Ерте орта ғасырлардағы Орталық Азия жеріндегі феодалдық қатынастар.

305

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §6. Ерте орта ғасырлардағы  Орталық Азия жеріндегі феодалдық қатынастар.

Сабақтың мақсаты:

  • Эфталит мемлекеті оардың шаруашылығы мен мәдениеті, мемлекеттің ыдырау себептері туралы айту;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Ислам діні қалай пайда болды?
  • Оның негізін қалаушы туралы не білесіңдер?
  • Араб саудагерлері дүние жүзіне қалай белгілі болды?
  • Қанай араб ақындарын, олардың қандай туындыларын білесіңдер?
  • Ең ірі кітапхана қай қалада болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Эфталит мемлекеті
  2. Шаруашылығы мен мәдениетінің дамуы
  3. Эфталит мемлекетінің ыдырауы

Эфталит мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Патриархтық қатынас үстем болды
Бақташылар жылқы мен қой өсірген Құлеңбегі кеңінен пайдаланылды
Сауда Ірі жер иелері Қауымдық жер

Сабақты бекіту:

  • Эфталит мемлекетінің жерін картадан көрсетіңдер.
  • Эфталиттер мемлекеті қашан құрылды?
  • Эфталит тайпаларының шаруашылығы қандай болды?
  • Эфталит мемлекетінің ежелгі мәдениетінен қандай белгілер сақталған?
  • Түріктер мен ирандықтар Эфталит мемлекетін қай жылдары неліктен жаулап алды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §6.