Бүркіт

225

Сабақтың тақырыбы: Бүркіт

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға Б Емельяновтың «Бүркіт»  әңгімесін оқыта отырып,түсініп оқуға, өз пікірін тиянақты жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылығы: Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелілігі: Қайырымдылыққа,Мейірімділікке, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Оқытудың нәтижелері:

1.Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.

  1. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді.

3.Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай    алады.

4.Оқушы өз ойын еркін,сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе   алады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер( топтық жұмыс)

2-модуль  сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Ассоциация(INSERT түртіп алу,мозайканы құрастыру) стратегиясы.

3-модуль- бағалау, 4-модуль-АКТ пайдалану, 7-модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:

1.Үй тапсырмасын тексеру

  1.   Интерактивті тақтамен жұмыс
  2.   Топпне жұмыс
  3. Рефлексия
  4.    Бағалау (топ басшыларына бағалау бетшесін тарату

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті: 

1.Ұйымдастыру

2.Оқушының зейінін сабаққа аудару

3.Топқа бөлу

4.Мәтінді тарату

5.Деңгейлік тапсырма

Оқушының іс-әрекеті:

Шаттық шеңбер:

— Балалар қазір біз көгімізде самғай ұшқан қанатты құстар боламыз. Ал сендердің екі қолдарың-екі қанаттарың болады. Қазір сыныпта әр түрлі құстардың дыбыстары шыққан үнтаспаны қоямын, сол кезде сендер бір-біріңмен құстар болып қанаттарыңды тигізе амандасасыңдар.

Топқа бөлу.   1-топ  Қыран

                        2-топ  Сұңқар

2..Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма. Модуль  Диалогтық оқыту   

Ақсақ киік өлеңінің мазмұнын білу.

Сұрақтарға жауап алу.

         2-тапсырма. Модуль АКТ пайдаланып  «Бүркіт» мәтінінің авторымен таныстыру.

Борис Емельянов -1941жылы Хабаровск өлкесінде дүниеге келген.Ол қазақ,орыс композиторы.

3-тапсырма  Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.

Модуль СТО,әдісі INSERT Мәтінмен жұмыс «Бүркіт»

Мұғалім бүркіт туралы түсінік беру. Слайдттан көрсету.

-Бүркіт киелі,қастерлі құс.Бүркітті ежелден «қасиетті құс» деп қастерлеп, «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы»деп құрмет тұтты.

Бүркіт жыртқыш құс.Оның түсі қоңыр. Салмағы 4кг дейін барады.Дене тұрқы 95см,жайған қанаты 2м. Аяғы 4 саусақты,оның артқысын «тегеуріні»,ішкісін «жем басар»,ортаңғысын «сығымы»,шеткісін «шеңгелі»деп атайды.Бүркіт суыр, қоян, түлкі, борсық аулайды,Тұяқты жануарлардан ақбөкен,елік,таутеке,қара құйрық секілді аңдардың төлдерін жейді.Бүркітті ерте кезден ұстаған,аңшылыққа үйреткен.Бүркіті бар үйде жын шайтан болмайды деген ұғым бар.Құстың алдынан қыз-келіншектер,бозблаларды өткізбейді.Бүркіт бір сілкінгенде үйден бір пәле кетеді деп ырымдайды.Бүркіттің қанатын,құйрық қауырсынын,тұяғын,аяғын алып іліп қояды. Мұның себебі:қасиетті құс адамды пәле-жаладан, қауіп-қатерден сақтайды.

Бүркіттің қырағылығын,қасиеттілігін АКТ-ны пайдаланып интерактивті тақтадан видеоролик көрсету.

Мәтінді екі топ өз беттерінше оқып шығып, бөлімге ат қою.

1-топ  Ауылға аңшылардың келуі.

2-топ  Бүркіттің  қайырымдылығы,көмегі.

Мәтінді оқып болған соң оқушылардың INSERT түртіп алу жүйесі бойынша сөздік жұмыстарын ортаға салу.

Сөздік жұмысын жүргізу.Дәптермен жұмыс

Томаға— бүркіттің басына, көзіне кигізетін былғары тымақ.

Шел—  жаны жоқ ет.

Көмескі-білінер-білінбес,әлсіреген дыбыс

Оба- аурудың атау (іш ауру).

Бүркітті ҚР-ның туымен байланыстыру  (слайдттан көрсету)

Сергіту сәті:

4-тапсырма бойынша жаңа сабақты пысықтау.

1-топ Мәтінге сүйеніп бүркітті сипаттау.

2-топ Бүркіттің әрекетін жауыз адамдар әрекетімен салыстыру.

Рефлексия

Суреттерді пайдаланып,осы мәтін бойынша мультфильм құрастыру (слайдттан көрсету)

Бағалау: 1.Әр топтың топ басшысы өз тобындағыларды жетонмен бағалау

2.Әр оқушыға баға қою

Смайликке өз ойларын жазып жапсыру.

Үйге тапсырма:Мәтіннің мазмұнын білу

 

 

Мұғалімнің ойы

 

Тренер жазбалары

 

1. Сабақты оқушылармен шаттық шеңберіне тұрып,құстардың әуенімен, самғай ұшқан қанаттарын салып бір-бірімізге сәттілік тілеп амандастық. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі-топқа  бөліну.Жаңа сабақтың тақырыбына байланысты (Қыран,Сұңқар) деп 2 топқа бөле отырып, сабақты сыни тұрғыдан ойландыруға бағыттадым. Топ арасында  топ басшылары сайланды, сабақты жетондар арқылы бағалау ұсынылды.

2.Үй тапсырмасын диалогтық оқыту әдісі, сұрақтар арқылы тексердім.

3.Қызығушылықты ояту.

Оқушылардан бүркіт құсы туралы сұрау.Бүркіт қандай құс?

АКТ-ны пайдаланып интерактивті тақтадан видеоролик көрсету.Мәтінді тізбектей оқыту INSERT түртіп алу жүйесі бойынша сөздік жұмысы жүргізілді. Оқушылар өз беттерінше бөлімге ат қойды,сұраққа жауап берілді.Суреттерді пайдалана отырып,мәтін бойынша мультфильм құрастырды (слайдтан  көрсету)

4.Әр топ басшылары оқушыларды 5,4,3-тік жетондар арқылы бағалап мадақтады.Сабақ соңынан  қорытынды баға қойылды.