Әшекей бұйымдарды дайындаудағы технологиялық реттіліктерді өңдеу.

40

3.3. Әшекей  бұйымдарды  дайындаудағы

технологиялық  реттіліктерді  өңдеу.

 

Алқаны   жасау  тәсілі  мұнда  да  тұтас  мельхиордан  алып,  оған  алқаның   суретін  салып,  содан  кейін  темір  қайшымен  кесіп  алып  шет-шетінен  егеулеп  тегістеп  алып,  кейін  ширатылған  сыммен  ою-өрнектің  ұшын  біріктіріп  алып  алқаның  астыңғы  жағынан   салпыншақтарын  дайындап  алдым. Ал  үстіңгі  шынжырды  кейін  домалақ  сымдарға  орап  алып  оны  темір  қайшымен  қырқып  алып,  оларды  біртіндеп  ұштарын  біріктіріп  жонамыз. Бір – біріне  тигізіп  отырып  тоқимыз  да, шынжырмен  салпыншақты  алқаға  ілетіндей  етіп  шеңбер  тәрізді  асты – үстімен  ширатып  аламыз. Алқаның  үстіне  жоба  бойынша  ою — өрнектерді  әшекейлеп  жүргізіледі. Алқаны  қышқыл  суға  салып, тазалап  киізге  пастагон  үйкелеп  тазартып  аламыз.

Мұнда  да  жүзік   тәрізді  жұмсақ  мельхиордан  білезіктің  жағасы  бойынша  суретін  түсіріп, қайшымен  ойып  шет – шеттерін  асумен  тегістеп  етеп  алдым. Сосын  білезікке  тас  орналастыратын  қалыпты  жасаймыз. Шиырланған  сымдар  мен  тастың  көлеміндей  етіп  алып, бір – біріне  ұштастырып  дәнекерледік. Қалыпты  білезіктің  үстіне  отырғызып, өрнектеп  оның  айналасын  ширатылған  сымдардан  иіп  дәнекрледім. Білезікті  толық  дәнекрледім, болған  соң  қышқылға  салып, шамалы  уақыттан  соң  нығыздалған  киізге  пастагойды  үйкеп  білезікті  тазаладым.

Тұтас  мельхиорды  алып  бетін  жоба  бойынша  темір  қайшымен   қиып  аламыз. Оны  кескенде  шет – шетін  асумен  асулап  тегістейміз. Кейін  арнайы  жүзік  шетін  құралмен  иіп  екі  шетін  бір – біріне  ұштастырып  отқа  қыздырып, асықпай  жабыстырамыз. Өлшеп  дайындап, ол  қалыпты  жұқа  тұтас  мельхиордан  Гурбев, Орал, Қарағанды  облыстарында  жиірек  ұшырасатын  Семей  және  Солтүстік  Қазақстан  облыстарында  ішінара  ұшырасатын  қара  аралас  өрнектелу  мен  күміс  әшекейлер  де  тартымды  әрі  әсерлі  болып  келеді. Бұлардың  формалық  мәнділігі  өрнектелу  ырғағының  салдарлығы,  көркемдегіш  желілерінің  тазалығы  және  композициялық  құрылымының  үйлесімді  әрі  тиянақтылығы  арқылы  ашылады. Бұл  әшекейлердің   өрнек  желісіне  мүйіз  пішіндегі  ырғақтар, түрлі  көкөністердің  тартымды  өркендері, әсем  гүлдер, геометриялық  және  астальды  оралымдар  алынған.

Тұтас  мельхиорға  сырғаның  кескінін  түсіріп  аламыз, шет – шетіне  кескін  бойынша  суретке  қарап  оюмен  егеулеп  тегістейміз, болған  соң  тас  отырғызатынын  меңгердім, ширатылған  сымды  шеңберді  екі  ұшын  ұштастырып  ширатылған  ою — өрнектер  түсіріп  дәнекерледім. Кейін  сырғаның  салынатын  шашақтарын  ілетін  құлаққа  кигізілетін  ілмек  дәнекерледім. Барлығын  жасап  дайындап  болған  соң  қышқылға  салып  шамалы  уақыт  ұстап  тұрамыз, сосын  шеткамен  жақсылап  тазалап  болған  соң  ең  соңында  тасты  сырғаға  отырғызып  жапсырамыз, тазалап  қоямыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

  1. Еліміз егемендік алып, келешекке үлкен үмітпен бұрыс жасап жатыр. Қандай мемлекеттің болса да,бет бейнесі мен келешегі жастарға байланысты. Жастар болғанда да, талапты өнерлі жастарды айтамыз.

Олай дейтін себебіміз, ұлттық тәрбие алмаған жастың ұлттық рухы болмайды. Алға қойылған орасан зор міндеттерді жүзеге асыратындар да- жастар. Сондықтанда біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қауым құрамыз десек, жастарды өнегелі рухта, т.б.көптеген салт-дәстүрлеріміз тұрғысынан тәрбиелеуіміз қажет.Осы талап,міндеттерді орындаған ең бір пәрменді құрал-оқу, тәлім-тәрбие жұмыстарында халықтық педагогиканың алтын мұрасын, қанша уақыт өтсе де-тот баспайтындай адалдығы айнадай ұлттық қазынаны пайдалану.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері “Қазақ халқы рухани мұрасы” пәні республиканың барлық оқу орындарында оқытылуға тиіс болатын. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты — қолөнерге үйретуде жастардың бойына жаратылысқа деген, жанды – жансыз әлемге деген, ұлтына деген көз қарастарын мәдени тұрғыда қалыптастыру.

Қоғам жаңашаланып, өткеннің мәдени – тарихи мұралары ортамызға қайта оралып, оның рухани құндылықтары, дәстүрлері, өнерлері адамның адамзат болып қалыптасуына, тұтас алғанда жеке адамды әлеуметтендіру ісінде маңызды роль атқаратындығын көрсетіп отыр. Сондықтан адамзат тарихындағы ең асыл мұраларын қолдан шығарып алмай, білім саласындағы осы “Ақтаңдақтардың” бетін ашып, көне мәдениетімізге тереңірек үңіліп өткен уақыттың рухани мұрасын саралау, талдау қажеттігі туып отыр.

Осы орайда, қазіргі кезде қоғам алға қойып отырған мәселе осы төңіректе. Көптеген білім беру жүйесіндегі жаңашаландыру бағыты, ең алдымен, тәрбие мәселесіне әкеліп соқтырады. Оқу-тәрбие процесін бір тұтас алып  жүретін халықтық педагогика аталған білім мен тәрбиелеу мазмұнын жаңартуға жәрдемдесе алады.

“Халықтық педогогика” дәстүрлерін оқу – тәрбие процесінде пайдаланған әрбір пән, нәтижелі ауқымды көрініс табады. Ал енді халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде халықтың тәрбие  құралдары ( салт дәстүр, қолөнер ) арқылы іске асырылып жатыр.

Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен білім деп түсінген халқымыз “ Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегенді насихаттап келген. Демек халықтың ой түлегі жас ұрпақты қолөнерге уағыздай отырып тәрбиелеу деген ұғымды білдіріп отыр. Осындай халықтық ұрпақ тәрбиелеуде озық тәжірибелері мен ой түйіндері бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қозғаушы күш болары анық. Ендігі мәселе осы тәрбие көздерін пайдалануда қолөнер негіздерін, білім беру жүйесін жетілдіруде, жаңа технология үрдісінде тереңдетіп оқыту жолдарын қарастырып, қажетті оқу құралдарымен әдістемелік, бағдаорламалармен қамтамасыз ету.

Осы мақсатта  мектеп мұғалімдеріне тәлім-тәрбиелік мәні бар, қыз балаларға арналған “Қолөнер негіздері ” – бойынша бағдарлама ұсынылып отыр. Бұл жұмыстың мазмұнының ерекшелігі – қазақ қол өнерінің тек тамырымен ерекшелігін игеру тәсілдері бүгінгі күнгі талаптармен байланыстыра жазылған.

Атадан-балаға жалғасып келе жатқан ұлттық киімдерімізді; қолөнерлерімізді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді; дәстүрімізді қайта жандандырып, қазақ киім үлгілері мен қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине, бұл  халықтық педагогика оқу-тәрбие процесінің құралы болып, бүгінгі таңда кейбір мұғалімдеріміз үшін септігін  тигізіп, осы тұрғыда ізденіп жүрген ұстаздарды көптеп айтуға болды.

Осы ұлттық педагогиканы насихаттап, қазақтың ұлттық киіміне, қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие процесіне арқау етіп, игілікті істерімізді жалғастырып жүрген мектебіміздің технология пәнінің мұғалімдері  қаншама.

Қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық тәләмнің сыры мен ерекшелігін оқушыларға үйреткен киім түрлері, қол өнері түрлерімен ерекшеленіп отыр.

Менің оқушыларға жалпы білім мен еңбек дағдысын игеруде, жаңа технологиялық талаптарды орындау жолында тынымсыз еңбек ету. Мақсатым- қазақтың  ұлттық киімдерін,оның ішінде қазақ ұлттық қалыңдық киімін, қолөнердің барлық салаларын бағдарламаға енгізіп, ұлттық  педагогиканың негізінде шәкірттерге білім мен өнегелі тәрбие берудің тиімділігін көрсету.