Э дыбысы мен әрпі.

  1. Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Э дыбысы мен  әрпін таныту.2.Электр құралдарын дұрыс пайдаланудың қауіпсіздік техникасын айту,     түсіндіру, сақтау  3.Дұрыс  оқу машығын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі:    суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Ё дыбысы қандай   дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.-Ё қандай екі дыбыстан тұрады. «Шахтер» өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

 ІҮ.  Жаңа сабақ:а) Сурет бойынша жұмыс.ә) Экран,экскаватор, элеватор  сөзіне буындық талдау жасату.б) Э дыбысы  қандай дыбыс екенін анықтау.  в) Ё әрпімен таныстыру.  г) Жұмбақ шешу:

Темір жол тірек,

Дүрсілдеп жүрегі

Аспанға керіліп

Сымды ұстап жүреді.       (электровоз.)    д) «Хат тасушы» өлеңін оқи отырып,  түсіндіру.

Ү. Жаңа білімді бекіту.—  Э қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады? «Электр» өлең оқып беру.«Экскаватор» мәтінін оқу.

 Тақтамен жұмыс: Электр, экипаж, элеватор, аэроплан, экскаватор, экспресс электор, Дәптермен жұмыс: Ээ әрпін жазып үйрену.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:  Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?