Диалогтық оқытуды жетілдіру арқылы инклюзивті оқытуға қол жеткізу.

126
Тақырыбы: Диалогтық оқытуды жетілдіру арқылы инклюзивті оқытуға қол жеткізу. Уақыты
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық
Мақсаты: v    Ұстаздар қауымын оқумен оқытудағы жаңа әдістерді қолдана білуге үйрету;

v    Практикада топтық жұмыстарды ұйымдастыра білуге үйрету.

v    Инклюзивті оқыту туралы ұғым қалыптастыру;

v    Оқу үрдісінде диалог арқылы оқытуды жетілдіру;

 

Күтілетін нәтиже: v    7 модуль аясындағы Екінші деңгей бағдарламасының мазмұнымен танысады.

v    Топтық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын үйренеді.

v    Инклюзивті оқыту туралы ұғым қалыптасады;

v    Диалогтық оқытуды оқу үрдісінде кеңінен қолданады.

Негізгі идеялар: v  Диалогтық оқыту;

v  Инклюзивті оқыту.

Сергіту тренингі: «үш қоңыр», «встаньте дети» әндері 2 мин
Топқа бөлу: v    «Для тех,кто учился в советской школе» видеоролигін тамашалау;

v    Жас ерекшеліктері бойынша топқа бөлу.

5 мин
Кіріспе тапсырмалары: Топ ережесін шығару «Алтын ереже» 2 мин
Тапсырма түрлері: v  Бейнебаян «Көбелек сабағы»

v  Сұрақ:

1.      Бейнебаянды тамашалай отырып, қандай әсер алдыңыздар?

 

4 мин
Теориялық мәселелер:    Елбасымыз Н. Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінде білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты,еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.

«Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру»

Н. Ә. Назарбаев

 

12 мин
1 .«Инклюзивті» деген термин ағылшын тілінен аударғанда енгізілген, араластырылған деген мағынаны білдіреді. Бұл оқушыларды олардың бұрынғы оқу үлгерімі, денсаулық жағдайы, ата-анасының әлеуметтік –экономикалық мәртебесі мен басқа да жағдайларға көңіл аудармай жалпы білім беру үрдісіне араластыру болып табылады.

«Инклюзивті білім беру деген мәселе соңғы уақытта ғана қолға алынған жаңа мәселе. Педагогикалық оқу орындары бірден ерекше көңіл бөлуді талап ететін оқушылармен жұмыс жасайтын мамандар дайындай алмайды. Сондықтан, одан шығар жол екеу ғана. Алғашқысы педагогтар біліктілікті жоғарылату институттарында қайта даярлануы немесе ресурстық орталықтармен қарым-қатынас орнату.

2. “ Мұғалім – оқушы” , сондай – ақ  “ оқушы- оқушы”

арасында  шығармашылықпен  өтетін , өз пікірін негізді , тұжырымды  түрде  білдіруге  жетелейтін

әңгімені ынталандырып , қуаттайтын  оқыту әдістерін “ диалогтік  оқыту ”  деп  айтуға  болады

Әңгіме – дебат  барысында:
ой – пікірлерде үлкен  алшақтық  болады  және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады . Қарым- қатынас көбіне “ Иә,бұл солай” ,  “ Жоқ , олай емес»  деген  бағытта  жүзеге  асады Орта бірлесуден  гөрі , көбіне бәсекелестікке бағытталған. Кумулятивтік  әңгіме барысында  байқалатын  жайлар:
Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың  әрқайсысы  механикалық түрде келісе беруі . Әңгіме білім  алиасу мақсатында жүргізілгенімен, оған  қатысушылардың  өзгелер  ұсынған қандай да болсын  идеяларды  төзімділікпен тыңдауы .
Зерттеушілік  әңгіме кезінде:
Барлығы  белсенді тыңдайды;

Дауласуға  себеп  табылады;
Адамдар  сұрақ  қояды;

Ортақ  мақсат  сезімі  пайда  болады;
Адамдар  тиісті  ақпаратпен  бөліседі;

Сенім атмосферасы  орнайды;
Идеяларға  даму  айта  алады;

Топ  бірлескен  шешімдер  қабылдау  үшін
келісім  іздейді .

 

3-тапсырма «Қошқар мен теке» видеоролигін тамашалау

«Бақыт деген не?»

3 мин
4-тапсырма Дебат ұйымдастыру: «Біздің мектебімізде инклюзивті оқыту жүйесін ендіруге бола ма?» 5 мин
Постер қорғау: 1.      Дәрменсіз Ханна

2.      Инклюзивті балалардың санының көбею себептері неде?( Жалпы білім беретін Мектепте мүмкіндігі шектеулі,яғни денсаулығында ақауы бар балаларды оқыту туралы мәселе көтеру.)

3.      Денсаулығында ақауы бар балалармен жұмыс жасау және ситуациядан шығу тәсілдері қандай?

4.      Болашақта инклюзивті білім беретін мектеп  қандай болуы қажет?

 

10 мин
Кезекті тапсырмалар Сәйкестендіру тесті 2 мин
Тренинг «Әлемнің жеті кереметі» 2 мин
Рефлексия  Білемін.         Білдім.      Білгім келеді. 3 мин
Қорытынды Ақылдың алты қалпағы 5 мин