Сайлау үрдісі

77

Тақырыбы: Сайлау үрдісі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Сайлау үрдісі туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Легитимация. Саяси аренада билікке таласушы күштер арасында қақтығыстардың болып жатуы заңды. Кейде екі жақ бір-бірінің қадамын аңдып, қарсыласының ісін жоққа шығару мақсатында түрлі амал қолдануы мүмкін. Бұқара алдында қарсыласының беделін түсіретін материалдар жариялау да осыған жатады. Кандидаттары сайлауда жеңіліске ұшыраған жақ ондайда сайлау үрдісінде жіберілген қателіктер мен заңсыздықтарды алға тартып, қарсыласының сайлануын заңсыз деп таныту бағытында әрекеттер жасайды. Адамның билік тұтқа-сынакелуінің заңдылық деңгейін айқындауда легитимді немесе легитимді емес деген терминдер қолданылады.

Легитимация (лат. legitimus — заңды) — белгілі бір әрекетті, оқиғаны, айғақты немесе лауазымды тұлғаны қоғамның тануы.

Мынадай:

  • оппозициялық күштерге әкімшілік қысым көрсету;
  • сайлаушылардың тізімін жасаудағы бұрмалаушылықтар;
  • сайлауға қатыспаған азаматтардың дауыстарын пайдалану;
  • оппозициялық партиядан түскен кандидаттардың соңынан түсіп, қылмыстық іс қозғау;
  • қарсыласына күйе жағып, жалған ақпарат тарату.
  • Мұны қара күйе дейді (черный пиар ағылш. pullig relation — әлеуметпен байланыс);
  • электронды дауыс беру жүйесіне байланысты бұрмалаушылықтар;
  • болымсыз немесе ойдан шығарылған себептермен бақылаушыларды тіркемей қою.

Сайлауға қатысу шарттары. Демократиялық елдердің бәрінде сайлауға қатысатын партиялар мен блоктар үшін белгілі бір шарттар қойылады. Олардың негізгілері:

1) ақшалай кепіл;

2) партияның жарғысы мен бағдарламасы туралы мәлімет;

3) кандидаттың үкіметпен байланысы болмауы (үкіметтік мекемелерден түсім түсіріп тұратын жағдайы болмауы керек).

Сайлау алдындағы үгіт. Демократиялық елдерде мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап не қарсы кедергісіз сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді. «Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңының» 28-бабының 6-тармағында былай делінген: «Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орын белгілейді және оларды стенділермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгіттік баспа материалдары барлық кандидаттар үшін құқықтарын тең қамтамасыз ететін жағдайда орналастырылады. Канди­даттар үгіттік баспа материалдарын тиісті объект иесінің рұқсатымен өзге орындарға іліп қоюға құқылы».

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Заңы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың, сайлау науқанын объективті ашып көрсетуге, кандидаттың немесе саяси партияның іскерлік абыройына нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге ақпараттарды жариялаудан аулақ болуға міндетті. Алайда демократиялық институттары әлі жетілмеген, билікте авторитарлық басқару амалдарын қолданатын адамдар отырған елдерде саяси қарсыласына қара күйе жағу құбылысы жиі ұшырасады. Мұндай құбылыстардың биліктің жоғары органдарын сайлау үрдісінде орын алатын жағдайлары да аз емес.

Сайлауды қаржыландыру. Сайлау үрдісін қаржыландырудың бірнеше арналары бар. Олардың ішіндегі бастылары:

  • партия кассасы,
  • мемлекет тарапынан қаржыландыру,
  • демеушілер қаражаты,
  • кандидаттың өз қаржысы.

Құжаттар дайындауға, теле-радиохабарларға шыққан шығындар мемлекет тарапынан бөлінген қаржымен жабылады. Әдетте, мемлекеттің қаржысын парламенттік партия пайдаланады. Жәрдем ақша мөлшері парламенттегі орындар санына тәуелді болады.

Дауысты санау. Сайлау үрдісіндегі ең жауапты мезеттің бірі — дауысты санау болып табылады. Белгілі бір кандидатқа берілген дауыстарды санау барысында неше түрлі бұрмалаушылықтар кездесіп жатады. Дауыс санау үрдісінде бұрмалаушылықтарды болдырмау үшін қолданылып жүрген екі ереже бар. Оның біріншісі — дауыс қағаздарымен жүргізілетін операцияларды орындаудың заңда көрсетілген тетіктерін қатаң сақтау; екіншісі — урнаны ашу мен дауысты санауды бақылауға сенім білдірілген адамдарды, кандидаттардың, партиялардың және халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын, БАҚ өкілдерін қатыстыру.

Әр азаматтың дауысының маңызы. Азаматтың өз елін тікелей өзі немесе сайланған өкілдер арқылы басқаруға қатысу құқығы аса маңызды саяси құқықтардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы әр азаматқа мемлекеттік және жергілікті басқару органдарына сайлау және сайлану құқығын береді.

Неміс философы К Ясперс былай деген екен: «Келешек — адамдардың таңдау жауапкершілігімен және тәртібімен, түптеп келгенде, өмір сүріп жатқан миллиардтардың ішіндегі әр адамның жауапкершілігімен айқындалады.

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 25