Әбіш Кекілбаев Тасбақаның шөбі

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов  атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі Қадірова Гүлбану

3 сынып  Ана тілі пәні

Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбаев Тасбақаның шөбі

Сабақтың мақсаты:

Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын түсіну

Сабақтың міндеттері:

  1. Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын бірлесе әрекет жасау арқылы түсіну;
  2. Бағыт-бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істету,ой-өрістерін дамыта отырып,ырымдарды салыстыру,зерттеу,қолдану,бағалауға машықтандыру;
  3. Топта өз ойларын,пікірлерін айта білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын түсінеді;
  2. Ой-өрістерін дамыта тырып,ырымдардысалыстырады,зерттейді,

қолданады,бағалауға машықтанады;

  1. Топта өз ойларын,пікірлерін айта білуге ,халқымыздың ырым-тыйым сөздерінің мағынасын ұғынып өсуге тәрбиеленеді.

Cабақта қолданылатын  көрнекіліктер:тасбақа,автор туралы мәлімет,жан-жануарларға байланысты ырымдар,тірек сызбалар

Техникалық жабдық:   интерактивті тақта,бейнетаспа,

Сабақтың типі:  жаңа сабақ

Сабақтың  жүрісі: І Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ Негізгі бөлім: Cабақ ІІІ  бөлімнен  тұрады

І бөлім: Ізденген жетер мұратқа. Оқушылардың өз бетімен ізденуінің нәтижесі.

Қорғау:

1-қатар Тасбақаның түрлері

2- қатар. Тасбақаның  тіршілігі

3 –қатар. Тасбақаның  пайдасы

ІІ бөлім:  Білгенге маржан

1) Математикалық сөзжұмбақ шешу

 

6789
3ақ
4шбн
5ыст
6іңөб

 

 

 

 

 

45.18.40.28.18.27.18.32.30.42                  24 .48.28.36

 

 

Шешуі: Тасбақаның шөбі

2) Бүгін біз  белгілі жазушы  Әбіш Кекілбаевтың «Тасбақаның шөбі» мәтінімен танысамыз.

А) Автор туралы ұғым беру.

Әбіш Кекілбаев  1939 жылы Маңғыстау облысының     Маңғыстау   ауданында дүниеге келді.Қазақтың белгілі жазушысы,қоғам қайраткері. 2009  жылы 70 жыл толып,мерей тойы аталып өтті.Елбасымыз өз қолымен «Еңбек ері» жұлдызын кеудесіне тақты.Тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары» т.б.роман, повестері бар.Қазір Астанада тұрады.

Б)  Тақырыппен жұмыс

1)Тақырыпты оқу, түсіндіру

2)Оқушыларға  оқыту

3)Сұрақ –жауап алу

4) Сөздік жұмысы:

Көсік-далада, құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік

Кібіртік- тоқтап,сүрініп жүреді.

Мимырт-жай жүреді, шабан жүріс.

  1. Сен білесің бе?

    Бабалар талай жылғы тәжірибесінің маңызындай етіп ұрпағына «сәуір болмай, тәуір болмайды» деген сілтемесін де қалдырған. Шын мәнінде көктемнің лебі осы кезден бастап еседі. Күн күркірейді, көкке бұлт айналып найзағай ойнайды, жел көтеріледі. Сәуірдің қара жаңбырын күтетін тұс міне осы. Құбыладан соққан қызыл жел осы айда оқтын-оқтын жаңбырмен алмасып отырады. «Жазғытұрғы жел жардай атанды жығады» деген сөз де бар. Сәуірдің үшінші онкүндігінде екілене соққан осы жел «тасбақаның дауылы» деген атақ алыпты. Өйткені қыстай жер астында ұйқыда жатқан тасбақа осы тұста жер бетіне шығады. Егер тасбақаның үстіне жабысқан ылғалды топырақ көп болса, ылғал мол жыл болады деп қуанады

  Сонымен бірге  қазақ қалқы  ырым сөздерге сенім артып, жақсы нәрселерді үнемі ырымдап отырған. ( Мысал келтіру) Тасбақа шөппен қоректенеді. Кейбір тасбақа жерге  шыққанда аузына шөп тістеп шығады. Сәті түсіп, оны көріп, алған адамның жолы болады. Ойлаған ойы орындалады деп халқымыз ырымдап отырған.

 

 

 

Қосмекенді                              Өсімдікпен қоректенеді.                             Емдік қасиеті бар.

Үстінде сауыты бар.                                                                                               Төрт аяқты.

Ұзақжасайды                                                                                                                       Құрлықта,суда  мекендейді                                                             Кәсіптік маңызы бар

Емдік қасиеті бар

 

  1. Видео көрсету. Тасбақаның пайдасы, тіршілігі туралы

 

7.Сергіту сәті:

ІІІ бөлім: Ізденіс алға жетелер

Деңгейлік  тапсырмалармен жұмыс:

1 деңгей:

1.Әңгімеден Қарабала мінген аттың жүрісі жөнінде айтылған жолдарды тауып,дәптерлерлеріңе жазың

2.Қарабаланың есіне халықтың қандай ырымы түсті

3.Тасбақа түрлерін жаз

  1. Оқиға қай мезгілде болған? Неге мәтін “Тасбақаның шөбі” деп аталады? Өз ойыңды жаз.

2 деңгей:

1.Әңгімеде тасбақа қалай суреттелген

2.Естіген мәліметтерің бойынша тасбақаны сипатта

3.Хронологиялық кестені толтыр

АвторТуған жылыТуған жеріҚызметі

 

3 –деңгей :

  1. Өзің білетін жануарларға қатысты ырымдарды кестеге қарап жаз.

 

Қандай ырымдар барНеге?
1
2
3
4

Қорыту:

«Тасбақа да-табиғат»

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ»,ендеше табиғаттың жанашыры болуды ұмытпағанымыз жөн.

Үйге тапсырма:  1.Ырым-тиым туралы реферат жазу.

2.Тақырыптан  түсінгенін айту