Еңбек ер атандырады

61

Тақырыбы: Еңбек ер атандырады

Мақсаты:      1Үлкендердің еңбектері туралы, «Еңбек ер атандырады» деген тақырыпты қайталау.

2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Мейірімділікке,еңбекқорлыққа,адалдыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер,мамандықтың суретін көрсету.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме,

Сабақтың түрі:Қайталау

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

II Сабақ мазмұны

-Балалар бүгін  біз «Еңбек ер атандырады» деген тақырыпты қайталаймыз.

Сабақты С.Мәуленовтың «Елдің бәрі жұмыста»-деген өлеңінен бастау

Қарап тұрсаң,не керек

Елдің бәрі жұмыста.

Гүл сорады көбелек,

Дән тасиды құмырсқа

Н.Жанаев «Егінші»

Бітік егін өсіріп,

Еліне бақ сыйлаған.

Егінші ісін өс біліп,

Ол-халыққа сыйлы адам

М.Әлімбаев «Қозы»

Көп-кішкене,момақан,

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам: «Қозым»-деп,

«Қошақаным»-өзің деп

 

Сергіту сәті: :   Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Себетке оны салайық

 

VII Бекіту

-Шопан не бағады ?

-Алынатын өнімнің суретін көрсет.

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.