Ана-өмірдің гүлі

56

Пәні:Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ана-өмірдің гүлі

Мақсаты:      1. Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп,оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру.

2.Оқушылардың  ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.

  1. Балаларды имандылыққа мейірімділікке,кішіпейілдікке,адал достыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі:Мақал-мәтел, сурет үлгілері,нақыл сөздер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме,сұрақ-жауап

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

 

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар барлығымыз білетін ана туралы әнді айтайық.

-Бүгін аналарымыз туралы әңгіме жүргіземіз.

 

V Жаңа сабақ

Сурет бойынша әңгіме құрау.

Ана туралы тақпақтар айту.

Ардақты ана.

Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.

 

Сурет бойынша құрастырған әңгімелерін тыңдау.

 

ергіту сәті: :   Кел,балалар,тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Шаңырақты көтеріп

Керегені құрайық

Уықтарша иіліп

Шаңыраққа қосылып,

Қазақ үйді құрайық

Ойын: «Анамызға гүл сыйлайық»

VII Қорыту

-Балалар қандай тақырыпта әңгіме айттық?

-Соңынан «Анашым» әнін орындату.

 

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.