Қоғамдық бірлестіктер

Тақырыбы: Қоғамдық бірлестіктер

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қоғамдық бірлестіктер туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Қоғамдық бірлестіктер. Өркениетті қоғамда мемлекеттік саясатқа ықпал етіп отыратын толып жатқан күштер — қоғамдық бірлестіктер, әскери-өнеркәсіп кешені,

Коалиция (лат. coalitio — бірігу) — мемлекеттердің, саяси партиялардың, өзге қоғамдық бірлестіктердің бәріне ортақ саяси, әскери, экономикалық мақсаттарды көздей отырып бірігуі.

Саяси партиялар дегеніміз — уақыт өткен сайын елдегі және дүние жүзіндегі даму үрдістерін ескере отырып, өзгеріп отыратын, қоғамдағы саяси белсенді адамдардың динамикалық ұйымы болып табылады. Қазіргі демократиялық қоғамды саяси партияларсыз немесе «бір партиялы» құрылыммен көзге елестету мүмкін емес.

Биліктік құрылымдағы орнына қарай партиялар: билеуші және оппозициялық болып бөлінеді.

Билеуші партия деп сайлауда көпшілік дауысты жеңіп алып, үкіметті құруға мандат (лат. mandatum — өкілет-тікті куәландыратын құжат) алған, заң шығарудың, басқарудың (кейбір елдерде сот билігінің де) барлық органдарына өз адамдарын отырғызып, мемлекеттік билікті толық немесе басым жүзеге асырып отырған партияны айтады.

Оппозициялыц партиялар үкіметтің қызметіне сыни көзқарас танытып, оның кемшіліктері мен қателіктерін көрсетіп отырады.

Саяси партиялардың атқаратын негізгі міндеттері:

  • қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың арасында делдалдық қызмет атқарады;
  • сайлау науқанын идеялық және ұйымдық жағынан қамтамасыз етеді;

— депутаттыққа кандидаттар ұсынады.

Қоғамдық ұйымдар. Түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің ортақ мүдделеріне қарай бірігуінің формалары мен түрлері қоғамдық ұйымдар деп аталады. Олар —одақ, ұйым, қоғам, қозғалыс, ассоциация, комитет, гильдия т.б. аталады. Көпшілік жағдайда олардың қызметтерінің сипаты «халықтық», «азаматтық», «бұқаралық» деген анықтаушы сөздермен айқындалады

Қоғамдық ұйымдар халық бұқарасының саяси белсенділігін арттыруға, қоғамдық прогрестен туындаған мәселелерді шешуге көпшілікті жұмылдыруға, өзекті әлеуметтік мәселелерге үкіметтің назарын аудартуға ықпал ете отырып, үлкен істер атқара алады.

Бекіту кезеңі:

  • Саяси партия мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы ұстанымды айырманы атаңыздар.
  • Қазақстанның саяси сахнасында әрекет ететін саяси партияларды атаңыздар және оларды мәтінде аталған түрлер бойынша саралаңыздар.

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 26