ҰБТ-ға бірге дайындалайық

74

ҰБТ-ға бірге дайындалайық

Қазақстан тарихы аса күрделі, қайшылығы мол,есте сақтауға қиын соғатын пәндердің бірі. Оқушылардың ҰБТ тапсырар кезде хронология, мәдениет-қоныстар, айлардан қателіктер жіберіп жататыны белгілі. Кейбіреулерде теріс түсінік қалыптасқан: пәнді тест тапсырған кезде жаттап алсаң болды-деген, бірақ ҰБТ тапсырған кезде ана жауап та дұрыс, мына жауап та келетін сияқты көрініп шатасып жататындар қаншама. Бұл жерде мақсат сол жаттағаныңды ұмытпай есте сақтай білу, ұмытпау. Мен өзге мектеп ұстаздарымен  тест тапсырмаларымен жұмыс істеген кезде қолданатын іс –тәжірибеммен бөліссем деп едім.

Оқушыларды кешенді тестке дайындау барысында тапсырмаларды оқушылардың қиналмай жаттап ұмытпаулары үшін  мен алдымен тест тапсырмаларын мағынасына қарай іріктеп, салыстыра оқытып, жаттатамын. Бұл жерде оқытудың екі тәсілі бар: 1-жалпы тас дәуірінен бастап қазіргі таңға дейінгі тапсырмаларды ретімен оқыту, 2- жалпы тест тапсырмаларын салыстыра отырып, іріктей отырып, мағынасына қарай жаттату. Екінші жолмен жұмыс жүргізу кезінде мынадай әдіс- тәсілдерді  қолдануға болады:

1.Мағынасына қарай әр тарауда кездесетін сұрақтар  іріктеліп   алынып, жатталады.

 А) Декреттер,қаулы-қарарлар

1921 ж. қаңтар «Қазақ және орыс тілдерін қолдану тәртібі туралы»декрет.

1923 ж.22 қараша «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы»

1927 ж.мамыр «Қазақ уездік,округтік мекемелерде Қазақ тілінде іс жүргізуге біржола көшу жөнінде»

1928 ж.1-қаңтар «Аралас уездік мекемелерде қазақ және орыс тілдерінде қосарлас іс жүргізуді енгізу»

1924 ж.1-қаңтар Ақшалай салық енгізу

1921 ж.24 мамыр «Айырбас туралы»

1921ж. 14- маусым «Нақты ет салығы»

1918 ж.17-май «Суландыру жұмыстарына 50-млн.сом қаржы бөлу туралы»

1928 ж.27-тамыз «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды көмпескелеу туралы»т.с.с.

В)Қайдан не табылды? не жасалған?

Ақтастан-алқа

Айбастан-алтын білезік

Мыңшұңқырдан-екі сырға

Қарғалыдан-тәті

Талғар-сүйек түйреуіш

Тараз-әйнек . т.с.с.

С)Кесене, мешіт, бейіттер

Ақыртас-VII-VIII ғ.

Дың-V-IХ ғ.

Боран мұңарасы-X ғ.

Болған ана-XIV-XV ғ.

Алаша хан- XIV-XV ғ.

Жошы хан-XIII ғ.

Ахмет Йассауи- XIV-XV ғ.

Бабаджа хатун-X-XI ғ.

Айша- Бибі-XI-XII ғ.

Қарахан-XI-XII ғ. т.с.с.

Осылай мағыналас «Еңбектер,ғалым-жазушылар», «Хан сайлау», «Қазақтардан тартып алған жер көлемі» деген сияқты сұрақтар іріктеуге болады.Тест барысында кездесіп жатқан сұрақтарды оқушылар қай бөлімге қатысына қарай толықтырып жазыр отырады.

2.»Ойды  аяқтау» ойынын қолдану.

Атақты күрішші-Ыбырай Жакаев

Атақты тары өсіруші-Шығанақ Берсиев

Тарының гектарынан 52-ц алған-Анна Дацкова

Горбачев атындағы шахтаның шахтері-Ыбырай Нұров

Бұрғылаушы-Георгий Хайдин

Айдарлы совхозының шопаны-Ж.Қуанышбаев

Қызылшашы-М.Мұхамедиева

Сауыншы-С.Оңғарбаева

3.Лабиринт ойыны.

1.Абылай            2. Хақназар     3.Тәуекел       4.Шығай          5.Есім          6.Тәуекел

1.(1680-1715)     (1771-1781)      (1538-1580)   (1598-1628) (1580-1582)  (1582-1598)

4.Семантикалық картамен жұмыс.

 

Уақыты\  бек-тер Железинка Өскемен Семей Атырау Ақтөбе Алматы
1718ж.
1640ж.
1869ж.
1854ж.
1717ж.
1720ж.

 

Бір тарихи тұлғаға немесе бір тарихи оқиғаға 5қатысты  кездесетін сұрақтарды оқушы өзі жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1865 ж.Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы
Русский инвалид
   1865ж.

Алтын         Емел

 

1835ж.
1864ж.Черняев экспедициясы

 

1858-1859жж.Қашғар
Құсмұрын
Әжесі Айғаным
1847ж.

 

1856ж.Ыстықкөл,Құлжа

 

1857ж.Манас
1853ж.
Корнет

 

6.Жалпы мағынасы ұқсас,уақыты жағынан әр кезеңді қамтитын шағын сұрақтар.

Бурундайда асылған-

25 жыл түрмеге қамалып,у беріп өлтірілген-

25 жылға бас бостандығынан айрылып,артынан ақталып шыққан-

  1. «Кім жылдам?» ойыны.Ұлы Отан соғысына қатысты

Мұғалім аттарын атайды,оқушылар қай жерде,қай шайқасқа қатысқан,кім болып шайқасқан деген сұрақтарға жауап береді немесе керісінше.Минометші-Қ.Сыпатаев.

«Павлов үйін» қорғауда ерлік көрсеткен-Т.Мырзаев Синельниково маңында ерлік көрсеткен Жамбылдың  ұлы-Алғадай Днепр үшін шайқасқан ең жас Кеңес Одағының батыры-Ж.Елеусізов Қарсыласу қозғалысына қатысқан-А.С Егоров пен З.Ұ. Құсайынов Жау дзотын кеудесімен жапқан-С.Баймағамбетов Бородино селосында бес офицердің көзін жойған-Т.Тоқтаров Серпухов түбінде Воронино қыстағында ерлік көрсеткен-Р.Амангелдиев Ориенбаум алғы шебінде шайқасқан мерген-Дүйсенбай Шыныбеков.

  1. Кім, не жазған…

«Оңтүстік Қазақстанмен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттер көптеп салына бастаған».

Әл Макдиси

Қазақстанда ислам діні  VIII ғ. Тарай бастағанмен,ХІХ ғ. аяғына дейін бұл дін оның тұрғындарының жүрек түкпіріне толық жете қоймаған еді…»

 Ш. Уәлиханов «Ислам діні».

«Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді».

Өтеміс  қажы «Шыңғыснама».

Сақ,сармат,үйсін тайпаларының келбеттері андрондықтарға ұқсас болған».

О.Смағұлов

«Қазақ  ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».

А.Байтұрсынов.

«Өзбек ұлысында үш халықтың болғандығы оның ішінде ең  көбі, ержүректері қазақтар» екені жайлы жазған-Рузбихан.

«Қазақ сөзі ХІІІ ғ. хорасан түрікмендері арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді».

Б.Е.Көмеков.

«1899 жылдан кейін қазақтармен орыстар арасындағы жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды».

Т.Рысқұлов

«Қазақ жүздерінің құрылу себебі,олар көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған.Ол одақ-қазақ жүздері».

Ш.Уәлиханов.

Тестке дайындық барысында құрастырылатын тапсырмалардың шегі жоқ,мұғ,алімнің қиялына байланысты әртүрлі әдіс-тәсілдер,көрнекіліктер қолдануға болады сондай-ақ  кесте толтыру,анаграмма.чайнворд,сызбалар,криптограмма,шрифтограмма т.б. Дәуір,ғасырларды түсіндіргенде уақыт сызығын міндетті түрде қолданып,ал ережелерді,сол ереже бойынша қазақ жері қандай әкімшілік сатыға бөлінгенін түсіндірген кезде картаны қолданған жөн.Карта,суреттер арқылы елестету оқушылардың есте сақтау қабілеттерін шыңдайды.Тарихи диктант,кестенің екі бөлігін сәйкестендіру,бағыттық сызықты қою терминмен жұмыс  тапсыромалары да тестке дайындық барысын жеңілдетеді.

Мұңдай тапсырмалармен қатар әдеттегі тест тапсырмаларын да алып жүреміз,оның екі түрін күнделікті,апталық,айлық,тоқсандық бағдарламаға байланысты қысқа тест-15-25 сұрақтан,ұзын тест-100-150 сұрақтан дайындауға болады.

Қорыта келе оқушылармен кешеңді жұмыс жүргізгенде ғана жоғары нәтижеге жетуге болады.Мұндай тапсырмаларды құрау үшін мұғалім бүкіл тест тапсырмаларын жатқа білуі тиіс.Ең бастысы,өзі біліп қана қоймай білгенін оқушыларға бере білуі керек.