Ата, бата.

  1. Сабақтың тақырыбы: Ата, бата.

Сабақтың мақсаты:  1. Бата   туралы  түсінік беру.  2. Оқуға ынтасын арттыру.3 Оқушылардың ой-өрісін дамыту,

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін  аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,   қайталауЖұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтел айтқызу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ а) Бата  туралы мағлұмат беру. ә) Бата әр түрлі тақырыпта берілетінін түсіндіру. б) Әр түрлі бата оқи отырып мазмұнына түсінік беру. в) « Ата, бата.» мәнерлеп оқу.

Мектептен қайтты Марияш,          Әліппесі қолында.

Шақырды оны атасы,                     -Кел, құлыным, кел мұнда.

Марияш келді «Ата!»-деп,             «Ата, берші бата»-деп.

-« Бата!»десең, қарт атаң,             Айналсын сендей ботасын!

Оқы, құлыным, ғалым бол,           Атаң берді батасын!                                                                       ІҮ.Сабақ   қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында   білдік?