Білгір биолог.

65

 

Тақырыбы: Білгір биолог.

Мақсаты: Оқушыларды білім жүйесімен ғана қаруландырып қана қоймай, олардың назарын,

білгендерін, жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге

құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ізденімпаздығын,

шығармашылық қабілетін дамыту.

«Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол табылар»

Ж.Баласұғын.

Ал, олай болса құрметті сайыскерлер енді ұшқыр ой, көп ақыл, терең біліммен биология пәнінен алған білімдеріңіздің асқақтығын көрсетіңіздер.

І. «Бәйге» кезеңінде оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Әр жауапқа 10 ұпай.

1) Қандағы қанттың мөлшерін реттеп отыратын гармон (инсулин).

2) Ең тез жылдам өсетін өсімдік (бамбук).

3) «ХХІ ғасыр індеті» аталған ауру (спид).

4) 2000 жылы жұқпалы аурудан 50 мың итбалығы қырылған теңіз (Каспий).

5) Астың қорытылуын жылдамдататын активті зат (фермент).

6) Клетканы зерттейтін ғылым (цитология).

7) Тіркес тұқым қуалау заңын ашқан ғалым (Т.Морган).

8) Жасушадағы энергия беретін органоид (митохондрия).

9) Емдік бал беретін бунақденелі жәндік? (ара)

10) Ағзадағы ең үлкен без (бауыр).

11) 10 жыл өскен ағаштың жылдық сақиналар саны (10).

12) Шайдың отаны (Қытай).

13) Бүлінген жердің қайта қалпына келу құбылысы? (регенерация).

14) Ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруын қалай атайды? (эпидемия)

15) «Зоология философиясы» еңбегінің авторы (Ж.Б.Ламарк).

16) Мақалды аяқтаңыз: Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де …. (қан).

17) Электр заряды бар балық (скат).

18) Информасоманы ашқан ғалым (М.Айтқожин).

19) Ең жоғары саты да дамыған примат (адам).

20) Биогенетикалық заңды ашқан ғалымдар. (Ф.Мюллер, Э.Геккель).

ІІ. Ғажайып үштік. Бұл бөлімде оқушылар қосымша мүмкіндік алады. Алған жағдайда ұпайдың жартысына ие болады.

Өсімдіктер әлемі

 

  10 20 30
Жануарлар әлемі

 

10 20 30
Ең, ең, ең

 

10 20 30

Өсімдіктер әлемі

(10 ұпай) Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген. Емдік қасиеті жағынан Орта Азияда ертеден белгілі болса, Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Түйетабандар тұқымдасына жататын жағымсыз иісті, улы өсімдік.

(Қосымша көмек. Халқымыз «пәле-жаладан сақтасын» деп түтінімен аластайды). (Адыраспан).

(20 ұпай) Тамыры, сабағы, жапырағы болмайтын паразит өсімдік. Жабысқақ тұқымдарына жіңішке жіпшелері өсіп шығып, басқа ағаштың діндері мен тамырларын орайды да, біртіндеп өсе бастайды. Ұзындығы – 90см, кейбір үлкен түрлері 1 жастағы баланың салмағындай болатын ең үлкен гүл.

(Қосымша көмек. Ғалымдар оны британ губернаторы Томас Стемфорд Раффлездің құрметіне атаған). (Раффлезия).

(30 ұпай)  Бұл өсімдік фотосинтез үрдісінде түзілетін, қоректік заттардан басқа бунақденелілермен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Оларды ол түрін өзгерткен аушы жапырақтары арқылы аулайды. әдемі түсі, жағымды иісімен бунақденелілерді өзіне тартып жапырақ бетін бірден жайлап алады.

(Қосымша көмек. Жапырақта ерігіш ферменттер бөлініп, бунақденелілерді қорытады. Жыртқыш өсімдік). (Шыбынжұт).

Жануарлар әлемі 

(10 ұпай) Ұшып келе жатып жемісіне төмен қарай самғаған кезде сағатына 300 шақырым, одан да көп жылдамдықпен зулайды.

(Қосымша көмек. Ол құстардың ішінде ұшу шапшаңдығы жөнінен «ең рекордшы құс» атағына ие болған). (Сұңқар).

(20 ұпай) Оның биіктігі 2,5м, салмағы 120кг. Олардың жұмыртқасы да өте ірі. Ол сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүгіреді.

(Қосымша көмек. Ол Африкада мекендейді). (Страус).

(30 ұпай) Суретті сұрақ

Мынау қандай жануар.

(Қосмша көмек. Тундраның тұрақты тұрғыны, ұзындығы 90 сантиметрге жететін қалың түбітті жүнімен тері астының қалың майы суықтан қорғайды). (Қойбұқа).

Ең, ең, ең

(10 ұпай) Ғаламшардағы ең алып жануар.

(Қосымша көмек. Ұзындығы – 30м, салмағы 120кг). (Көк кит).

(20 ұпай) Ең бойшаң жануар.

(Қосымша көмек. Биіктігі 6 метр). (Жираф).

(30 ұпай) Ең ұзын бауырымен жорғалаушы.

(Қосымша көмек. Ұзындығы 10 метр). (Торлы питон және анаконда).

ІІІ кезең  «Ойлан тап».

Халық  даналығы «Талаптанған тау асар» деген екен. Мына сиқырлы сандықта бір зат бар. Отаны Оңтүстік Америка. Сабағы мен жапырағы, жемісі улы болғандықтан жануарлар сүйіп жемейді. Крахмалды өсімдік. Халқымыз «екінші нан» деп атаған. (Картоп).

І Петр Голландияда саяхатта жүргенде әсем күймесінің терезесінен алыстан алтындай жарқыраған гүлі бар, өте биік өсімдікті көреді. Айдаушысына тоқта деп бұйрық берген патша өзін қошеметтеп жүрген адамнан: бұл қандай өсімдік дегенде, ол бұл өсімдіктің мұхиттың арғы жағынан Мексикадан әкелінгендігін баяндап береді. Алғашқы кезде әсемдік үшін кейіннен ХVІІІ ғасырда жаппай таралады. Кейіннен адамдар мұның әсемдігінен басқа қасиеттерін іздеуге кірісіп, уақыт пен адамның ақыл-ойы бұған жауап тапты. Бұл қандай өсімдік? (Күнбағыс).

ІV кезең «Жорға».

І нұсқа

1) Мүктерді зерттейтін ғылым. (Бриология).

2) Бақалардың дернәсілі. (Итшабақ).

3) Жүйке жасушасы қалай аталады? (Нейрон).

4) Дүние жүзіндегі ең биік ағаш. (Эвкалипт).

5) «Өсімдік пионері» деп қай өсімдікті атайды? (Қына).

6) Қанның қызыл түйіршіктері. (Эритроцит).

7) Сома жасушаларының бөлінуі қалай аталады? (Митоз).

8) Бамбук өсімдігі қандай тұқымдасқа жатады? (Астық).

9) ДНҚ молекуласы қандай нуклеотидтерден тұрады? (АТГЦ).

10) Өсімдктер мен жануарлар жасушаларының негізгі құрылысы ұқсас екенін дәлелдеген кімдер. (М.Шлейден мен Т.Шванн).

ІІ нұсқа

1) Теріні зерттейтін ғылым. (Дермотология).

2) Су асты маржанды жартас қалай аталады? (Риф).

3) Кенеулі заттардың организмге сіңу құбылысы қалай аталады? (Ассимиляция).

4) ДНҚ-ның құрамына енетін қант. (Дезонсирибоза).

5) Толық қалыптасқан ядросы жоқ ағзалар. (Прокариоттар).

6) Ұлпаларға оттекті тасымалдайтын ақуыз молекуласы. (Гемоглобин).

7) Мата, арқанды қандай өсімдіктен жасайды? (Зығыр).

8) Туа біткен тұқым қуалайтын рефлекс. ( шартсыз рефлекс).

9)  Митозды бөлінуге дайындық кезеңі. (интерфаза).

10) Түсті ажырата алмайтын ауруды зерттеген ғалым. (Дальтон).

 V кезең. «Ділмар».

Тақырыбы: «Табиғат саған ана ма, әлде әншейін пана ма?». Ұпайы аз оқушы жақтаушы, ұпайы көп оқушы даттаушы жағын және сөйлеу негізін таңдайды. Ресми дауласу уақыты – 5 минут.