Қазақстан Республикасының Парламенті

88

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Парламенті

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Парламенті туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Парламент жене оның құрамы. Қазақстан Республикасының Парламенті—Қазақстан Республикасьшдағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. Ол екі палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады.

Парламент (франц. parler, parlement, ағылш. parliament — сөйлеу) — жоғары өкілетті орган. Парламенттің екі палаталы жене бір палаталы құрылымдары болуы мүмкін. Әдетте, құрылымы федерациялық нысандағы мемлекеттер екі палаталы парламент құрады. Төменгі палата-лар және бір палаталы парламентер төте дауыс беру мен сайланады.

Сенат жене оның құрамы. Сенат — Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасы.

Сенат (лат. senatus, түбірі senex—қария) — Ежелгі Римде мемлекеттің жоғары органдарының бірі. Сенат патрицийлер тұқымынан шыққан ақсақалдар кеңесінен бастау алады. Қазір көптеген елдер парламенттерінің жоғарғы палаталары осылай аталады. Сенат кейбір елдерде төте (АҚШ, Италия) немесе көп сатылы (Франция) дауыс берумен сайланады. Кейбір елдерде Сенаттың құрамын жартылай немесе тұтасымен мемлекет басшысы тағайындайды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты екі жолмен жасақталады.

  • Әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және республиканың астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан;
  • Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындаган жеті депутаттан түрады.

Қазақстан Республикасының кемінде 5 жыл азаматы болған, 30 жасқа толған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе республика астанасының аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азамат Сенатқа депутат бола алады.

Мәжілістің қазіргі құрамы бір мандатты аумақтық сайлау округтерінен сайланатын 67 депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады. Мәжіліске жасы жиырма 25-ке толған респуб­лика азаматы депутат бола алады.

Парламенттің алғашқы сессиясында палаталардың бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына ант береді.

Депутаттық сұрау салу депутаттың мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына осы органның немее  сол лауазымды адамның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде Парламент сессиясында түсініктеме беруін немесе өзінің көзқарасын баяндауын ресми түрде сұраған талабы болып табылады.

Парламент депутаты премьер-министр мен Үкімет мүшелеріне, Ұлттык банктің төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне, Бас прокурорға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Республикалық бюджеттің атқарылуын тексеру жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы мен мүшелеріне депутат­тық сүрау салуға құқылы.

Лауазымды адам сұрауға жауапты Парламенттің немесе палатаның пленарлық отырысында береді. Депутаттың сұрау салуына қайтарылған жауап пен оны талқылаудың қорытындысы бойынша Парламент немесе оның палатасы қаулы қабылдайды.

Депутаттардың топтарға бірігіп жұмыс жүргізуі. Депутаттар Парламентте мынадай бірлестіктер құра алады:

Фракция—депутаттардың ұйымдасқан тобы. Бұл саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің атынан құрылып, заңда белгіленген тәртіп бойынша тіркелген топ болуы мүмкін. Ол Парламентте саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің мүддесін білдіру мақсатында құрылады;

Депутаттық топ—депутаттардьщ өз өкілеттігін жүзеге асыру, сайлау округтерінде бірлесіп жұмыс істеу үшін құрылатын бірлестігі.

Депутат өз жүмысында ешкімге де тәуелді болмауы керек. Депутаттык міндеттерді орындауға кедергі жасау мақсатымен депутатка немесе оның жақын туыстарына кай түрде де ықпал жасау әрекеті заңды түрде айып-талады. Депутаттар алдындағы өз міндеттерін орында-майтын, оған көрінеу жалған ақпарат беретін, депутат кызметінің кепілдігін бүзатын мемлекеттік органдар мен қоғамдык бірлестіктердің, жергілікті өзін-өзі баскару органдарының, үйымдарының лауазымды адамдары жауапка тартылады.

Парламенттің жүмыс тәртібі. Парламент өзінің жұмысын сессия тәртібімен жүргізеді. Сессия палата-лардың біріккен және оңаша Палаталарынан, Палата бюроларынан, Палаталардың тұрақты комитеттері мен бірлескен комиссияларынан тұрады. Жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясын сайлау корытындылары жарияланғаннан және әр палата депутаттарының үштен екісі сайланғаннан кейін отыз күннен асырмай Респуб­лика Президенті шақырады. Парламент сессиясы Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында ашылып, сондай отырыста жабылады.

Мәжіліс пен Сенат бірлескен отырыста басқа да маңызды мәселелерді шешеді.

Заң жобаларының даярлануы және қабылдануы.

Мәжіліс заң жобасын мұқият қарайды. Жобаның әрбір бабы, әрбір ережесі жеке талқыланады. Сонан соң дауысқа салынады. Егер Мәжіліс депутаттарының жартысынан астамы заң жобасын қуаттап дауыс берсе, ол қабылданды деп саналады. Содан кейін заң жобасы Сенаттың қарауына жіберіледі. Онда да заң жобасы түбегейлі талқыланудан өтіп, одан әрі жобаның қабылдану немесе қабылданбау мәселесі дауысқа қою арқылы шешіледі. Егер Сенат депутаттарының жартысынан көбі заң жобасын жақтап дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі. Осыдан кейін заңға Президент қол қояды, сонда жоба заңдық күшіне енеді.

Конституция да былай деп жазылған: зандар азаматтардың құқығы, бостандыктары мен міндеттері, меншік, салык салу, мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен кызмет істеуі, мемлекеттік және әскери кызмет, білім беру, денсаулық сактау, қоршаған ортаны сақтау, қорғаныс пен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.б. мәселелері бойынша қабылданады.

Парламент жұмысы демократиялық негізде жүргізіледі. Заң жобаларын өзірлеуге кәсіпқой заңгерлер, экономистер, социологтар, инженерлер, дәрігерлер т.б. қатыстырылады. Мәселені алдын ала талқылау үшін Мәжіліс пен Сенат парламенттік тыңдаулар өткізеді, оған ғалымдар, мемлекеттік органдар қызметкерлері, жұртшылық, радио, теледидар, газет өкілдері шақырылады.

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 40