М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

83

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Сабақтың мақсаты:

1.Сезіммен өлең өрген жыр парағы-Мұқағали туралы дерек, поэманың мазмұнын ашу, талдау, поэтикалық тіл туралы білім беру.

2.Ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын шыңдау, жасөспірімдердің табиғатқа деген адамгершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.

3.Эстетикалық бағалау қабілетін дамыту. Оқушының сөйлеу тілін, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы әдістері.

Көрнекілігі: портрет, шығ.жинағы, буклет.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының мазмұнымен танысып, ұнаған өлең шумақтарын жаттап келу.

Жаңа сабақ.

Қымбатты, оқушылар, бүгінгі сабағымыз өзге сабақтардан өзгеше. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі 9-ақпан кімнің туған күні еді. Мұқағалидың. Бүгінгі сабақта өздеріңмен өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы айтатын нәрсе көп. Бізге туған күніне орай келіп тұрған тақырып  М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Алдыңғы күні сабақта мазмұнымен таныстық

Қазір екі топқа бөлініп, жарыс сабақ ретінде осы поэманы қорытындылаймыз.

Екі топтың атын Мұқағалидың екі кітабының атымен атадық.

«Дариға-жүрек» тобы (Автограф) өлеңі енген.                                                                                                «Өмір-өзен» тобы.

Екі топты бағалайтын әділ-қазылар алқасы.

І. Топтық жұмыс.                                                                                                                                            «Ой шақыру» кезеңі

Оқушылар М.Мақатаев туралы өз ойларын ортаға салып, қағаз бетіне түсіреді. Топтан бір оқушы шығып қорғайды.

ІІ. «Ой бөлісу» кезеңі.                                                                                                                                                           Екі топқа сұрақтар беріледі. (Поэманың мазмұны бойынша)

«Дариға-жүрек» тобына.

  1. Оқиға қайда өтеді, қалай бастаады? Поэманың бір бөлімінен қандай әсер алдыңдар? Туған жер Жетімкөлдің сұлулығы, аққудың үні, қасиеті, айнала қоршаған ортамен үндестігі, ақынның сезімі өлеңде қалай берілген?
  2. Поэманың ІІ бөлімінде  оқиға мен интонацияның  өзгергенін байқадыңдар. Ананың психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Ана неге аққудыатпақ болды?
  3. Аққуды атқаннан кейінгі ана өкініші, бала өлімін көрген кездегі ана қасіреті қалай көрсетілген?
  4. Шығарма қалай аяқталды? Поэмадағы ана мен бала, аққулар, табиғат суреті «Жетімкөл» қандай ойға жетелейді.

ІІІ. «Топтастыру» кезеңі.

«Ана» бейнесіне сипаттама береміз. (тақтаға екі топтан екі оқушы шығып, қорғайды)

құсалы, күйзелген                                   баласын ойлайды                              аңғал сенгіш

әлсіз,қорқақ                                                 АНА                                              екі ойда болады

                     мейрімді                                                табиғатты тонаушы

ІV. «Сөз жарыс»

«Дариға-жүрек» тобы: «Аққуды атуға болады».

«Өмір-өзен» тобы: «Аққуды атуға болмайды»

«Аққуды атуға болады».

  1. Баласын өлімнен сақтап қалу үшін атады.
  2. Аққу махаббаттың белгісі.
  3. Ананның балаға деген махаббаты өте күшті. Егер сол кезде аққуды атпағанда өзін өмір бақи кінәлап өтер еді.

«Аққуды атуға болмайды»

1.Аққу киелі құс, сұлулықтың, пәктіктің белгісі.

  1. Аққу табиғаттың жаратылысы, бірақ өмір сүруге тиіс.
  2. Аққуды атпа, махаббаты сатпа деген ертеден дана сөз бар.
  3. «Еркін жауап» кезеңі

Мәтінмен жұмыс. Ойды түйіндеу.

  1. Көл бетінде,

Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле,

(табиғат тыныштықта, құстар алаңсыз)

  1. Ию-қию көл маңы, астаң-кестең жер айналып, тау құлап, аспан көшкен. (табиғат тыныштығының бұзылуы)
  2. Аққуға кезенерде ырым жасап, тым құрыса саусағыңды қанаттың ба? (ырым кез-келген нәрсеге жасалмайды)
  3. Жасымнан естігенім бартын еді, әйтеуір аққу атқан оңбайды деп, (аққудың киелі құс екендігі)
  4. Өліп жатқан ұлына қарасын да қалсын ана «Жетімкөл» жағасында өліменен тірінің арасында (көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұрындыруы)
  5. Тек қана тыныштықта ұйықтайды, олар шошыса, екінші рет оралмайды. (табиғат тыныштығын бұзбау)

Бұл ой-түйіннен шығатын қорытынды: көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың соңы қайғылы қазаға ұшырауға соққандығын поэманы талдай отырып, көзімізді жеткіздік. Табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау, табиғат тыныштығын бұзбау, табиғатты қорғау біздің міндетіміз екен.

VІ. Кезең Поэзия минуты.

Поэмадан мәнерлеп жатқа оқу.

Биолог Айым апай нақты табиғат заңдылықтары туралы айтады.

VІІ.Бекіту. Бес жолды өлең.

«Дариға-жүрек» тобы: «Аққу» сөзіне.

«Өмір-өзен» тобы: «Ана»  сөзіне.

VІІІ. Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының оны өлеңдері мен бірге есіне алып жүретінін алдын-ала сезгендей және ақиық ақынның айында дәлелдегендей. Бәріміз бірге ән саламыз.

«Есіме мені алғайсың»

Нұр жауып тұрған көктемде

Гүл тере барсам бөктерге,

Қоңыраулатқан аспанды

Найзағай шаншып өткенде,

Есіңе мені алғайсың.

Ақ қарау тұрған ақпанда

Ағаштар сырға таққанда,

Мен бар деп мына жалғанда

Жоқ деген сөзге алданба

Есіңе мені алғайсың.

ІХ. Үйге тапсырма

Шығарма жазу.

«Ана-адамзаттың асылы»

Х. Әділ-қазылар алқасына сөз береміз.

Оқушыларды бағалау.