Ана тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

61

Ана тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Елбасымыз Жаңа Жолдауында: «Білім беру саласының басты міндеті – 2050 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту»- деген болатын.

Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс — әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.

Бастауыш сыныпта «Ана тілі» сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мәтіннің, жаттығудың өн — бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады.
Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім ертегіні немесе әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса, балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін мен өзім жетекшілік ететін  3 «А» сыныбында сабақта дамытуда мынадай әртүрлі әдіс — тәсілдерді қолданамын.
Олар мыналар:

  1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау.

Мысалы; Қайсар атасымен қыдырып жүреді. Кенет қой қора жақтан түтіннің иісі келді. Қараса, қой қора өртеніп жатыр екен.
— Қайсар не істеді?


Бұл мәтінді Төлегенов Еркебұлан былай деп аяқтапты:

Қайсар жүгіріп барып, өрт сөндіргіш машинасын шақырды. Жан — жақтан көмекке адамдар да келді. Өрт сөндірушілер мен көршілердің көмегімен өртті шығынсыз өшіріп алды. Қайсардың елгезектігіне атасы риза болды.
Бижан Жанерке былай деп аяқтапты:

Қайсар ойланбастан қораға жүгіріп кірді де, қойларды айдап шықты. Сол кезде қораның үсті құлап түсті. Қайсар қойларды аман алып қалды. Шопан Қайсарға ризашылығын білдіріп, қошақан сыйлады.
Нәтиже: Балада еркін ой дами отырып, жаңа сапалық өзгерістер пайда болады. Балалар еркін пікірталас тудыра алады.

 

  1. Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау.

Мысалы: Шона Смаханұлының (Тәкаппар) мысалын Аманжол Назерке былай аяқтады:
Балықты жағада ойнап жүрген Асқар тауып алды. Оның жағдайын көріп аяп кетті. Оны жүгіріп барып теңізге салып жіберді. Содан бері балық өзінің туған теңіңзін ешқашан жамандамайтын болыпты.

  1. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

Ана тілі пәнінен “Cатқын жапалақ” ертегісін өткенде оқушылар өздігінен мақал құрастаруды үйренді.


  1. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.

Мысалы: Ергешева Нұргүлдің  құраған жұмбағы:
Өзі жас, мұртты
Сүтті ұрлап ішті. /мысық/
Әр үйде белін буған бір пысық бар. /сыпыртқы/
Нәтиже: өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Ойлау, есте сақтау, оқу жылдамдығы дамиды.

  1. Өлең құрастыру.
    Дайын өлең жолдарын бір, екі жолын беру арқылы.
    Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы.

Туған жер

Туған жер кең далам,

Төсінде тұрып ән салам.

Көзге ыстық көрінер,

Сенің орман – тауларың.

                                               Ергешбай Рамазан

Күз

Күзде жайнап жапырақ,

Түседі жерге сарғайып.

Алтын кілем төселіп,

Бос қалады ағаштар.

                                                Бижан Жанерке

 

Нәтиже: Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, психологиялық таралым, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады.

         Қорытынды.
Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Оқушылардың ақыл — ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.

Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың “Ұдайы еңбек ету — өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық
қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек..  Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан — жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.

 

 

Пән мұғалімі:                                               Жүзжасарова Гүлнара