Тәуелсіздік тұғырың

Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырың

Мақсаты:      1 Балаларға Қазақстан Республикасының халқы ешкімге тәуелсіз екенін,! «Тәуелсіздік» ұғымын қалыптастыру.

2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Мейірімділікке,еңбекқорлыққа,адалдыққа,отан сүйгіштікке  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер,Қазақстан картасы,Қ.Р. рәміздері.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме,

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгін  біз «Тәуелсіздік тұғырың»-тақырыбында әңгіме өрбітеміз!

-Оны бастамас бұрын бәріміз орнымыздан тұрып,оң қолымыз жүрегімізде Қазақстан Республикасының Әнұранын айтамыз.

V Жаңа сабақ

Қ.Р. Рәміздерімен таныстыру. «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасымен таныстыру.

Қазақ халқының хандары:Тәуке,Әбілхайыр,Абылай хан.Билері:Төле,Әйтеке,Қазыбек би,ел қорғаған батырларНаурызбай,Бөгенбай,Қабанбайлармен таныстыру.Олар еліміздің көркейюіне,ұрпағының жалғасып,тәуелсіз ел болуға көп күш-жігерін ,терін төкті.

Е.Өтетілеуов     «Қазақстан»

Үлкен өзен ,көлдері,

Үлкен орман,шөлдері.

Үлкен қала,тауы бар,

Елді?-ендеше табыңдар.

Әрбір қазақ баласы,

«Өзім сонда тұрам!»-дер,

Бұл қазақтың даласы,

Ата-бабам туған жер.

Сергіту сәті: Қара жорға әнінің 1-шумағына билеу

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

М.Әлімбаев        «Қазақстан байрағы»

Зеңгір аспан көгілдір,

Алтын күні төрінде

Тамылжытып төгіп тұр,

Шаттық сыйлар көңілге

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндер,

Бала өседі талапты.

VII Бекіту

-Қ.Р-ның президенті кім?

-Қ.Р-ның әнұранын кім жазды?

-Қ.Р-ның елтаңбасының,туының авторы кім?

VIII Бағалау