М.Өтемісұлы «Соғыс»

81

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылы

Мәди Бегеновмектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утеулиева Рзагул

Сабақтың тақырыбы:  М.Өтемісұлы «Соғыс»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Махамбеттің өмірі мен шығармашылығын,

Исатай тұлғасын, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, өлеңдегі

Фразалық тіркестердің мағынасын түсіндіру;

Дамытушылық: оқушылардың жеке көзқарасының қалыптасуына ықпал ету,

өз ойын еркін жеткізе білуге, тіл байлығын дамытып, ой

қорытындысын жасауға дағдыландыру, мәнерлеп оқуға

жаттықтыру;

тәрбиелік:        Отансүйгіштікке, ерлік пен елдікке , адалдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

І. Ой қозғау

. Үй тапсырмасын тексеру.

А.Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» атты мысалды түсініп келу.

Сұрақтар:

  1. А.Байтұрсынов қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (1873ж, бұрынғы Торғай облысы)
  2. Ахметтің Крыловтан аударған мысалдары қашан, қандай атпен басылып шықты? ( 1909ж «Қырық мысал»)
  3. «Егіннің бастары» мысалында баланың көңілін аударған не?

( көкке қараған бидай)

4.Бұл бидайдың басқа бидайдан қандай айырмашылығы бар еді? ( бұл бидай дәнсіз)

  1. Әкесі баласына қандай ақыл берді?

( бұл бидайға ұқсама)

  1. Бұл бидайды өмірдегі қандай адамға теңейді? ( өркөкірек)

Сөзжұмбақ «ақын»

а
қ
ы
Н

1.Мысалдарда жануарлар мен жәндіктердің адам істейтін әрекеттерді жасауы қалай аталады? ( аллегория)

  1. «Егіннің бастары» мысалында қандай жағымсыз қасиеттен аулақ болуға шақырады? ( тәкаппарлық)

3.шағын көлемді адамға сабақ болатын, тағылымды шығарма? (мысал)

  1. Ахметтің әкесі? ( Байтұрсын)

 

ІІ. Мағынаны тану  . Жаңа сабақ

      Сабақтың дәйексөзі:

Білмеймін, жел ме, сел ме?

Жырда онымен бір тұлға дендесер ме…

Әділетсіз дүниенің қабырғасын

Махамбетше сөгер жан кездесер ме…

Ондай жыр – ем кеселге…                                 ( Ф.Оңғарсынова)

 

Махамбет туралы электронды оқулықтан мәлімет тыңдатылады.

Махамбет Батыс Қазақстандағы Нарын құмында 1803жылы дүниеге келген. Махамбеттің өмірі қазақ халқының Ресейдің қол астындағы болып, Патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясатын қызу жүргізген кезгесай келеді.Отаршылдар мен өз билеушілері би – болыстардың илеуінде болған халықтың ашу-ызасы буырқанып сыртқа шықты. Махамбеттің ақ алмастай жарқылдаған жырлары халық жүрегіне жол тауып, көтеріліс ұранына айналды. Исатай батыр екеуі көтеріліс басшысы болып, қара халықты соңына ерте білді. ( суреттер көрсету)

Махамбеттің өлеңдерінің саны 70-80-дей ғана. Оның барлығы дерлік ұлт –азаттық көтеріліске қатысты. Уақыты жағынан алып қарасақ:

  1. көтеріліске дейін
  2. көтеріліс кезінде
  3. көтеріліс жеңілгеннен кейін

Махамбет – сазгер –күйші. Күйлері: «Қайран, Нарын», «Өкініш», «Жорық» , «Жұмыр қылыш» т.б.

Махамбет ерлік тақырыбын жеріне жеткізе жырлаған ақын. Үйде отырып, күпінген сөзбен емес, жаумен бетпе –бет келіп, жан беріп, жан беріскен күрес арқылы дәлелдеген ақын. Сондай ерлік тақырыбындағы өлеңдерінің бірі -«Соғыс».

( оқушылардан  соғыс деген сөзді естігенде қандай сезімде болатынын сұрау)

«Соғыс» өлеңін мәнерлеп оқып, таныстырамын.

2 оқушыға өлеңді мәнерлеп оқыту

 Сөз сыры

Түніменен түйіну – бір нәрсені іштей сезу, түсіну, бекіну

Жай – садақтың оғы

Қабырғасын қақыратқан – сөккен

Тебінгі – шалбардың балағын аттың терінен сақтау үшін тоқымға тігілген немесе ерге жалғастырыла салынған жалпақ былғары

Тізгін – аттың басын тежеу үшін пайдаланатын ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына байланған қайыс

 

А) Білім – сарқылмас қазына

Суретте.  Өлеңде қандай оқиға суреттеледі?

Ізден: Исатайдың сырт тұлғасы, ерлік бейнесі суреттелген жерді тауып оқы

Қолдан: «ояту» сөзі қандай мағынада қолданған?

Зертте:   ақынның өмір сүрген дәуірі туралы не білеміз?

Байланыстыр: М.Қалымовтың «Исатай — Махамбет» суретінің осы өлеңге қандай байланысы бар?

 

 

 

  1. Өлеңнің тақырыбын тап.
  2. достық 2. ерлік     3. білім      4. еңбек

 

  1. лириканың қай түріне жатады?
  2. саяси — әлеуметтік 2. махаббат      3. табиғат        4. көңіл –күй

 

3.Өлеңнің буын саны

  1. 11 буын 2. 10 буын     3. 7-8 буын       4. 6буын

 

4.Бунақ түрлерін анықта

  1. 1бунақ 2. 3бунақ      3. 2бунақ          4. 4бунақ

 

5.Өлеңнің тілі:

Омонимді жаз

Тұрақты сөз тіркесін жаз

 

  1. Өлеңді ажарлау:

Теңеулерді жаз

 

  1. Идеясын жаз

 

Б). Ой толғау

«Туады ерлер ел үшін» тақырыбына ой толғау немесе 5 жолды өлең құрастыр

  1. Батыр                                                         Ақын
  2. сын есім
  3. етістік
  4. сөйлем
  5. берілген сөздің синонимі

 

ІІІ. Қорытынды.

 

Бұрын білетінім

 

Бүгінгі сабақтан білгенім
Махамбеттің батыр екенін Ақын, жырау, сазгер-күйші

 

 

Бүгінгі сабақтан қандай тәлім – тәрбие алдық?

 

Бағалау.    Үйге тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу, үзінді жаттау, Махамбетке

қатысты деректер жинақтау