Ақпараттандырылған сабақ

89

Ақпараттандырылған сабақ

Сабақта  оқытудың акпараттық  технологияны пайдалана   отырып, оқушы  белсенділігін, пәнге  қызығушылығын арттыру. Оқушылардың іс – әрекетін  басқару  арқылы ой таласын туғызу, оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру  арқылы оқушының білім-біліктілігін дамыту мақсатымен  10 класста «Вирустар – тіршіліктің жасушасыз  түрі» тақырыбында сабақ өткіздім.

I .«Миға  шабуыл»  бөлімінде, үйге  берген тапсырманы  пысықтау барысында интерактивті тақтаны  пайдаландым.(онда  оқушыларға берілген сұрақтардың дұрыс жауаптары, оқушы жауап берген сон шығады.)

  1. Микроорганизмдер дегеніміз не?(Жай көзге көрінбейтін тірі ағзалар).
  2. Микробиология нені зерттейді?(Көзге көрінбейтін ұсақ тірі ағзалардың   құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын)
  3. Микробиология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар?(М.М.Тереховский, Л.Пастер, И.И.Мечников, С.Н.Виноградский)
  4. Бактериялар  неше  топқа  бөлінеді?(Ашытқы, шіріткіш және паразит.)
  5. Бактериялар қандай пішінде  болады?(Таяқша, оралма, шар)
  6. Бактерияның құрылысы қандай?(Сыртқы қабықша, цитоплазма, рибосома, митохондрия, вакуоль және  нуклеаралық заттар).
  7. Тірі организмнің жасушасыз  түріне  не жатады?(Вирус)

    II .«Мағынаны тану» бөлімінде  жаңа сабаққа  проблемалық сұрақ қою арқылы көштім. Ағылшын ғалымы, Нобель  сыйлығының иегері  Медавр Питер Браун  «Бұл (Вирус) белоктың түйіршік ішіндегі  жағымсыз  жаңалығы» деп неліктен  айтқан сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтты.

Оқушыларды  2 топқа бөліп, электронды  оқулық  мәтіні бойынша тапсырмалар бөліп  бердім

I топқа:    «Вирустың ашылу тарихы, құрылысы

II топ: «Бактериофаг құрылысы, көбеюі, вирустар арқылы таралатын

             аурулар».

Тапсырманы  оқушылар  интерактивті тақтадағы слайдта үлкейтіліп  берілген суреттер арқылы  түсіндіріп және  вирустардың өздеріне ғана тән  ерекшеліктерін  атап көрсетті. Соңынан  интерактивті  тақтада                 вирустардың өздеріне ғана тән  ерекшеліктері  көрсетілді.

  1. Вирустар өз бетінше тіршілік ете алмайды және бөлінбейді.
  2. Олардың өздеріне тән заттар мен энергия алмасуы да болмайды.
  3. Вирустардың молекулалары нуклейн қышқылдарының бір ғана түрінен, яғни не РНҚ-дан немесе ДНҚ-дан тұрады.
  4. Олар өздеріне қажетті  белокты  түзу үшін өзі паразитті  тіршілік ететін  клетканың  рибосомасың пайдаланады.
  5. Вирустар жасанды қоректік ортада көбеймейді және олар тіршілігін өздері паразитті  тіршілік ететін  иесінің клеткаларында ғана  жалғастыра алады.

                 III  бөлім   «Артық болмас білгенің  көкірекке түйгенің» бөлімінде  вирустар туралы қосымша материалдарды  интерактивті тақтадағы слайдтарды пайдалана отырып түсіндірдім. Барлық вирустарды ғалымдар шартты түрде  2 топқа бөледі.

                                         

                                                  

 

                            

                                         

1.Қарапайым вирустар — тек қана нуклеин қышқылдарының бір ғана түрінен және белокты қабықшадан (капсидтен) тұрады. Олардың кейбір  түрлері ұсақ кристалдар түзеді, пішіндері  таяқша, жіпше және оралма тәрізді болып келеді.

2.Күрделі  вирустардың құрамында нуклеин қышқылдары, белоктардан (капсидтан ) басқа сыртқы липопротеидті жарғақша, көмірсулар және ферменттер  де кездеседі.

Вирустар құрамында ДНҚ болатын және РНҚ болатындар  деп  екі топқа бөлінеді. (Вирустың түрлерін, көбею кезеңдерін  берілген слайдтағы кесте бойынша түсіндірдім.)

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вирустардың    көбею     кезеңдері

Көбею     кезеңдері Көбею      кезеңдерінің  ерекшеліктері
1.Адсорбция

(жанасуы)

Вирус бөлшектерінің иесінің клеткасына жанасып бекінуі
2.Инъекция(енуі) Вирус бөлшектерінің клеткаға енуі,вирус құрамындағы нуклеин қышқылының белок  капсидінен клетка ішіне босап шығуы.
3.Репликация

(екі еселенуі)

Клетка ішіндегі нуклеотидтердің  есебінен вирус құрамындағы нуклеин қышқылдарының молекулаларының түзіле бастауы.
4.Вирус белоктарының түзілуі Клетка    рибосомаларында  жүреді.
5.Вирус бөлшектерінің жинақталуы Зақымданған клеткадағы нуклеин қышқылдары мен вирус белоктарынан түзіледі.
6.Вирус бөлшектерінің зақымданған клеткадан сыртқа шығыу. Бактерияларда көбіне клетка тіршілігін  жояда, ал эукариотты организмдердің клеткаларының қабығы ісініп, жарылады да ішіндегі вирус бөлшектері сыртқа шығарылады.

 

IV   .«Ой толғау» бөлімінде:

  1. топтастыру стратегиясы бойынша  оқушылардың тақырыпты    қалай меңгергенін тексердім.

I.топ оқушылары «Вирустар арқылы таралатын аурулар»  топтастыру.

II топ оқушылары:  «Вирустар  туралы не білдік?»

 

  1. Биологиялық диктант.(интерактивті  тақтада беріледі).Оқушылар өз дәптерлеріне тиісті жауабын жазады.(Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі)
  2. Вирустар — тірі организмдердің  ішіндегі  жасушасыз тіршілік  иесі.
  3. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе  дезоксирибонуклеин

нәруызбен  қапталған қабықшадан –капсидтерден  тұрады.

  1. Вирустар тек тірі жасушаларда өсіп-өніп көбеюге бейімделген.
  2. Қазіргі кезде вирустардың жылықанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал

өсімдіктерді уландыратын  300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

  1. Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды.
  2. Бактериофагтың денесі-басы, құйрығы және ішіқуыс  тармақталған базальді  түтікшелерден  

       тұрады.

Оқушылардың білімдері бағаланып, үйге тапсырма   берілді.

Бүгінгі заман  талабына  сай оқушылардың компьютерлік ақпарат көздерімен  жұмыс жүргізу, қосымша материалдарды тиімді  пайдалана білу дағдыларын қалыптастыруда сабақтың  берері  мол  болды.