«Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойыны

72

«Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойыны

Слайд 2  Ойынның мақсаты: оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған бетшелер, қанатты сөздер: «Информатика болашаққа бастайды», «ХХІ ғасыр-компьютер ғасыры», «Компьютерді меңгеру өмір талабы», слайд.

 Ойынның жүрісі:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, әділ-қазылар алқасы, оқушылар. «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып, информатика пәні бойынша  «Сынып көшбасшысы» интеллектуалды ойынымызды  бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып.

Алдымен ойынға қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз:

(Ойынға қатысатын оқушыларды таныстыру)

Мұғалім: Енді осы ойынымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен танысайық: (әділ қазылар алқасын таныстыру)

Мұғалім: Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, «Бәйге» турын бастаймыз.

Ойын шарты: Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Егер қате жауап берсе, сол ойыншы келесі сұраққа жауап беру құқынан айырылады.

Слайд 4  І тур «Бәйге»

  1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас. (интерфейс)
  2. Аты бар бірқатар байттар тізбегі. (файл)
  3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал. (компьютер)
  4. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70 см)
  5. Арифметикалық амалдарды есептейтін 1694 жылы Лейбниц ойлап тапқан машина. (арифмометр)
  6. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы. (сканер)
  7. Компьютердің «миы» ең басты бөлігі. (процессор)
  8. Принтердің неше түрі бар? (3)

         ( матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік )

  1. Графикалық редактор. (Paint)
  2. Мәтіндік редактор. (Word, WordPad)
  3. Компакт-диск оқу құрылғысы. (CD=ROM)
  4. Дүниежүзілік компьютерлік желі. (интернет)
  5. Компьютер ауруы. (вирус)
  6. Windows деген не? (терезе, ОЖ)
  7. F1 пернесінің қызметі. (анықтама, көмек беру пернесі)
  8. Компьютердің атасы. (Ч.Бэббидж)

Мұғалім: «Ана тілің-арың бұл,

                       Ұятың боп тұр бетте.

                        Өзге тілдің бәрін біл,

                        Өз тіліңді құрметте.»,- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек, келесі сайысымыз «Тіл-өнер» деп аталады. Сендерге жұмбақталып жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан оқушыға 20 ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі. Сұрақты мұқият тыңдаймыз.

Слайд 5 ІІ тур «Тіл-өнер»

  1. Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)
  2. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді? (дыбыс, звук, sound)
  3. «Ас- адамның арқауы», ал компьютердің асы… (ток, ток, current)
  4. Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistake)
  5. Жіпке ілдім мен өзін,

Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)

  1. Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)
  2. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышь, mouse)
  3. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ. (терезе, окно, windows)
  4. Сәлем ненің патшасы. (сөз, слово, word)
  5. Кітап ненің бұлағы. (білім, знание, knowledge)

Мұғалім: 2 тур қорытындысы бойынша ұпайы ең аз оқушыға «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме» деп, ортадан қошеметпен шығарып саламыз.

Көрермен жиналған біл тамашаға,

Құр қалып, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

Демек, келесі кезең  «Жеті жұмбақ»

20 20 20
30 30 30
40 40 40

Слайд 6-24         ІІІ тур «Жеті жұмбақ»

 

 

20(сол жақта)-сандардың аталу және жазылу әдісі. (санау жүйесі)

20(ортада)-Гректердің есептеу құралы. (абак)

20(оң жақта)-келесі жолға өту пернесі. (enter)

30(сол жақта)- Кеңестер Одағында алғаш ЭЕМ жасаған ғалым

(С.А. Лебедев)

30(ортада)- Ең алғашқы программа жасаған  әйел ғалым (Ада Лавлейс)

30(оң жақта)- Интернетке қосылу құрылғысы. (модем)

40(сол жақта)- Логарифм сызғышын кім жасап шығарды? (Д.Робертсон)

40(ортада)- Терезені басқару батырмалары қай жолда орналасқан?

(тақырып жолы)

40(оң жақта)- Берілген терезедегі орындауға болатын командалар тізбегі не деп аталады? (меню)

Мұғалім: Ұпайы аз 1 оқушыны рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортадан шығарып саламыз.

Көкпардың сабақтан көп сұрағы,

Шәкірттердің білгірі алға шығады.

Асықпаңдар, ойланыңдар, балалар,

Үш жауап бар біреуі оның шырағы.

Алдарыңызда математика, информатика және геометрия пәндерінен сұрақтар берілген. Сұрақты ұпайы аз оқушыдан бастап таңдайды. Сұрақтарға алдарыңдағы жауап нөмірін көтеру арқылы барлық оқушы жауап береді.

Слайд 25-40  IV тур «Дода-Көкпар»

  1. Информатика:

30- Компьютердің қандай құрылғысы адам денсаулығына зиянды?

  • Монитор 2)пернетақта      3) процессор

20-(сол жақ)-«Бит» сөзінде неше бит бар?

  • 3 бит    2) 24 бит          3)8 бит

20-(оң жақ)-Microsoft фирмасын құрған кім?

  • Ф.Нейман 2)Пол Аллен  3) Билл Гейтс 

10-(сол жақ)— винчестенр деген не?

  • Қатты диск 2)Иілгіш диск  3)Компакт-диск

10-(оң жақ)- Нақты бір файлды көрсететін белгіше?

  • Файл 2) таңбаша (ярлык) 3) қапшық (папка)

 

  1. Математика

30- 80 санының 15% -і қанша?

  • 6 2) 12                              3) 8

20-(сол жақ)- «0» саны римдік санау жүйесінде нешені білдіреді?

  • 500 2) 50                             3) 1000

20-(оң жақ)- Анасы 50 жаста, ал қызы 28 жаста. Бұдан неше жыл бұрын қызы анасынан екі есе жас еді.

  • 5 жыл 2) 6 жыл    3) 4 жыл

10-(сол жақ)— y=k/x функциясының графигі не деп аталады?

  • парабола 2) гипербола      3) кубпарабола

10-(оң жақ)- 0,75 дм қанша сантиметр болады?

  • 0,075см 2) 75 см               3) 7,5 см
  1. Геометрия

30- Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен екі есе үлкен. Осы бұрыштар неге тең?

1)400, 800                      2) 600, 1200                   3) 900,1800

20-(сол жақ)- Кубтың қанша қыры бар?

  • 8          2) 4                      3) 12

20-(оң жақ)- Координаталар жүйесін алғаш енгізген ғалым?

  • Р.Декарт 2) Пифагор                  3) Виет

10-(сол жақ)— Тең қабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасы 8 см, оның периметрі неге тең?

1)16 см       2) 24 см     3) 32 см

10-(оң жақ)- Шаршының бір қабырғасы 3 см, оның ауданы неге тең?

  • 12 см2 2) 9 см2                3) 6 см2

Мұғалім: сонымен, осы кезеңнен кейін ұпайы ең аз 1 оқушыны қошеметпен ортадан шығарып саламыз.

Ең жарыстың енді келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Келесі кезеңіміз «Жорға». Екі нұсқа бойынша алдын-ала жазылған сұрақтарға шапшаң жауап беру керек. Нұсқаны таңдау еркі ұпайы аз оқушыға беріледі. Берілетін уақыт 1 минут.

Слайд 41  V тур «Жорға»

  • Терезе нешеге бөлінеді? (4) (қапшық, қолданбалар, диалогтық, анықтама)
  • Бағыттауыш пернелерді ата.
  • ІІ буын машиналарын неден тұрады? (транзисторлардан)
  • Компьютер құрылғылары нешеге бөлінеді? (2)
  • Функционалдық пернелер нешеу? (12)
  • Дыбыс шығару құрылғысы. (колонка)
  • Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (бит)
  • Жыпылықтап тұратын тік сызықша. (курсор)
  • Енгізу құрылғысы. (пернетақта)
  • Монитор қандай құрылғы? (шығару, негізгі)
  • Графиктік редактор. (Paint)
  • Бас әріптер режиміне көшу пернесі. (Caps Lock)
  • Жад нешеге бөлінеді? (2)
  • ІІІ буын машиналары неден тұрады? (интегралдық схема)
  • Калькулятордың неше түрі бар? (2)
  • Пернетақтада қанша перне бар? (101-102)
  • Дыбыс жазу құрылғысы. (микрофон)
  • Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)
  • Компьютер жанына қоятын өсімдік. (кактус)
  • 1 Кбайт неден тұрады? (1024 байт)
  • Текстік редактор (WordPad)
  • Курсордан кейінгі символды өшіру пернесі (delete)
  • Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. (принтер)
  • Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. (монитор)
  • Алдыңғы қадамға оралу. (Esc)

 

Мұғалім: Слайд 42-49  Анаграмма. Берілген  әріптерден сөз құрап анықтама беріңіз.

Ойынымыздың шешуші сәті төрешілер өздеріңізде.

Жеңімпазды анықтап, марапаттау, «Сынып көшбасшысы» атағын беру. Ойынға қатысқан басқа да оқушыларға диплом тапсыру.

Мұғалім:

Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «Сынып көшбасшысы» ойын мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.