Щ дыбысы мен әрпі
- Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1 Щ дыбысы мен әрпін таныту. 2 Тазалыққа баулу 3.Щ әрпіне қатысты сөз, сөйлемді дұрыс оқуға машықтандыру.
Сабақтың көрнекілігі:Щёткалар
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ .Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Э дыбысы қандай дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту. -э әрпіне қатысты сөздер жазғызу. «Шахтер» өлеңін мәнерлеп оқыту.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ:а) –Балалар, тұздың дәмі қандай? -Ащы ә) Ащы сөзіне дыбыстық талдау жасау б) Дыбыстау. в) Әріп таңбасымен таныстыру.
Ү. Жаңа білімді бекіту.г) Ащы, плащ, щётка тұщы борщ сөздерін оқу. -Щётка не үшін керек? -Қандай щёткалардың түрлерін білесіңдер? д) Мәтінді оқи отырып түсіндіру е) Дәптермен жұмыс: Ээ әрпін жазып үйрену.
ҮІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.-Щ қандай дыбыс? -Қандай сөздерде жазылады? -Қазақстандағы ең үлкен көлді ата?-Оның суы қандай? Щёткалар өлеңін жаттату.
Диктант: Вокзал үлкен және сәнді. Қалада автобус көп. Балалар футбол ойнады. Дәптермен жұмыс: Щщ ащы, тұщы, борщ, щи щетка
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?
ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау