Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесіндегі басты кейіпкерге мінездеме

Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесіндегі басты кейіпкерге мінездеме

Сабақтың мақсаты:

а) Повесть бойынша оқушылардың ойын тиянақтау. Қожа бейнесіне талдау жасап, өз көзқарасын жүйесі талдауға үйрету;

ә) оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, оқушының ой – өрісі мен дүниетанымын дамыту;

б) қарсылыққа құрметпен қарап, сыпайылыққа, ұстанымдылыққа тәрбиелеу және қарсылыққа дау көтермей сөйлеу әдебін меңгертіп, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Әдіс- тәсілдері: талдау, ой шақыру, ой – толғау жазу, деңгейлік тапсырмалар, сәйкестендіру тесті, Венн диаграмма.

Көрнекілігі: аұынның портреті, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Сабақтың жоспарымен танысу.
  • Зейіндерін сабаққа аудару.

  Сабақтың жоспары:

  1. «Менің атым Қожа» повесін композициялық құрылым арқылы талдау.
  2. «Ой шақыру» әдісімен кейіпкерлер бейнесін ашу.
  3. «Егер де мен Қожаның орнында болсам» деген тақырыпқа ой – толғау жазу (дәптермен жұмыс).
  4. Деңгейлік тапсырмалар (оқушылардың деңгейіне қарай, үлестірмелі қағаздар беріледі).
  5. Сәйкестендіру тесті (тақтамен жұмыс).
  6. Қорытынды: «Адам болу парыз. Сол жолдан жеңіп шығу – ерлік» (сұрақ – жауап).
  7. Үйге тапсырам. «Балалық шақ» ой – толғау жазу.

Кіріспе сөз:

Жас ұрпақтың сүйікті жазушысы Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген. Содан соң Нарынқол ауданында мұғалім болған. Жазушының тырнақалды туындысы «Он алты жасар чемпион» повесі 1951 жылы жарық көрді. Оның атын ерекше танытқан шығармасы «Менің атым Қожа» повесі болды. Ол орыс, француз, украин, литва, латын, молдаван тілдеріне аударылған. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясында экрандалған. Осы көркем лента 1967 жылы Канндағы халықаралық кинофестивальда арнаулы жүлдені жеңіп алды. Кинофильмнің режиссері – Абдулла Қарсақбаев.

Повесть дегеніміз – көлемі жағынан әңгімеден  үлкен, романға жақын баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрін повесть деп атайды.

I.Композициялық құрылым арқылы талдау.

Повестің басталуы – 1. Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады . . .

  1. – Ех, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін, мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім?

Дамуы – 1. Лагерьге жолдама.  2. Майқановаға жолығуы.

Байланысуы – 1. Орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна А. Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұрағанда . . .

  1. Бір бақаны сумкаға сүңгіткен Қожа.

Шиеленісуі – 1. Анасының Қожаға ренжуі.   2. Педкеңестегі талқы.

Шарықтау шегі – 1. Майқонованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі.

Шешімі – 1. Өзіне берген уәдесі.

  1. «Ой шақыру» әдісімен кейіпкерлер бейнесін ашу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім сөзі:

Шығарманың бас кейіпкері Қожа мінезінің қалыптасуына өскен ортаның, отбасының, мектептің игі әсері болды.Ал енді оқушылар  Қожаның сотқар болуы мен әдепті жолға түсуіне не себептер болды?

Қожаның сотқар болуына себепкер нәрселер: әжесінің еркелетуі, әкесін сағынуы, зеректігі, өзінің менмендігі, анасының жұмысбастылығы.

Қожаның әдепті жолға түсуіне себептер: анасын аяулы, Сәйбек қарт, Оспанов ағайдың айтқан естеліктері, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі.

III.«Егер де мен Қожаның орнында болсам» деген тақырыпқа ой – толғау жазу.

IV.Деңгейлік тапсырма.

(оқуышлардың деңгейіне қарай, үлестірмелі қағаздар беріледі).

  1. Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?
  2. «Қысқы кешті» жаттамаған Қожа қандай күйде болды?
  3. Оқулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па?
  4. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім?
  5. Келесі сабаққа қайсың бақа ұстап әкелесіңдер деп айтқан кім?
  6. Қожаның айнаға қарап ойланған сәті . . .
  7. – Қара көже, мынаның не екенін білесің бе? Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың. Осы сөздерімен Жантастың қандай сипаты көрінеді?
  8. – Жоқ, Қадыров түзелмейді. Ол уәдесін бізге талай берген.
  9. Қожаның бір ауыздан қаулы қабылдауы туралы не айтар едің?
  10. Анасы қожаға соңғы рет қандай ақыл айтты?
  11. Жантас Қара Қожа деудің орнына керісінше қалай атайды?
  12. Қожа бейнесін суретте.
  13. Сәйкестендіру тесті. (тақтамен жұмыс)

– «Лагерьге жолдама. Біз баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қаласың.» ( Жантас)

– «Қожа, Қожатай, әкем – ау, сен бүгін сабағыңа бармаушы ма едің?» ( Әжесі)

– Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (Майқанова)

– Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. (Сәйбек қарт)

– Мен оқулық емес, қант аламын. (Қожа)

– Япырай, мұндай да шаш біте береді екен – ау!  (Әубәкір)

– Қадыров, немене, ұйықтап қалғансың ба? Тоқта галстугыңды түзе. (Анфиса)

– Қадыров, сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз, білесің бе? (Ахметов)

– Ал, Қожатай, ақылың бар баласың. Бәрін түсінуің керек.  (анасы Миллат)

  1. VI. Қорытынды.

«Адам болу – парыз. Сол жолдан жеңіп шығу – ерлік»

I – топ.Сұлтанға еріп, «бұзық бала» атануына көзқарастарың? (Бұндай балалар бүгінде араларың да кездесе ме?) Егер Қожаның орында сендер болсаңдар, қандай әрекет істер едіңдер?

II – топ.Қожаның оқулық сатып алудағы кезекші мұғалім Майқановаға өтірік айтуы дұрыс па? Сендер не істер едіңдер?

III – топ.Майқановамен ерегісуі, жолдама жөніндегі тілегін орындамағаны үшін кінәлауына қалай қарайсың? (оқушылардың өз пікірі)

Мұғалім сөзі: Сонымен оқушылар «Менің атым Қожа» повесінің негізгі тақырыбы – соғыстан кейінгі кеңес оқушыларының өмірі туралы жазылған. Алдағы уақытта Қожа сияқты оқушыларға жол бермейік.

VII. Үйге тапсырма беру.

«Балалық шақ» тақырыбында ой – толғау жазу.

VIII. Бағалау.