Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы

602

Тақырыбы: Сәбит  Мұқанов  «Сұлушаш» поэмасы.

Сабақтың  мақсаты:

1) С.Мұқанов поэмалары туралы  түсінік  беріп,мазмұнын  меңгерту.

2) Ой- өрісін  кеңейтіп,шығармашылық  қабілетін  дамыту,есте  сақтау  қабілетін,тіл  байлығын  дамыту,өзіндік  жұмысқа  дағдыландыру.

3) Поэма  мазмұнын  меңгерте  отырып адамгершілікке,адалдыққа,шынайылық.рухани  тазалыққа  тәрбиелеу.

 

Сабақтың  әдісі:түсіндіру ,сынақхат,оқулықпен  жұмыс,ойын.

Сабақтың  көрнекілігі : оқулық,интерактивті тақта.

Сабақ  барысы

1.Ұйымдастыру.

 

  1. «Әдеби сынақхат» (үй тапсырмасын сұрау) (интерактивті тақтада)

1.С.Мұқанов …  жылдары  өмір  сүрді.(1900-1973)

2.1922 ж.Орынбор қаласында … оқиды.(жұмысшы факультетінде  )

3.1926-1928  ж.С.Мұқанов   республикалық  …  газетінде  жұмыс  істейді.(«Еңбекші  қазақ»)

4.Мұнан  кейінгі  жылдарда … университетінде, кейін … қызыл профессура  институтында оқиды.(Ленинград,Мәскеудегі)

5.1937ж. … қызметін  атқарды.(Қазақстан  Жазушылар  Одағының  төрағасы)

6.Бұл  кездегі  С.Мұқанов  қаламынан  шыққан  ірі туындылар … ,… , …  . ( «Ботагөз», «Менің  мектептерім» романдары, «Колхозды  ауыл  осындай»)

7.1950ж.С.Мұқанов  … романын, …  пьесасын  жазды.( «Сырдария», «Ш.Уалиханов» )

 

3.Жаңа  білім  беру

С.Мұқанов лирикалық  өлеңдермен  қатар  көптеген поэмалар  жазды.Поэмада ақын  сан  алуан  өмір  құбылысын  кең  алып,белгілі кейіпкерлердің  іс-әрекетін  көрсету  арқылы  дәуірге  сай  негізгі  айтпақ  идеямен  баяндайды.

С.Мұқановтың  поэмалары  1925-28 ж. жарық  көре  бастады.1928ж.жазылған  поэмасы «Сұлушашта» ескі  қазақ  ауылындағы  әлдінің  озбырлығы  мен  әлсіздің  көрген  қорлығы,әсіресе  адамның  бас  бостандығының  жоқтығы бейнеленген.Поэмада  Алтай  мен  Сұлушаштың сүйіспеншілігі ,бір-біріне  махаббаты  жырланады.Ақырында екі  жастың  сезімін феодалдық  қара күш аяққа  таптап  жаныштайды.Қуғын-сүргінге  қшырап екі жас  азапта  өледі.

«Сұлушаш» — реалистік  және сюжеттік шығарма.

 

  1. «Негізгісін түйіп ал» оқулықпен  жұмыс.

Әр  топқа  бөлім  бойынша  мәтінді  оқып,негізгісін дәптерге  түсіріп,топ  бойынша  мазмұнын  айту  тапсырылады.

 

  1. “Талдау- табыс кілті» (Ұжымдық жұмыс)

 

Әр  топқа  тапсырма беріледі.

  • Тілеуберді байдың қызын Алтайға  беруге қарсы  болуына көзқарастарыңыз.
  • Қызды үлкендердің  атастыруы

 

 

  1. «Қазымыр топ» Әр топ бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар  дайындап,келесі  топқа қояды.

 

  1. «Жасырын сан» (жеке жұмыс)(интерактивті тақтада)

Әр  сан  артында  сұрақ жасырылған.Оқушылар  сандарды  таңдау   бойынша сұраққа  жауап береді.Жауап  берген  сан  ұпай  болып  есептелінеді.

1.С.Мұқанов Қай  жерде  туған?

2.С.Мұқановтың  өлеңдерін  ата.

3.С.Мұқанов  қандай  қызметтер  атқарды?

4.С.Мұқановтың  прозалық  туындыларын  ата.

  1. «Сұлушаш» поэмасының тақырыбы,идеясы не?

6.Сұлушаш пен  Алтайдың  трагедиялық  жағдайының   басты  себебі  не?

7 . «Сұлушаштың» реалистік  шығарма  екенін дәлелде.

  1. «Сұлушаш» поэмасының маңызы  неде?

 

8.Қорыту Кейіпкерлерге мінездеме береді.

С-

Ұ-

Л-

У-

Ш-

А-

Ш-

 

 

 

 

 

9.Үйге тапсырма. «Сұлушаш образы»  шығарма жазу.