Сабақтың тақырыбы: §14. Үндістан

43

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §14. Үндістан

Сабақтың мақсаты:

  • Үндістанның1914-1945 жылдардағы саяси – әлеуметтік  және  экономикалық  дамуына  сипаттама  беріп,  ондағы  басты ерекшеліктерді  атап  көрсету.  Оқушылардың  назарын
  • Үндастандағы Ұлт – азаттық күреске  аударып,  оның  кезеңдері мен  күрес  тәсілдерін нақты  фактілер  арқылы  түсіндіру.Елдегі  саяси  партиялар туралы  түсіндіріп , олардың  бағдарламасымен  таныстыру. М.К.Ганди мен Дж Нерудің ұлт – азаттық  күрестегі  қызметі  туралы  әңгімелеп,  М.К. Ганди ұсынған  күрес  жолын  ұғындыру.
  • Білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1920-1930 жылдарда Үндіқытай қоғамының ішкі құрылысында қандай өзгерістер байқалды?
  • Дүниежүзілік дағдарыс Үндіқытай шаруашылығына қалай әсер етті?
  • 1930 жылдары Вьетнамдағы отаршылдарға қарсы халықтардың күресі туралы айтып беріңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Бірінші дүниежүзілік  соғыс  кезіндегі  елдің  жағдайы.
  2. Үндістандағы ұлт-азаттық  қозғалыс. Күш  қолданбай  қарсыласу  қозғалысы.
  3. Соғыстан кейінгі  кезеңдеі Үндістан:

а)Ағылшын  үкіметінің  саясаты;

ә)Жаппай  бағынбаушылық  қозғалысы.

  1. Экономикалық дағдарыс  жылдарындағы  Үндістан. «Тұз  жорығы»
  2. Екінші дүниежүзілік  соғыс  кезіндегі  Үндістан.

Негізгі  оқиғалар:

  • 1916 жылы ұлт – азаттық  қозғалысы  басталды.
  • 1919 жылғы сәуірде  жаппай  бағынбаушылық  қозғалысы  өткізілді.
  • 1930 жылғы 26 қаңтарда  ҮҰҚ  шешімімен «Үндістанның   тәуелсіздік  күні» жарияланды (кейін  бұл  күн ҮР  ұлттық  мерекесіне  айналды)
  • 1930 жылғы  наурызда М.Ганди «Тұз  жорығын»  бастады.

Сабақты бекіту:

  • Үндістанның 1920-1940 жылдардағы  ұлт-азаттық  қозғалысына сипаттама  беріңдер. Қандай  саяси  партялар  өмір  сүрді, олардың  бағдарламасы  қандай?
  • М.К.Ганди саясатына қандай  баға  берер едіңдер? Оның «Менің  өмірім»  (Алматы, 1989)  деген  кітабын  оқу.

Бағалау: Үйге тапсырма: §14.