Жай бөлшектерді азайту және қосу тақырыбын қайталау

55

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді азайту және қосу тақырыбын қайталау

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу, азайтудан алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, толықтыру.

ә) Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ой — өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға, шығармашылыққа баулу;

б) Тәрбиелілігі: Оқушыларды берілген тапсырманы тиянақты орындау білуге, шапшаңдыққа, тез есептей білуге, өз ойын ашық айтуға, өз бетімен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Қайталау

Сабақтың типі: Білімділік пен дағдына қалыптастыру

Сабақтың әдістері: Деңгейлеп – саралап оқыту, сұрақ – жауап, тест, сәйкестендіру тесті, кесте толтыру,  топпен, жеке оқушымен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, кестелер, суреттер

Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, өмірмен байланыс

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру (Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

№ 715 2)  ; 4) ;  6)

ІІІ Бүгінгі сабағымыз «Жай бөлшектерді азайту және қосу тақырыбын қайталау». Сабағымызды қазақтың ұлы ақыны абай атамыздың «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиеттерді негізге ала отырып өткізгелі отырмын.

Осы әрбір асыл қасиеттерді біз тапсырмалар орындау арқылы табамыз

1.Қайталау сұрақтарына жауап беру арқылы кесте толтырады, сонда алғашқы асыл қасиет жазылған сөз шығады

  1. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады? Мысал келтіріңдер.
  2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай қосылады? Мысал келтіріңдер.
  3. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады? Мысал келтіріңдер.
  4. Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай азайтылады? Мысал келтіріңдер.
  5. Аралас сан бұрыс бөлшек түрінде қалай жазылады? Мысал келтіріңдер.

 

Т А Л А П

Осы сөзге байланысты оқушылардан мақал сұрау мыс: «Талаптыға нұр жауар»

 

  1. Есептер жинағынан есептер шығару арқылы кесте толтырып екінші қасиетті табу

 

Б. ;              Е. ;               К. ;

Е. ;                   Ң.

 

Е Ң Б Е К

Оқушылардан шыққан сөзге байланысты мақал сұрау. Мыс: «Еңбек – түбі береке»

  1. Оқулықпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

№721  1) ;    3) ;  5)

№723  1) ;      2)

№724   1) ;   2)

Т Е Р Е Ң * О Й

Мақал: «Жол жетпеген жерге, ой жетеді»

  1. Жұптық тапсырма, тест жұмысы
  2. Дұрыс бөлшекті тап: А. 12/5; Б. 8/5; В. 7/5;   Г. 3/5
  3. Бұрыс бөлшекті тап: А. 3/7; Б. 12/7; В. 5/7;   Г. 1/7
  4. Есепте: 7/15+4/15: А. 13/15; Б. 8/15; В. 11/30;  Г. 11/15
  5. Есепте: 11/19-5/19: А. 6/19; Б. 16/19; В. 16/38;  Г. 5/19
  6. 3:14 бөліндісін бөлшек түрінде жаз: А. 14/3; Б. 3/3; В. 3/14;  Г. 14/14
  7. 13/37 бөлшегін бөлінді түрінде жаз: А. 13:37; Б. 13*37; В. 37:13; Г. 13+37
  8. 25/23 бөлшегін аралас сан түрінде жаз. А. ; Б. ; В. ; Г.
Жауаптары Г Б Г А В А В
Қ А Н А Ғ А Т

 

Мыс: «Қанағат – қарын тойғызар»

 

 

 

 

 

 

5  Сәйкестендіру тесті, Тарихи мәліметтер кесте толтыру, оқушылар шығармашылығы

  1. Сәйкестендіру тесті:

а)                             1

ә)

б)

в)

г) 9-

  1. Тарихи мәліметтер

 

Атау Уақыты Ұлты Тегі
Бөлшек сызығы,

бөлшек

ХІІ Итальян Леонардо Пизанский
Алым, бөлім ХІІІ Грек Максим Плануд
Б.з.д.   287-212 Грек Архимед
Бөлшек туралы толық мәлімет ХХ Орта Азия   математигі Әл-Хорезми

 

  1. Оқушылар шығармашылығы

Мыс: «Кішіпейілділік – кісілік белгісі»

 

ІҮ Үйге тапсырма: №721 (2, 4, 6) №723 (3,4)

«Топтастыру» стратегиясы  «Жай бөлшектер»

Ү. Қорытындылау  ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

ҮІ. Бағалау, мадақтау

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Сағыз селосы

Кенбай  орта мектебінің

ІІ санатты математика пәні мұғалімі

Ізғараева Гүлзира Таңатбайқызы