Абайдың « Он жетінші» қара сөзі

616

Тақырыбы Абайдың « Он жетінші» қарасөзі

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы шығармашылығы туралы тереңірек ұғынуға жол сілтеу. Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат , жүрек , ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге , өз бойларында осы асыл қасиеттер болу үшін күресе білуге , ақынның қарасөздерінің мәнін , ғылыми философиялық ойды түсінулерін анықтау. Абай сөзімен айтқанда болашақ «кемел адам» бейнесін , моделінің жобасын жасау.
  2. Мәтіннің танымдық сипатын , құрылымдық бөліктерін өздері байқай алатын , түсіне алатын нәтижеге жеткізу. Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру , оқып- түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру, бір – біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге жетелеу.
  3. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып , елін сүюге , адамгершілік , адалдық , ізгілікке , ғылым- білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.

Сабақ түрі  жаңа білім беру сабағы.

Сабақ типі жобалау технологиясы

Сабақтың әдіс – тәсілдері : түсіндіру , топпен жұмыс , топтастыру , модель жасау , жобалау әдісі , мәнерлеп жатқа оқу , ой қорыту .

Сабақтың көрнекілігі слайд , Абай портреті , « Абай моделі» , « қара сөз» жоба моделі , топтарға арналған тапсырмалар , « кемел адам» моделі ( жобасы).

Міндеттері :

  1. Абайдың шығармалары мен қарасөздеріндегі философиялық көзқарасын оқып , талдау арқылы мейірім , әділет , шапағат , ар- ұят ұялаған жылы жүректі жан және бұл адам жылы жүректің жетекшісі болған нұрлы ақыл мен ыстық қайраттың иесі «толық адам» бейнесін жасау.
  2. Оқушылардың топтағы жұмыстарын жүйелі жүргізіп жобалауға , жоспарлауға , бағыттауға , ой қоытуға пікір айтуға , дүние танымдық көзқарасын арттыру.

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа қажетті көрнекіліктерді әзірлеу, сынып ішін сабаққа дайындау .

Оқушыларды түгендеу . Сынып оқушыларын топқа бөлу .

ІІ Жаңа сабақ

  • Балалар , кәне , ойларыңа түсіріңдерші , өткен сабақтарда қай ақын шығармасымен танысып келеміз .
  • Абай кім ?

1 – слайд

Топтастыру

Сонымен , балалар , Абай ақын ғана емес , аудармашы , мысалшы , әсем ән жазған сазгер болумен қатар ғалым , философ , ойшыл адам екен . басқа ақындардан ерекшелігі неде ? ( «Қара сөз» жазған .)

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – ұлы ақынның философиялық ойларын , қарасөздерінің идеясын түсіну , топпен жұмыс жасай отырып « Он жетінші» қарасөзін меңгеру .

2- слайд

  • Қарасөз дегеніміз не ?

Ғылым туралы , философия туралы , дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек . Абай Құнанбаевтың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар . «Ғақлия» деген өсиеттері .

Қарасөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғақлия – көркем сөз , дана сөз , асыл сөз деген мағынаны береді . Абайдың қарасөздері адамзат баласына ортақ сөз . Кейіпкері адам , толық адам ( кемел адам) . Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді . Орыс ,  қытай , француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай қарасөзін 45 жасында жазған .

3- слайд  «Қарасөз» моделі

 

  • Бүгін біз 17- қарасөзінен «кемел адам» моделін жасап көреміз
  • « Кемел адам» дегенді қалай түсінеміз ?
  • Сен қандай адамсың ?
  • « Мен» моделін дәптерге жазу .
  • Абай қарасөздерін не үшін жазды ?

Диктофоннан 1- қарасөзінен үзінді тыңдату .

« Ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін , ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын , кімде – кім ішінен керекті сөз тапса , жазып алсын , я оқысын , керегі жоқ десе , өз сөзім өзімдікі дедім де , ақыры осыған байладым , енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ .»

  • 17- қарасөзін оқып , керегімізге жаратсақ алайық , жаратпасақ қалсын .

Топпен жұмыс « Қарлы кесек» ойыны

4 топқа тапсырма беру

  • Топ – мәтіннің басы « қайрат»
  • Топ – мәтіннің ІІ абзацы «ақыл»
  • Топ – мәтіннің ІІІ абзацы «жүрек»
  • Топ – мәтіннің соңы « ғылым»

Әр топ өздеріне берілген мәтін бөлігін оқып түсінеді. Мәтіннің мазмұнымен түгел танысу үшін әр топтан 1 оқушыдан топтарға жіберіліп , өзге топ мүшелеріне өз топтарының мәтін бөлігін түсіндіреді . Нәтижесінде 4 топта мәтінің толық мазмұнымен танысады . Мәтін мазмұныны анықтау үшін ұжымға сұрақтар қойылады .

  1. Қайрат , ақыл , жүрек не жөнінде таласты ? Әрқайсысы өз ісін қалай дәлелдеді?
  2. Олар неге ғылымға жүгінді?
  3. Ғылым оларға қандай төрелік айтты?
  • Слайд ( Сөздік жұмыс )

Мәдмәлат – мақсат , мұрат .

Ғақлия – көркем сөз , дана сөз , асыл сөз .

Нәфсі – құмар

Ахирет – бақиға аттанар кездегі пенде киетін киім

  • Неге Абай адамның көп қасиеттері ішінен қайрат , ақыл , жүрек үшеуін ғана таңдап алған ?
  • Слайд

« Ақыл , қайрат , жүректі бірдей ұста ,

Сонда толық боласың елден ерек»

  • Слайд ( Ұлы Абайдың мынандай сөзі бар . )

« Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық»

« Нұрлы ақыл , ыстық қайрат және оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіден табылса , онда ол «қасиетті адам» болмақ .»

  • Осының бәрін үйрететін не ? ( ғылым)
  • Топпен жұмыс ( Әр топ өз кейіпкер жобасын( моделін) жасайды)

І топ – « қайрат»  ІІ топ – « ақыл»  ІІІ топ – « жүрек»

ІУ топ – адамға тиетін кеселдерді топтастырады.

  • Слайд ( Әр топ өз кейіпкер моделін талдап болған соң , қасиеттерін « Кемел адам» моделіне енгізеді . )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Абайдың ( үй тапсырмасы ) « Әбдірахман өлгенде» өлеңін жатқа сұрау . Әбіш бейнесін айтқызу . Ақын Абай Әбіш бейнесі арқылы нені армандады , меңзеді , айтпақ ойы не болды? Ер бала қандай болу керек ? ( Ер бала тәрбиесі , ер бала бейнесі )
  • Әбіштің адамгершілік қасиеттерін « кемел адам» бейнесіне енгізейік .
  • « Кемел адам» бейнесін толық шығарып , оқу . Осы «кемел адам» моделінен өзіңе керегі бар ма ? Өзіңе қандай сипаттарын енгізер едің ?

« Мен» моделіне өзіне керектісін керектісін жаздырту . ( Дәптер- мен жұмыс )

Қорытынды

Сонымен Абайдың 17- қарасөзінен керегімізге жарарын таптық па ?

« Қарасөз» моделі бойынша сабақты қорытындалау .

17- қарасөздің мәселесі – адамдыққа үйрету ; түрі – айтыс , талас түрінде ; мақсаты – өсиет , ғибрат қалдыру .

Елбасымыз Н. Назарбаев « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз . Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» — деген .

Бағалау (Оқушылар білімін анализ, талдау жасай отырып бағалау .

Үй тапсырмасы 17- қарасөзін оқу. Әдебиеттерден , баспасөз беттерінен Абай туралы не айтады екен іздеу , зерттеу . Ауыл ақсақалдары мен әжелеріміздің артынан қалдырған ғибрат сөздерін жинақтау .

( Қосымшада сабақтың презентациясы, топтар бойынша үлестірілетін сызбалар берілген )

Қосымша -1

Топтар бойынша таратылатын сызбалар

І топ « Қайрат» тобы  ( Қайрат қасиеттерін топтастыру )

ІІ топ «Ақыл» тобы  (Ақыл қасиеттерін топтастыру )

ІІІ топ « Жүрек» тобы ( Жүрек қасиеттерін топтастыру )

ІУ топ «Ғылым» тобы   ( адамға тиетін кеселдерді топтастыру )