Қылмыстық процеске қатысушылар

Тақырыбы: Қылмыстық процеске қатысушылар

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға қылмыстық процеске қатысушылар туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;

6)іздені,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Қылмыстық процесс – күрделі процесс, оған әр түрлі адамдао қатысады. Қылмысқа қатысушыларды ІІІ топқа бөлінеді:

І. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар;

ІІ. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар;

ІІІ. Қылмыстық процеске қатысушылардың 3-ші тобын шартты түрде 3 шағын топқа бөлуге болады:

1-ші топ: дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтын процеске қатысушылар. Оларға: куәгерлер, мен сарапшылар жатады;

2-ші топ: іс жүргізу әрекеттеріне жәрдемдесу үшін тартылатын процеске қатысушыоар. Олар: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшылары, кепілшілер, тану жүргізетін статистер және т.б.

3-ші топ: сот шешімдерін орындауға қатысатын мекемелер мен ұйымдар және соған орай үкімді орындау кезінде туындайтын іс жүргізу мәслелерін шешуге қатысатындар.

Қылмыстық топқа қатысатын адамдар. Олар:

 

  • Сотталушы
  • Сотталған адам
  • Тергеуші
  • Прокурор
  • Адвокат
  • Қорғау
  • Қорғаушы
  • Судья
  • Жәбірленуші
  • Куә

 

 

 

Сабақты қорытындылау:қылмыстық істі жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §24, 129-135 бб. Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.