Тіл және сөйлеу. Ананың тілі-аяулы үні

85
  1. Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу.Ананың тілі-аяулы үні

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлеу мәдениетіндегі тіл қызметі  ана тілінің құдіреттілігі    туралы түсінік беру.  ә) Оқушылардың ана тілінде сөздік қорын қалыптастырып, логикалық   ойлау қабілетін дамыту   б) Ана тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу .  Оқушылардың патриотттық сезімін қалыптастыру

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: плакаттағы сурет, ана тілі туралы нақыл сөздер, автордың портреті, автордың өмірбаяны

Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгіме, магнитофон немесе баян

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығы.Оқушыларды түгендеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

II.Мақсат қою кезеңі -Балалар , біз сендермен  1 кезең «Әліппе кезеңін» аяқтап бүгін сендермен 2-кезең «Ана тілі кезеңімен» таныс боламыз.

III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі  -Бүгінгі өтетін жаңа тарау «Тіл және сөйлеу».   -Балалар, сөйлеу не үшін қажет?Сөйлеуде тіл қандай қызмет атқарады?

Бүгінгі өтетін тарау бастамасы С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді анам тілін » өлеңімен басталады.Өлеңді мен сендерге мәнерлеп оқып берейін, содан кейін талдаймыз.

Сүйемін туған тілді-анам тілін,          Бесікте жатқанымда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,     Құлағыма сіңірген таныс үнім

Оқушылардың өздеріне тізбектей оқытамын

Анамның тілі-аяулы үні Ш.Смаханұлы,  өлеңді  оқи отырып әнімен айтқызу.Өлең арқылы ақын не айтқысы келді?  Сергіту сәті

IV.Жаңа материалдар бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі  -Балалар , өлеңде не туралы айтылған? Сөз неден құралады? Сөйлеу  қалай жүзеге асырылады?  -Дұрыс .Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асырылады.Ал енді мына суретке мән берейік.суретте не көріп тұрмыз?  -Кім маған сурет бойынша шағын әңгіме құрап береді?

V.Бекіту кезеңі -Балалар, біз сендермен қандай жаңа тарау бастадық? Өлең не туралы айтылады?-Сөйлеу не үшін керек? -Өзің айтқың келген пікіріңді, тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?

  1. Үйге тапсырма .Бағалау.өлеңді жаттап келу, бағалау жауаптарына қарай, сабаққа қатысқандарына қарай бағалаймын
БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаСөйлем. Сөз. Қыс
Келесі жазбаАта, бата.