Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік және оның қағидалары

185

Тақырыбы: Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік және оның қағидалары

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік және оның қағидалары туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қылмыстық іс жүргізу құқығы – бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Қылмыстық процесс – бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:

  • Тікелей – әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс;
  • Жалпы – заңдылықты нығайту, қылмыстардың алдын алу және жою; азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу

Қылмыстық процестің міндеттері мынадай:

  • Қылмыстарды тез арада және толықтай ашу
  • Кінәлілерді табу
  • Заңдарды дұрыс қолдау

Қылмыстық іс жүргізу құқығының төмендегідей негізгі қағидалары, олар:

  • Қылмыстық процестегі жариялылық – мемлекеттіліктің негізгі белгілейді;
  • Іс мән – жайларының жан-жақтылығы, толықтығы және объективтілік қағидасы;
  • Айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету қағидасы ;
  • Кінәсіздік презумпциясы қағидасы;
  • Айыпталушы соттың заңды күшіне енген үкіммен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады;
  • Ешкім өзіне-өзі қарсы айғақ беруге міндетті емес;
  • Сот төрелігін жүзеге асырған кезде заңды бұзып алған дәлелдемелерді қолдануға жол берілмейді;

Сабақты қорытындылау:қылмыстық істер бойынша сотта іс қаралғанда қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуына жол беріледі

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §23, 126-129 бб. мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.