Әшекей бұйымды өңдеу тәртібі. Алқаның жасалу тәсілі.

34

3.2. Әшекей  бұйымды  өңдеу  тәртібі.

Алқаның  жасалу  тәсілі.

 

Алқаны  жасау  тәсілі  мұнда  да  тұтас  мельхиордан  алып, оған  алқаның  суретін  салып, содан  кейін  темір  қайшымен  кесіп  алып  шет – шетінен  егеулеп  тегістеп  алып, кейін  ширатылған  сыммен  ою — өрнектің  ұшын  біріктіріп  алып  алқаның  астыңғы  жағынан  салпыншақтарын  дайындап  алдым. Ал  үстіңгі  шынжырды  кейін  домалақ  сымдарға  орап  алып  оны  темір  қайшымен  қырқып  алып, оларды  біртіндеп  ұштарын  біріктіріп  жонамыз. Бір – біріне  тигізіп  отырып  тоқимыз  да, шынжырмен  салпыншақты  алқаға  ілетіндей  етіп  шеңбер  тәрізді  асты, үстімен  ширатып  аламыз. Алқаның  үстіне  жоба  бойынша  ою — өрнектерді  әшекейлеп  жүргіземіз… Алқаны  қышқыл  суға  салып  тазалап  киізге  пастагон   үйкелеп  тазартып  аламыз.