Иран. Ауғанстан
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §15. Иран. Ауғанстан
Сабақтың мақсаты:
- Бірінші джс соңындағы және соғыстан кейінгі Иранның ішкі және халықаралық жағдайын нақты фактілермен сипаттап, оқушылардың назарын Англияның Иранды басып алуына аудару;
- Ирандағы ұлт-азаттық қозғалыстың ерекшеліктеріне тоқталып, Кеңес үкіметінің осында социалистік революция ұйымдастыру әрекетіне түсінік беру.
- 1921-1945 жылдардағы Иранның саяси эконгомикалық дамуын түсіндіргенде, Пехлеви үкіметінің іс-әрекеттерін ашып көрсету;
- Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Үндістанның 1920-1940 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысына сипаттама беріңдер. Қандай саяси партялар өмір сүрді, олардың бағдарламасы қандай?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Бірінші джс соңындағы Иранның жағдайы
- Ұлт-азаттық қозғалыстың дамуы.
- Иранның 1921-1945 жылдардағы саяси –экономикалық даму жолдары.
- 1918-1945 жылдардағы ауғанстан.
Негізгі оқиғалар:
- 1918-1928 жылдар-Ауғанстандағы Аманулла ханның реформалық әрекеттері.
- 1921 жылы құлдықты жою заңы жарияланды.
- 1920 жылғы 5 маусымда Гилян республикасы жарияланды
- 1925-1941 жылдары- Реза хан Пехлеви билігі орнады.
- 1943 жылғы 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады.
Сабақты бекіту:
- 1918-1922 жылдардағы Иран жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың ошақтарына талдау жасаңдар.
- Кеңестік Ресейдің Гилян өңірінде социалистік республика ұйымдастыру әрекеті дұрыс па әлде бұрыс па?
- Дәлелдер келтіріп, өз пікірлеріңді білдіріңдер.
- «Шазривар оқиғасының» дамуына не себеп болды?
- Соғыс жылдарында шах үкіметі қай одақты жақтады, және не себепті жақтады.
- Аманулла хан үкімет басына қандай жағдайда келді?
- Ауғанстан конституциясы қай жылы қабылданды?
- Нәдіршах әулетінің Ауғанстанда билік еткен мерзімін анықтаңдар
Бағалау:
Үйге тапсырма: §15.