Тт дыбысы және әрпі.

61
  1. Сабақтың тақырыбы: Тт дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Тт дыбысы және әрпі туралы алған білімін тереңдете           отырып, пысықтау. 2. Ата салтымыздың кейбір элементтерін үйрете          отырып, адамгершілік тәрбие беру.3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  Тт әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, Т-тану.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білімдерін тексеру:-Т т дыбысы қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыс.

-Оны қайдан білдіңдер? -Созылмайды?-Тт  әрпі сөздің қай жерінде жазылады?

-Басында, ортасында, аяғында. -Тт  дыбысының тағы да қандай   ерекшілігі бар?  -Тт  қатаң дауыссыз дыбыс?

ІҮ. Жаңа сабақ.а) — Суреттен кімді және нені көріп тұрсыңдар?- Баланы, атаны, қызды,ананы көріп тұрмыз.  -Ал сендердің ата әкелерің бар ма?

Суреттегі адамдарға ат қояйық.ә) Сурет бойынша әңгіме құрату

Сергіту сәті.б) Буынды оқуға үйрету. Та,  ата,  ата,  ат  Ата сөзіне дыбыстық талдау жасау.-Ата деген сөзде неше буын бар?Ата-т д/з дыбыс, а д/ы дыбыс. Та-ашық буын.

 ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру. 1. Тт  дыбысынан басталатын сөз ойлау. 2. Ойлаған сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.3. -Балалар,  Тт  дыбысы қандай дыбыс? 4. -Сөздің қай жерінде келеді?в) Дәптермен жұмыс.

Т- ның бас әрпі.                   1 Ауада жазып үйрену.

т- ның кіші әрпі.                  2 Дәптерге жазу.

Ү. Білімді бекіту: — Балалар, Т әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Т әрпі және дыбысы туралы не білдік?