ұсақ  шоқылы және төбелі бедерлерде қазаншұңқырлардың болуы мүмкін – шашынның көп жиналуын қамтамасыз етеді. Сондықтан ауданның гидрографиялық торабы көптеген ірілі – ұсақты көлдерден тұрады. Ірі және тұщы көлдер оқшау таулар мен аласа тау сілемдерінің етегінде орналасқан. Мұнда 80 – ге жуық тұрақты және уақытша көлдер бар болса, олардың ірілері Шортанкөл,Бурабай, Үлкен және Кіші Шабақты, Майбалық, Қатаркөл, Алакөл, Қарасу, Қараүңгір т.б. Барлық көлдердің су көлемі 700 млн. текше метрді құрайды.

Өлкедегі ең әдемі көлдердің бірі – Бурабай. Көкше тауының шығыс етегінде, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан, көлдің ұзыгдығы 4,5 км , ені 3,9 км. Орташа тереңдігі 4,5 м, ал терең жері 7 м ге дейін жетеді. Жағалау бойының ұзындығы 16,6 шақырым, ауданы 164 шаршы шақырымды құрайды. Көлдің суы өте таза, мөлдірлігі жоғары, терең жерлерде түбі көрінеді. Солтүстік – батыс бөлігінде су ортасынан оқшауланып,жартасты Жұмбақтас аралы 20 м биіктікте орналасқан. Көлдің солтүстік, оңтүстік және батыс жағалауларындағы беткейлерде өскен қарағайлы- қайынды ормандар қайталанбас ландшафт құрайды. Көлдің ең басты – қорегі – Сарыбұлақ өзені. Көлге одан басқа үш бұлақтан су келіп құяды, бұл бұлақтардың ірісі Иман бұлағы, ол бастауын Көкшетау қыратының шығыс беткейінен алады.

Бурабай көлі.

Ауданның су көздері халықты сумен қамтуға, техникалық қажеттіліктерге, сонымен қатар балық шаруашылығына пайдаланылады. Судың сапасы бұл жердегі көлдерде көптеген тіршілік түрлерінің өмір  сүруіне септігін тигезеді. Олар онғақ, шабақ, мөңке, алабұға, шортан, табан балық, көксерке, сазан, тұқы, таутан т.б. олардың ішінде көп ауланытыны сазан мен көксерке. Гидроминералдары мен балшық ресурстарынан Майбалық көлінде емдік сулар және Балпашсор көлінде шипалы балшық жақсы таралған.

Аудан аумағында топырақтың түрлері мен түршелері таралған: кәдімгі қара топырақ, оңтүстік қара топырағы, шалғынды, шалғын – аллювийлі, шалғынды – батпақты, батпақты топырақтар, шақаттар, сортаң және сор топырақтар. Барлық топырақ түрлері алты агроөндірістік топқа бөлінген. Олардың үшеуі егістік егуге жарамды. Аумақтың көп бөлігін (92,6%) алып жатса, қалған топырақтардың үлесіне табиғи жайылымдар келеді.

Жер қоры төмендегідей үлеске бөлінеді: ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ауданның жалпы аумағының 76,9 % -ын, орман алқаптары 15,7 % -ын, басқа мақсаттағы жерлер 7,4 % -ын алып жатыр. Аудан аумағында аумағы 83,5 мың гектар болатын «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (МҰТС) орналасқан.

Бурабай ауданының фаунасы алуан түрлі аудан аумағында омыртқалы жануарлардың 305 түрі бар, олар бес кластық 25 отрядқа жатады, бұл бүкіл Қазақстанның омыртқалылар фаунасының 36 % қамтиды. Омыртқалы жануарлардың негізгі бөлігін 200 ге тарта түр құрайды.

Географиялық орналасуының және аумақтың ландшафттық әр түрлілігі фауна құрылымының 40 % тіршілік ету ареалында өмір сүреді. Ауданның жануарлар әлемінің ерекшелігіне тайгаға тән (ақ қоян, бейнеарық үйрек, сілеусін, орман сулары, сары тоқалтіс) және шөлейт (үлкен қосаяқ, қарсақ, соқыр тышқан, суыр, сарышұнақ)  жануарларының өмір сүруін жатқызуға болады.

Аудан басшылары балық аулаушылыққа көп көңіл бөліп отыр, бұл халықтың жақсы демалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, су қоймаларын аэрациялау мен ихтиофаунаны мелиорациялау шараларын жүргізуге мүмкіндік туғызады.

Ауданның орнитологиялық фаунасы 15 отрядтан тұрады, олардың арасында 96 түр парк аумағында ұяласа, 21 – і тұрақты, 11 – і қыстап қалатын, 25- і ұшып кетеді.

2.3 Бурабай курорты аумағының дамуы.

Қазақстан  территориясындағы минералды сулар туралы алғашқы деректер   өткен ғасырдың орта щенінде белгілі болды. Ф.Геблер 1854 жылы неміс тілінде шыққан «Орыс Алтайының ыстық қайнарларына шолу» деген кітапшасында Романов қайнарлары туралы әңгімелейді. Көрікті төңірегі туралы 1867 жылдан бері айтыла бастайды. Орыс географы Иван Яколевич Словцов 1878 жылы Ақмола облысының Көкшетау уезін, Бурабайды зерттеу нәтижесінде еңбек жазады. Табиғат құдіреттің ғажап бір жұмағымен кездескен бетте  ол былай деп таң тамаша қалады: «Өзінің көркемдігімен алуан түрлі табиғи байлығы жағынан Көкшетау атырабындай, әсіресе, оның шығыс жақ беткейлеріндей жер бүкіл Қырғыз даласынан табыла қояр ма екен.Қылқанды ағаштар жамылған құз жартастар су құдіретімен ғажап жарасым тауып,қауышып қалыпты. Көздің  жасындай мөп мөлдір, тұп тұнық көлдерге қызыға қарай бересің. Құрлық пен судың осынау әдемі үйлесімі, әсіресе, күн шығып келе жатқанда күн сәулесі көгілдір көл бетіне шығылысқан кезде, тіпті ғажап». 1925 жылы ғана бұл өлкені жоспарлы түрде зерттеу басталды. Осы өңірдегі геологиялық жұмыстар геология минерология ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Е.Д.Шлыгиннің бастауымен жүргізілді. Сондай ақ профессор П.Л.Драберт осы өлкені әлдеқайда тереңірек зерттеп, көп еңбек сіңірді. Зерттеуші ғалымдар Бурабайдың тамаша табиғатын былайша түсіндереді: Мұндағы таулардың ерекшілігі сол – граниттен тұрады. Гранит қабаты тереңге батып, көптеген уақыт бойы орасан бір қысымның астында басылып, жаншылып жатса керек. Осы кезде жер асты мен үстіндегі температура бір біріне сай келмей, граниттер алдымен шытынап, бара бара быт – шыт болып жарылады. Бәрінен де сол  сынықтардың ішінде тақта  тектестері және параллелипипед пішіндестері өте жиі ұшырасады. Олардың бұрыштары желге мүжіліп, домалақталған. Сондықтан да бұлар толып жатқан құс төсектер мен жазықтар кейпін көзге елестетеді. Бурабайдың қайсы шаң құзына көз салсаң да осындай белгілерді анық ажыратасың.

Арқаның долы дауылы мен ерке самалының әсерінен қайрақтай жанылған жылтыр тастар бірісе тақия төбеленіп шыға келсе, енді бірде шоштиған найзаның ұшындай сүйірленіп кетеді. Көз ұшындағы қия беткейлерін көмкерген тұп түзу қарағайлар Арқаның ерке желі үп етсе ақ кербез сылаңдап, үкідей үлпілдеп тұрады. Көкірек сарайың ашылып, екі көзің шарадай жанып, жаның жай тауаып, жарық дүниенің мұнандай да шуағы бар екен ау деп рақаттана сейіл серуен құрасың. Кербез қарағайлардың  көктемде бұр атқан бүршіктерінен де, қысы жазы жап жасыл болып жайқалып тұратын қылқандарынан да аптапты ыстықта алтын реңді түп түзу, тік – тік діңгегінен дірілдей балауыз шайырынан да жұпар иіс аңқиды.

 

Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Әрқайсысы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа жұпар иісі,

Көкірек қанша жұтса тоясың ба, —

деп Сәкен Сейфуллин де құмарлана жұтқан осы бір теңдесі жоқ саф ауаны.

Ғалым дәрігердің пайымдауынша, Бурабайдың жұпар ауасының тазалығы, дәрулігі сондай, ол өкпе сырқатына бірде бір ме екен. Осыған орай, сонау 1910 жылдың өзінде медицина ғалымдарының докторы П.И.Емельянов осында отыз төсектік арнаулы пансион  ұйымдастырып, онда өкпе ауруына шалдыққан адамдарға қылқанды тоғай ішінде ұзақ сереуендеуге және көшпелі қазақтар әкеліп беретін қымызды үзбей ішуді ұсынады.

Щучье – Бурабай курортты аймағының жалпы ауданы 83,4 мың гектар жерді алып жатыр. Бұл аумаққа демалу мекемелері, жалпы кешенді маңыздағы қызмет көрсету маңызды нысандар, елді мекендер, ормандар, су қоймалары мен резерті аумағы жатады.

Бурабай табиғаты туризмнің әр қилы емдік – сауықтыру, экологиялық, танымдық, экскурсиялық және спорттық түріне жатады. Ауданда 11 туристік фирмалар жұмыс істейді. Олар туристік өнімдерді таратуда белсенді қызмет көрсетеді. Аудандағы туристік фирмалар арқылы туристердің демалу уақытындағы оған қажетті барлық қызмет түрлері ұсынылады.

Бурабайдық  көптеген санаторийлері, демалыс үйлері, пансионаттары, балалар лагері мен туристік базалары отандастарымызды да, алыс – жақын шетелдіктерді же қарсы алуға дайын. Щучье – Бурабай курортты аймағында табиғи, мәдени және тарихи назар аударарлық жерлер өте көп және талғампаз саяхатшының өзін де қызықтырады. Соңғы жылдары курорты аймақтың аумағында заман талабына сай қонақ үйлер  (Айнакөл, Жұмбақтас, Самал, Глория, Береке, Көкшетау парк — өтелі)  мен қонақ  үй – туристік кешендер (Абылай – хан, Ақбұлақ) қонақтарды ыңғайлы бөлмелері мен қызметінің алуан түрлілігімен қызығушылығын тудырады.

Бурабай курорттын республикамыздың солтүстігіндегі денсаулық шеберханасы деуге болады. Мұнда қазіргі таңда 16 демалыс және емдеу орындары жұмыс істейді. Демалыс үйлері мен санаторий профилакторийлерде бір мезгілде 4800 адам жатып демалады.

1939 жылы Нью – Йоркте Халықаралық көрме өткізілгенде, КСРО дан Бурабай баурайы көрсетілді. Сол жолы ол жүлделі екінші орынға ие болды.

«Бурабай» санаторийі қазіргі заманғы ең жаңа медициналық аппараттармен жабдықталған, емдеудің ең жаңа тәсілдері сәтті қолданылып келеді. Физиопроцедура, функционалды диагностика, ультра дыбыстық, физио терапевтік, ингуляторлық,  ренген және дене шынықтыру кабинеттерінің қызметтері сырқаттарды тезірек сауықтыруға бағытталған.

Бурабайдың кейінгі ірі емдеу орны Шортан көлінің жағасынан және жасыл қарағайлы тау қойнауынан қоныс тепкен Шортанды санаторийі. Онда бір мезгілде 440 адам тынығып, жүрек қан тамырлары, аяқ буын ауруларынан емделеді.

Бурабай  баурайындағы сауықтыру орындарының қайсысы болса да сәнді, табиғат бедерімен бірге жымдасып, әсем ансабль құрайды. Мұндай ғимараттардың тынығушыларға жайлы, қолайлы сауықтыру орны болумен бірге оларды сәулет өнеріне сүйсіндіріп, эстетикалық тәрбие беруі сөзсіз.

Бурабай өңірінің Арқадағы жер жәннаты екені даусыз. Қазақтың мықты ақындарының ішінде өзге жерге қарағанда, «ойды ерекше тербейтін» оның сұлу табиғаты туралы жыр толғағаны кемде – кем емес. Сонау Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайдан бастап, кешегі Мағжан, Сәкен, Ілияс секілді ақындарымыздың бәрі Бурабайға өлең – жырар арнаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бурабай өлкесінің тамаша табиғатының көрінісі.

2.4 Бурабай курортты аумағының даму бағыттары.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген  сөз бар. Денсаулықты сақтап, нығайтуда табиғат аясында дем алудың, туризмнің мәні өте зор. Осыған орай елімізде туризмді дамытуға үлкен көңіл бөлініп, бұл бағытта мақсатты жұмыстар жүргізулуде. Туримзмнің сондай –ақ, еліміздің экономикасын көтеріп, адамдарды еңбек пен қамтуға қосар үлесі де аз емес. Табиғатты көркем, таулары мен орман тоғайлары, өзен –көлдері мол Ақмола облысында туризмді дамытудың мүмкіндіктері жеткілікті.

Ақмола облысында Бурабайдан да басқа табиғаты көркем өңірлер аз емес. Зеренді аймағында бүгінде  көптеген демалыс орындары, оның ішінде қысқы демалыс орындары жұмыс істейді. Қорғалжын қорының аумағында да демалушыларға арнап шағын үйлер салынды. Сандықтауда жеке тұрғындарды туризм қызметіне тарту бағытында жоба жүзеге асырылып жатыр. Табиғаты көркем елді мекенде тұрғын үйлер қазіргі заман талабына сай жөңдеуден өткізіліп, қажетті жиһаздармен жабдықталған.

2009-2011 жылдарға арналған туризмді дамытудың аймақтық жаңа бағдарламасы дайындалып, Үкіметке ұсынылды. Бағдарлама жобасында туризмді дамытудың бағдарлары жан – жақты қарастырылған. Мәселен, қысқы  демалысты ұйымдастыру жайы. Қазір барлық демалыс орындарының 35 пайызы ғана қысқы демалыс шаралары ұйымдастырылған. Қалған демалыс үйлері алты ай қаңырап бос тұрады. Қазіргі нарық жағдайында мұның қаншалықты залал тигізетіндігі кім – кімге де белгілі. Осыған орай, демалыс орындарын қысы – жазы толық жүктемемен жұмыс істеулерін қамтамасыз етуді шешу қазіргі ең басты мәселе болып отыр. Бұл бағытта жаңа бағдарлама шеңберінде көптеген шаралар жоспарланған. Бурабай қаласында қазір шаңғы орталығы салынып жатыр. Мұндай орталықтар Зеренді, Сандықтау аудандарында да салынатын болады. Сондай – ақ жарнамалық шараларды барынша кеңейту қажет. Сонымен бірге, Астанадағы министрліктер мен ведомостволардың жоспарланған түрлі шараларды демалыс орындарында өткізулеріне қол жеткізу ойластырылуда. Ерейментау, Сандықтау, Қорғалжын, Зеренді аудандарында туризмді дамытудың болашағы зерттелуде. Осы аймақтарды зерттеу мақсатында мамандардан құралған арнайы экспедиция ұйымдастырылды. Жарнамалық қызметті кеңейту бағытында да біраз жұмыстар қолға алынбақшы. Соңғы үш жылда жарнамалық өнімдер көлемі 4 есеге артты. Бурабайдағы демалыс аумағын қауіпсіздендіру, абаттандыру бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғаспақ. Осы кезге дейін орманнан 10 шақырымнан астам жолдарға тас төселіп, жарықтандырылды. Ойға алынған шаралар өте көп. Соларды іске асырған кезде облысымызда туризм саласы қарыштап дамып, көпшіліктің неғұрлым көп бөлігін демалыс уақыттарында тартымды өткізуге мүмкіндік алары анық. Мұның өзі елеміздің ең басты байлығының адамдардың денсаулығын нығайтуға ықпалын тигезетіндігіне дау жоқ.

  • Бурабайдың қазіргі кездегі экологиялық жағдайы.

«Арқада жер жетпейді Бурабайға!» деп ғасыр бұрын жырланса, содан берменгі уақыт ішінде осныау ғажап мүйістің мәртебесін арттырып, экологиялық табиғи жүйесін дамытып, жетілдіру бағытында сол сұлу аймақтың айдарынан жел естірер іргелі шара қолға алынбаған екен. Көкше өңіріндегі осынау табиғат жауһарына тек Тәуелсіздік тұсында ғана шындап көңіл бөлудің мүмкіндігі туды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырысымен, шешімдерімен  арнаулы іс – шаралар қолға алынды. Сол іс – шаралардың нақты іс жүзінде орындалуы қай дәрежеде? Бурабай – Щучье  курортты аймағы бастан кешіп келген уақыт көш – керуенінің он  бойындағы ақтабан жол сорабына үңілер болсаңыз адамдар тарапынан жасалынып жатқан жабайы тағылық шабуылдар үдей түспесе әсте сабыр – саябыр тартып, толас көрмегендігін аңдар едіңіз. Сонау Абылай дәуірінен басталған арайлы аймақты игеріп, өз кәдесіне асыру қам – қаракеттерінен қамқорлықтан гөрі қорқаулық, қорғаштап сақтаудың орнына аяусыз тонау сипаттары елес беріп отырады. Абылай ғана Бурабайдың іші – тысын сақтау, аймақпен іргелес жатқан Қызыл ағаш, Хан көлі, Бүркітті, Қарақалпақ тауы, Қылшақты өзені, басқа он сан көлдер мен бұлақ бастауларынан аяқасты қалмауын қатты қадағалап, күзетіп, оспадар әрекеттерге тыйым салған. Кезінде біздің «тасына таңба салуға Абылайдың өзі баптаған» деп толғануымыз содан болатын. Ұлы хан бұл өңірден өкше көтергеннен соң – ақ Бурабайды көкпарға түскен серкедей  бор –байдан іліп алып, әр тұсқа жұлмалай тарту, тонау, тағылықпен талау басталды. Осы үрдістің тізгін бермей үдере дүрлігуі Омбыдағы орыс ұлығының Бурабайдың кіндік тұсынан ойып алып, Ресей солдаттары мен ақсүйектерін құрт ауруынан емдеу, сауықтыру орнын ашумен орайлас келді. Сібір өлкесі мен алапат қазақ жерінің бір де бір пұшпағында кездеспейтін ғажап, мөлдір, көкірегіңе емдауа болып сіңіп ктер шайырлы, эфирлі ауасы құрт ауруының бетін қайырар қуатымен оқшауланды. Осы бір ғаламат сырдың тетігін таныған орыс ұлықтары Бурабайды игеріп қана қойған жоқ, иектеп иелік етті, ойларына не келсе соны істеп бақты. Аз ғана жыл ішінде өз тарихын тоқсан жылдың әр жағынан бастайтын бүгінгі Қарағайлы (Бурабай) шипажайы түбегейлі оранп, қанатын кеңге жая түсті. Аспанмен астасқан ғасырлық қарағайлар оталып, сауықтыру орындары, оларға қызмет ететіндердің баспаналары бой көтере бастады. Сөйтіп аз ғана жыл ішінде бірнеше мыңдық тұрғыны бар Бурабай қыстағы ірге бекітті. Казачество тасқыны бұл кезде Бурабай төңірегіне өз шеңгелін батыра салып емін – еркін иелікке көшкен. Станица бекеттер тұрғыза бастаған. Бүгінгі Бурабаймен іргелес отырған Ивановка мен Александровка, Дорофеевка мен Щучинск, Қотыркөл мен Вишневка селоларының пайда болу тарихын қара шекпенді, жеке аяқтылар қоныстануымен қатар қарастырамыз. Сонымен ғасырға жетпес келеңсіз кезеңде Бурабайдың аядай аумағы төрт құбылысын түгел қымтай қаусыра қысқан қоныстармен құрсауланды. Кеңестік кезеңде бұл құрсаулы шеңбер одан әрі ширатылып Бурабайдың қылта мойнына түскен қыл арқандай тынысын  одан  әрі тарылтып тұншықтыра  тұралата бастаған еді. Бурабайдың күншығыс қапталындағы күре жол бойына келіп құс фабрикасы ірге тепті. Көкшетаудың басқа өңірінде жер құрып қалғандай курортты аймақтың саф ауасына уу болып араласқан құс саңғырығын саңғытып жатқан фабрика дүрілдеп шыға келді. Көк бақа тауық етін жеген басшылар «бұл бір табылған ақыл болды» деп таңдайлары тақылдады. Күніне сан тонна улы саңғырық фабрикадан шылбыр тастам жыраға төгілді. Қолдан рекультивациялау, фильтрациялап залалсыздандыру ешкімнің ойына да кіріп шықпады. Өйткені бұл қосымша қаржы, басы артық жұмыс болып көрінді. Сөйтіп курортты аймақтың экожүйесі бұзылды. Бұл аздық еткендей, тағы бір түсінен шошынған «данышпан» шығып, курорттарды көкөніспен қамту үшін шаруашылықты Бурабайдың өз қойнауынан ашу керек деген ұсынысын ұран етіп көтерді.  Сөйтіп, табиғаттың ғажап шеберлікпен ерінбей – жалықпай жасап берген экожүйесі бұзылып, адамдар тарапынан жасалып келген, әлі де жасала бермек топас тағылығының құрбандығына айналды аяулы Бурабай аймағы. Көз алдымызда болып жатқан тағы бір озбырлық – Абылай алаңын талқандай, құрылыс жүргізуге кімнің ары жетті екен, қай жетесіз рұқсат берді екен дейсіз.

Сұрақ көп, жауап жоқ! Кезінде В.А.Александров, Н.Д.Беклемишев, И.А.Владинский, В.Д.Владинский, В.Д.Дудецкий тәрізді көрнекті ғалымдар Бурабай аймағынан адамдар денсаулығына араша  түсер емшара орталығын ашып, халыққа қызмет етуді көздеген ізгі – мұратты көксесе, бүгінгі иегінің астындағыдан әрідегіні көргісі келмейтін басыр пиғылды басшылар бұл аймақты аяусыз тағылықпен тонауға көшкен. Жүйрік көлікпен бірер сағатта – ақ Бурабайдың іші – тысын адақтай аралап шығуға болатын Арқа төсіндегі ұлтарақтай ғана мүйісте бүгінде 70 – тен астам санаторийлер мен сауықтыру орындары жұмыс істеп тұр дегенге таң қаласыз. Оны азсынсаңыз Тәуілсіздік тізгіні өз қолымызға тигелі тағы да 20 – ға жуық ірі нысандар  құрылысы жүргізілуде дегенге сенесіз бе? Оны да місе тұтпасаңыз, жартастар мен қырандар ғана ұя салған ұшпа шыңдарға дейін шығандап шығып алып, бой көтере бастаған жекеменшік виллалар төбесін көргенде жағаңызды ұстайсыз. Осындайда қазақтың «көк қарға артына қарамай әулие ағаштың басына саңғиды» дегені еске түседі. Бурабайды әулие ағашқа теңей алсаңыз, Құдайдың жері құрып қалғандай қия шыңға шығып алып үй салған жетесіздерді көк қарғаға теңемеске лажың жоқ қой.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Ата – бабаларымыз қасықтай қаны қалғанша ұлтарақтай жер үшін жан алысып, жан берісті. Міне, соның нәтижесінде ұшқан құстың қанаты талатын ұланғайыр жер ұрпағына мұраға қалып отыр. Оны ұқсатып ұстау, әрине, өз қолымызда. Кең байтақ даламызда көз сүріндірер көркем өлкелерден кеңде емес. Сондай жер шоқтығының бірі – Бурабай.

Жыл сайын алыс – жақын шет елдерден туристер ағылып келеді. Келушілер қысы – жазы толастамайды. Туризм саласы бізге ең бірінші экономикалық тұрғыдан орасан пайда әкеледі. Екіншіден, шетелдіктерге қазақ халқы туралы жағымды мағлұмат беретін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Көкшетау маңында орын тепкен Бурабайдағы экономиканың іргелі салаларының бірі қалай дамуда? Осы шығармашылық жұмысты жаза отырып төмендегідей тұжырымдарға келдім:

— Аймақтық жерлерде спорт басқармасы мен туризм басқармасы бөлек болуы керек. Сонда ғана туризм саласына толыққанды көңіл бөлінбек.

— Мамандардың жетіспеушілігі. Мысалы, жыл сайын болжау жұмыстарын жүргізу керек. Соның арқасында әлеуметтік мәселелер өз шешімін тауып жатады. Қазақстанның байтақ жері бар, Каспий секілді алып теңізі бар. Экологиялық,мәдениет, білім, спорт туризмдерімен қатар, біз қазір іскерлік туризмге көп көңіл бөліп жатырмыз. Астана – Ақмола облысының жүрегінде орналасқандықтан, саяси тұлғалар Бурабайда бір демалып кеткенді ұнатады. Қазақтың көрсететін жерлері көп қой.

— Бурабайдың көл жағалай жайқалған ақ қайындары қанша қарасаң, да көз тоймайды… оны аруға да, аққуға да теңеген ғой қайран қазақтың ақындары.

«Балдәурен» республикалық оқу – сауықтыру орталығы Еуропа бизнес ассамблеясы серіктестірінің ұсынысы бойынша «European Guality» халықаралық марапатына ие болған. Мұнда 5-9 сынып оқушылары жыл он екі ай бойы денсаулықтарын түзеп,білімдерін жалғастырыпғ таңдаған шығармашылық ұстанымын шыңдай алады.

—  Шетелдіктерге қазақтың ұлттық ұғымдарын, салт – дәстүрлерін, халықтық музыкасын, ұлттық спорт түрлерін, бай тарихын насихаттап, бабалар жолын ұлықтаған туризм ған ұлт мүддесіне қызмет етпек. Осылай ғана кең қолтық қазақ халқы өзінің әлем алдындағы бет бейнесін шынайы көрсетеді. Ел экономикасы ілгерлесін десек, туризмге көңіл бөлейік…

— Туризммен бірге Бурабайдың экологиялық жағдайына да көңіл бөлу қажет. Ғажап сұлулығымен қоса саф ауасын, асыл қойнауын, айдынды көлдерін, мөлдір бұлақтарын, жасыл желектерін адамзат үшін азырқанбай бар мырзалығымен сыйлай білген жер жәннаты Бурабай аймағын қорғап, сақтап қалу үшін аянбай күресейік, ағайын.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасындағы туристік қызметі. Нормативті құқықтық актінің жиынтығы. Алматы 2006.
  2. Жолдасбеков Ә.Ә. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың әлеуметтік – экономикалық мәселелер. Алматы. Рауан баспасы, 2000
  3. Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері. Алматы. «Қазақ университеті» 2004
  4. Қонаев Э.А. Қазақстан туризмі, 2004 жыл Статистикалық жинақ. Алматы, 2003 жыл – 164 бет.
  5. Еділбайқызы Л. Экологиялық туризм. Егемен Қазақстан – 2006 – 14 сәуір.
  6. Ралипова Р. Туризм индустриясының ролі мен маңызы. География және табиғат.2005 № 3
  7. Ж.Мусин. Жер шоқтығы Көкшетау. Алматы.Жалын 1989 – 192 бет
  8. Таңғажайып өлке – Бурабай – волшебный край / бас редактор Б.Ғ.Аяған – Алматы. «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС 2009 – 328 бет.
  9. «Луч» газетінде жарияланған мақалалар.
  10. «Бәйетерек» журнал № 2 2007 18-29 беттер.