Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»

88

Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алпанова Ақкүмистің  3 «ә»сыныбына арналған ана тілі пәнінен қысқа мерзімдік жоспары

 

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»

Сабақтың мақсаты: Қамқорлық туралы түсінік беру. Жанашырлық,аяушылық сезімдерін дамыту.

Адамға,жан-жануарларға, құстарға,өсімдіктерге қамқорлық жасай білуге үйрету.

Білімділігі: Оқушылардың  білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу,жетілдіру.

Дамытушылығы:  Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, ауыз екі сөйлеуі дағдылары  мен жазба тілдерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге,үлкендердің ақылын тыңдауға үйрету.Туған жерін,табиғатты сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Оқытудың нәтижелері:

  1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастыру.
  2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіндіру.
  3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алдырту.
  4. Оқушы өз ойын еркін,сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсіл(топтық жұмыс)                                                         2-модуль Сыни тұрғыдан  ойлауға үйрету Ассоциация(INSERT түртіп алу)

3-модуль-Бағалау,      4-модуль-АКТ пайдалану, 7-модуль-көшбасшылық(топты басқару

және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:

1.Үй тапсырмасын тексеру

2.интерактивті тақтамен жұмыс

3.Топпен жұмыс

4.Кері байланыс

  1.   бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

I.Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері:

Мұғалім балалармен бірге ортаға шығып «жылылық шеңберін»  құрып сәлемдеседі.

Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен,көтеріңкі

көңілмен жеткізу:

-Сен нағыз доссың;ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың;адал доссың;

еңбекқорсың;қайырымдысың; әдептісің;өнерлісің; ақкөңілсің;кішіге қамқорсың т.б.

  1. Топқа бөлу       

1- топ        Адамгершілік тобы.

2 – топ     Мейірімділік тобы

3 –топ       Қайырымдылық тобы

3.Оқушының зейінін сабаққа аудару

4.Мәтінді тарату

5.Деңгейлік тапсырма

Оқушының іс-әрекеті:                  1.Ережеге бағыну 2.тапсырмалар орындау 3.бағалау

II.Үй тапсырмысын тексеру  

1-тапсырма.Модуль Диалогтық оқыту  

Бүркіт  мәтінінің мазмұнын білу.

2-тапсырма Модуль АКТ

Интерактивті тақтамен жұмыс

III.Жаңа сабақ

1.Бердібек Соқпақбаев  1924 жылы 15-қазанда Алматы облысы,Нарынқол ауданы,Қостөбе ауылында туған.Балаларға арналған 20-дан астам әңгіме,роман кітаптарын ұсынды. « Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Шынықсын денеміз»атты еңбектері бар. «Менің атым Қожа»фильмі 1967 жылы Францияда өткен халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер фестивалінде арнаулы жүлдеге ие болды.       Ол 1991 жылы дүниеден өтті.

3-тапсырма

Ой қозғау. СТО  әдісі  INSERТ  Мәтінмен жұмыс. «Қамқорлық»

2.Мәтінді оқушыларға өз беттерінше тізбектей оқыту.                                                                     Балалар түртіп алу жүйесі бойынша      «v»-білемін,   «+»-жаңалық, «?»- түсіндіріңіз                                               сөздік жұмысын жүргізу.

Жан далбаса-асыға, аптыға, тездетіп

Дуал- үйді, бақты, қоршаңан қоршау

Бейқам-алаңсыз

Безбүйрек- аяусыз, аямады

Қол созым- жақын жерде

Сергіту сәті.

4-тапсырма

Топпен жұмыс (  постермен  қорғау)

1-топ  Торғайдың жан ұшыруы

2-топ   Жантастың қылығы

3-топ   Қамқор Қожа

Қамқорлық сөзін қалай түсінесіңдер? Қамқорлық кімге,неге жасалады? Сызбамен жұмыс. Әр топ өз түсініктерін айту.

Құстарға қамқорлық жасау видеоролик көру.

5-тапсырма

Бекіту сұрақтары.

1.Осы бөлімнен торғай туралы қандай әңгіме оқып едіңдер? Жүсіпбек Аймауытов(Торғай)

2.Саны азайып бара жатқан жан-жануарлар, өсімдіктер, құстар қандай кітапқа тіркелген?(Қызыл кітап)

3.Ж.Аймауытов пен Б. Соқпақбаевтың шығармаларын салыстыру.

4.Б.Соқпақбаев әңгімесі қалай аталады? (Қамқорлық)

5.Ж.Аймауытовтың әңгімесі қалай аталады? (Торғай)

 

Үй тапсырмасын беру

Бағалау: 1.Жалпы топқа баға беру, мадақтау.

                 2.Әр оқушыға баға қою.

 

Мұғалімнің ойы

 

Тренер жазбалары

 

1.Үй тапсырмасын диалогтық оқыту әдісі арқылы сұрақ-жауап арқылы тексердім.

2.АКТ-ны пайдаланып автор  жайында түсінік берілді.Мәтінді тізбектей оқыту арқылы сөздік жұмысын жүргізу.

3.Топпен жұмыс. 3 топқа постер арқылы шығармашылық жұмысты қорғау тапсырылды. Нәтижесінде топ ішінде ұйымшылдық,топ болып бірге шешім қабылдау,тапсырманы сапалы орындау белсенділігі артып, әр топтың жауаптары өте жақсы деңгейде болды

4.Қамқорлық сөзін қалай түсінетіндерін күннің шапағына  теңеп кластер құрды. Қамқорлық кімдерге,нелерге көрсетілетінін айтып, құстар туралы, табиғат туралы өлеңдер, болжам сөздер айтылып оқушылар арасында дарынды оқушы байқалды. Интерактивті тақтадан құстарға қамқорлық көрсету видеоролик  көру.

5.Бекіту сұрақтарын алу.

6.Топ басшыларының бағалауларын тыңдау.

Әр оқушыға баға қою,мадақтау.