Тасымал. Қазақстан Республикам менің

28

№46сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Қазақстан Республикам менің                                 

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Д.Әбіловтың өлеңі туралы түсінік беру.Тасымал туралы түсініктерін кеңейту мақсатында жаттығулар орындатуә) Сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік   қорларын молайту б) Ұқыптылыққа, тазалыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет,

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:«Отан»  өлеңін мәнерлеп оқыту

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«кім жылдам?»ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру

  1. Мақсат қою кезеңі:Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз- тасымал.Яғни өткен сабақта алған тасымал туралы білімдерімізді кеңейтейік.Дихан Әбіловтың «Қазақстан-Республикам менің» өлеңімен таныстырамыз.
  2. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс 72-жаттығу

Сөздердің буын санын анықтату.Сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазғызу.Бес буынды сөздердің төрт түрлі тасымалданатынын байқату.Құрылысшылар                        Теміржолшылар   Кітаптарымыз    дәптерлеріміз . Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу. «Қазақстан-Республикам менің»  өлеңін оқып беру, түсіндіру.Дихан Әбілов туралы мағлұмат беру.Өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту.

VI.Жаңа материалды пысықтау:-Тасымал дегеніміз не?- Мысалдар ойлап айтқызу

VII.Бекіту  кезеңі: сөздік диктант жазғызу.Сөздерді тасымалдап жазыңдар.

VIII.Үйге тапсырма, бағалау:73-жаттығу, «Қазақстан-Республикам менің», ережелерді қайталау.Оқушылардың белсенділіктеріне қарай білімдерін бағалау.