«Алғырлар» атты сынақ сабағы

82

Әріптестеріме көмек болар деген мақсатта 11 сыныпта өткізілген «Ерекше теңдеулер. Квадрат теңдеулер есептерін шешудің негізгі әдістері» тарауы бойынша өткізілген қорытынды сабағымды ұсынып отырмын.

 

Сабақ тақырыбы:   «Алғырлар» атты сынақ сабағы

Сабақ мақсаты:

  • Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жүйелеп, тиянақтау; тараулар бойынша жалпы қайталау;
  • Алған білімдерін әртүрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру;белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойларын жүйелеуге; тез шешім қабылдауға тәрбиелеу;
  • Ойлау, еңбек ету қабілеттерін жетілдіруге, байқағыштыққа, жинақылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:   сайыс сабақ

Сабақ әдісі:   ұжымдық, топтық, жеке

Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі беттер, жоспар жазылған кесте, т.б

Сабақтың жүру барысы:

 

 І.Ұйымдастыру

ІІ. Негізгі бөлім: «Алғырлар» атты байқау

ІІІ. Қорытындылау

І.Ұймдастыру:

Оқушыларды қарапайымдылықтан үйрету керек, сондықтан оқушыларға  күнде көріп жүрген терезенің суретін салу тапсырылады.  Әрбір оқушының салған терезесін қарап шығам. / Жабыны барма?, терезенің алдында гүл барма?, т.б/  Оқушылардың нақты көре білуін, өз бетімен ізденгіштігін байқау мақсатында. Себебі, нақты көре білген бала сұрақтарға нақты жауап бере алатындай қабілеті болады , не нәрсені де дұрыс тыңдап, зейін салып жүрсе нақты көре алады екен, ал ондай бала математикалық тапсырмаларды орындай алады.

Салған терезелері бойынша бір оқушы ғана терезенің алдына гүл салып және үлкен әженің суретін салған / Мейірбек/ Неге?  деп сұрағанда баласының мектептен келуін күтеді екен, соны байқап жүргенін білдірді. Бір оқушы жабыны мен салған. Қалғандары тек терезенің әр түрлі пішіндегі суреттерін салған, сонда балалардың өте қарапайм нәрсеге назар аудармайтыны байқалып тұр.  Яғни  біздер өте қарапайм нәрсеге де назар аударуымыз керек, сонда бізді нақты көре аламыз. Өйткені ізденушілік қабілеті бар бала нақты көре алады, ал нақты көре алатын бала математикалық тапсырмаларды орындай алады.

 

Сайысқа сынып оқушыларының бәрі қатынасады. Әр қайсысының таңдауы бойынша үш түрлі фигуралар беріліп, сынып топқа бөлінеді.

Топтың атын, жетекшісін сайлап  таныстырады.

 

Топ жетекшісін, жетекшінің өзі емес басқа

осы топ мүшелерінің бірі таныстырады.

Топ жетекшісін отырғызып, қолын оның иығына

қойып, өзі сол кісі болып таныстырады.

 

ІІ Негізгі бөлім:

                            І- кезең: «Қалауың білсін!»

Тақтада 1 -15-ке дейінгі жазылған әртүрлі фигуралар

бекітілді. Әрбір қатысушы өзінің қалауы бойынша

тақтадағы санды таңдайды. Сол санға сәйкес оған сұрақ

қойылады. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе3 ұпай иеленеді.

 

  1. Квадрат теңдеудің түрлері?
  2. Теңдеудің қасиеттері
  3. Квадрат теңдеудің түбірлерін табудың 1-ші әдісі / формула бойынша /
  4. Сызықтық теңдеудің жалпы түрі?
  5. Тепе-теңдіктер қасиеттері
  6. Квадрат теңдеуді шешудің 2-ші әдісі /сол жақ бөлігін көбейткіштерге жіктеу/
  7. Квадрат теңдеуді шешудің 7-ші әдісі / графиктік /
  8. Квадрат теңдеуді шешудің 3-ші әдісі / толық квадратын бөліп шығару /
  9. Сызықтық теңдеудің түбірлерін табу
  10. Квадрат теңдеуді шешудің 4-ші әдісі / Виет теоремасы бойынша /
  11. Квадрат теңдеуді шешудің 5-ші әдісі / асыра лақтыру/
  12. Сызықтық теңдеулер жүйелерін шешу тәсілдері?
  13. Биквадрат теңдеуге мысал келтір
  14. Өзің оқитын алгебра оқулығының авторы?
  15. Ерекше теңдеулерге мысал келтір

 

Ұпайлары аз 5 ойыншы ойыннан шығады.

 

ІІ- кезең: «Қателеспе!» / 5 ұпай/

 

  1. sin2x неге тең?
  2. Квадрат үшмүшенің жалпы түрі
  3. Сызықтық теңдеуге мысал келтір және

шешімін тап

  1. Виет теоремасы
  2. Келтірілген квадрат теңдеудің жалпы түрі
  3. Биквадрат теңдеуге мысал келтіріп, шешу жолын түсіндір
  4. Үшбұрыш аудандары
  5. Қысқаша көбейту формулалары
  6. Ерекше теңдеуге мысал келтіріп шешу жолын түсіндір
  7. 2  -9х + 9 = 0 теңдеуін «асыра лақтыру» әдісімен шеш.

/ Шешуі: 2 коэфицентін теңдеудің бос мүшесіне асыра лақтырамыз, нәтижесінде у2 – 9у + 18 =0 теңдеуін аламыз.  Виет теоремасы бойынша  у1=6, у2=3 екенін табамыз.

Х1===3;   Х2===1,5; /

Ұпай аз тағыда 5 оқушы шығады.

ІІІ- кезең: «Ойлан !» / әр тапсырмаға 10 ұпай /

 

  1. 2Х – 5= 1 – 2 (3 – Х) теңдеуінің шешімін тап.
  2. Х + 12 = 3(Х – 1) – 2Х  теңдеуінің шешімі
  3. 4Х + 3У = 4

Х + У    =  1 теңдеулер жүйесінің шешімін табыңыз.

 

 

  1. Х+У = 22

У-Z  = 5

Z – V = 1  болса,  X + V өрнегінің мәнін тап.

  1. 2 + 4Х + 1 = 0 түріндегі квадрат теңдеудің «асыра лақтыру» әдісі арқылы түбірлерін тап.
  2.  +  =     теңдеуінің түбірлерін тап.
  3.  + += 0 болса, в( с2 – а2) өрнегінің мәнін тап.

 

Ұпайы жоғары 2 оқушы қалады.

 

ІҮ-кезең: «Мақсатқа жет!»

Сұрақтарға ойланып жауабыңды негіздеп айт.

 

  1. Ауылда небары 2 шаштараз. Математик шашын алдырғалы 1-ші шаштаразға келсе бөлме іші лас, өзінің шашыда қалай-солай қиылған; 2-ші шаштаразға барса бөлмесі ұқыпты жиналған, шашы өте әдемі алынған. Математик ойланып 1-ші шаштаразға шашын алдыртады. Неге?
  2. Көздерін байлап тақтаға тапсырмалар орындау.
  3. Ақ бет қағазды аяғымен басып тұрып, аяғын көтермей жүріп келіп, тақтадағы тапсырманы орындау керек.

 

Ү-кезең: «Тоқталма!»

Ұпай көп 1 оқушы жеңімпаз есебінде қалады да математиканың пайдасын өлеңге қосып айтады.

 

ІІІ.Қорытындылау

  1. Нені білесің? Нені білдік?  Не білгің келеді?  стратегиясы бойынша топ болып өз ойларын жазады. Оқушылар ҰБТ-ға қатынасатын болғандықтан қиналып жүрген тараулары бойынша өз ойларын білдірді. Әсіресе тригонометриялық теңсіздіктерді шешуде, функцияның мәндерінің облысын табуда және планиметрия мен стеореметрия тараулары бойынша көп білгілері келетін жазған.
  2. Оқушылардың өзіне қажеттілігін өзі талдап анализдеуге тапсырма берілді.
  • Математика пәні бойынша кездесіп отырған негізгі проблема не, қандай?
  • Неге өзекті деп ойлайсыңдар?
  • Проблемаларды шешу жолдары
  • Жауапты кімдер деп ойлайсыңдар?

Оқушылармен  көп жұмыстанғандықтан ойларын ашық айту, сұрақ қою белсенділіктерінің жоғарлағаны байқалды.

Негізгі прблема: математика пәні бойынша білім сапасының төмендігін барлық топта мойындап отыр.

Неге өзекті деген сұраққа ҰБТ көрсеткіші бойынша мектеп рейтингісіне, мұғалімдерл\дің еңбегінің сапасына әсері тиеді және өзіміз үшін оқуға түсу мүмкіндігі төмен.

Шешу жолдарына келетін болсақ, оған мұғалімдер, оқушыларда жауапты , яғни саналы жауапкершілік керек екенін мойындап отыр.

Топ жетекшілері топ мүшелерін жақсы ұйымдастырған, өзі іздену арқылы топ мүшелерін де үйреткен. Көп ізденген, еңбектенген. Оқушылардың пікірлерін қатерге алып, бірлестік отырысында қаралатындығын айттым.

    Сонымен қымбатты оқушылар!

Мен сендерге сенемін: Тәуелсіз еліміздің бүгінін ертеңге жалғайтын, қазақ елінің ертеңгі қыранысыңдар. Алдағы асулар мен қиындықтарды жеңу үшін білім мен талап қажет. Білім негізі — өз бетімен ізденуде деген, ол үшін өзіңе сен. Бәріде өзіңе байланысты.

Сіздерге сенім білдіріп, өздеріңнен үлкен үміт күте отырып сабағымызды аяқтаймыз