Тату доспыз бәріміз

Тақырыбы: Тату доспыз бәріміз

Мақсаты:      1. Балаларға достық,татулық,бауырмашыл деген не екенін түсіндіру.

2.Оқушылардың  ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.

  1. Балаларды имандылыққа мейірімділікке,кішіпейілдікке,адал достыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі:Мақал-мәтел, сурет үлгілері,нақыл сөздер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме,сұрақ-жауап

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

 

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

-Сенің досың кім?-оқушылардан жеке-жеке сұрау.

Балалар бүгігінгі сабақта тату доспыз бәріміз деген тақырып та әңгіме жүргіземіз.

Қайырлы күн!Әрқашан күн сөнбесін.

Күн нұрындай жылуын төге берсін,

Күндей жарық,көңілді күй кешейік.

Бәріміз тату дос боп бөлісейік.

V Жаңа сабақ

Сурет бойынша әңгіме құрату.

-Біздің қаламызда  әр түрлі ұлттар тұрады,ал сендер  осы ұлттарды атап бере аласыңдар ма?

-Біздің ол ұлттармен қарым-қатынасымыз қандай?

-Біздің ұлттық тіл қай тіл?

Өлең оқу:

Жақсылыққа бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Ақпыз,қара,сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

 

Сергіту сәті: :   Кел,балалар,тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Шаңырақты көтеріп

Керегені құрайық

Уықтарша иіліп

Шаңыраққа қосылып,

Қазақ үйді құрайық

VII Қорыту

-Балалар қандай тақырыпта әңгіме айттық?

-Қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?

-Досыңа қандай болу керек?

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.