Іскерлік ойын. «Талаптыға – нұр жауар»

63

Бекітемін:

2 сынып                        Мұғалім: Шарғабаева Ж.С.

Пәні Тақырыбы Уақыты
«Қызықты грамматика» үйірме жұмысы Іскерлік ойын. «Талаптыға – нұр жауар» 24.04.2013

 

Мақсаттары:
Білімділік: Дамытушылық: Тәрбиелілік:
Оқушылардың ойын арқылы сөз ойлап айту, жұмбақ шешу, ребус шешуге үйрету. Білімдерін тексеру, сатылай кешенді талдау жасату. Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту. Меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Грамматикалық сауаттылықтары арттыру. Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу. Жан-жақты ізденушілікке баулу.

 

 

 

Түрі: ойын, жарыс сабақ.

Әдіс-тәсілдері: ойын, сөзжұмбақ шешу, сұрақ-жауап, СКТ.

Көрнекіліктер: мультимедия тақта.

Пәнаралық байланыс: математика, ән, дүниетану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

«Шаттық шеңбері»  психологиялық дайындық. Оқушыларды үш топқа бөлу. Топтарға ат қою. Оқушылар берілген тапсырмаларға ауызша және жазбаша түрде жауап береді. Әр дұрыс жауапқа қошемет көрсетіліп отырады.

«Білімпаздар» тобы,            «Зеректер» тобы           «Дарындылар» тобы

Бір шумақ ән жолымен. Бесігінде бақыттың,

    Ән-жырымен уақыттың,

   Қанатында арманның,

  Шыршасындай орманның

 Өсіп келе жатырмын.

ІІ.Жаңа сабақ.

  1. Ойнайық та, ойлайық! «Бұл қай дыбыс?» Дыбыстық мінездеме беру.


Қымызда бар, 
Шұбатта жоқ.
Ындызда бар,
Қуатта жоқ.  
(Ы)

 

Түленде бар, 
Балықта жоқ.
Шүленде бар,
Халықта жоқ.  
(Ү)

 

Жемісте бар, 
Жидекте жоқ.
Өрісте бар,
Жиекте жоқ.   (С)


Тапсырма-1. Үш топ берілген әріптерге дыбыстық мінездеме береді.

  1. «Кім жылдам?» Ойын «Кім көп сөз айтады?» Тапсырма-2. Берілген әріптерден кім тез көп сөздер құрастырады?  Және одан бір шыққан сөзге математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме бер.
         а    қ    т     а      ы     л    о        ғ       ұ    л      з    м    

 

 

 

 

 

 

  1. Ұйқасын тап.

Тастан тасқа секіріп,
Жем тереді…
       Кекілік.
Құйрығы он қарыс,
Бұл айбатты..
Жолбарыс.
Жүнді жайып өрнектеп,
Шиге орап тептік төпелеп.
Сосын аштық көрмек боп,
Дап-дайын тамаша…
Текемет.

Тапсырма-3. Шешуіндегі сөздерге сөзсазындық талдау жасау. І-ІІ деңгей

  1. «Оқыған озар, Еріншек-тозар», «Жұмбақ әлемінде» жұмбақ шешу.
    Кең байтақ туған жеріме,
    Кетпесін деп жат із өтіп.
    Тыныштық тілеп еліме.
    Отанды кім тұр күзетіп?
    /Жауынгер/
    Тоққа тисе мұрты ұзын,
    Табанымен жазық.
    Киімдердің қыртысын,
    Береді тез жазып.
    /Үтік/
    Шүберек қабығы,
    Іші құс мамығы.
    /Жастық/

Тапсырма-4. Шешуін тауып үш топтан топ басшылары зат есімге сатылай кешенді талдау жасайды.
5.
«Сөздер шынжыры» ойыны

Экранда берілген сөздердің соңғы әріпін пайдаланып жаңа сөз туып «сөздер шынжырын» құру.

Қарлығаш                шарбақ               

  1. Сызба бойынша заттарға сипаттама беріңдер. Сипаттама беруде қай сөз табын пайдаландың?
Түсі Түрі Дәмі
     

 

                                                       

 

Тапсырма-5. Сын есімге сатылай кешенді талдау жасау.

7.Сиқырлы сөздер.   «Телефон» ойыны. Телефондағы сандар арқылы сөз табу.

Өлеңді жатқа айтып бер.

ІІІ. Қорытындылау. Бір шумақ ән жолымен.

ІV. Мадақтау.