Ақпарат, компьютер, windows операциялық жүйе

Сабақтың тақырыбы: «Ақпарат, компьютер, windows операциялық жүйе»

Мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың алған білімдерін нығайту, топпен жұмыс істей білу дағдыларын, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін, логикасын  дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,  бірін — бірі сыйлауға, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын, сайыс

Сабақтың типі: өткен сабақты қорытындылау, қайталау, бағалау, марапаттау

Сабақтың әдісі; сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Көрнекіліктер: қима-қағаздар, интерактивті тақта, слайд, компьютер т.б.

Пәнаралық байланыс: математика, геометрия

Сабақтың барысы:

Ұйымдастырушылық кезең:

Сәлемдесу;

Оқушыларды топпен отырғызу;

Cайыс сабақтың тақырыбымен, шарттарымен таныстыру;

Сайыс ойынның бөлімдері:
І бөлім «Қане танысайық»

ІІ бөлім «Бәйге»

ІІІ бөлім  «Кім жүйрік»

ІV бөлім  «Құпия алаң»

V бөлім «Зерделі бала-өнерлі бала»

VІ бөлім.  «Ребусты шеш»,  «Адасқан әріптер”

VІІ бөлім «Қорыту кезеңі»

 

Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып .

Бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілейміз.

 

Әділқазы алқаларын сайлап алу керек.

Ендігі кезек өздерінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығын шыңдауға келген білім алушыларды өздерін таныстыру үшін  І бөлім «Қане танысайық» кезеңіне кезек берейік.
Әр топтың топ басы өзінің топ атымен, ұранымен таныстырып, эмблемаларын көрсетеді!

Ал енді  ІІ-бөлімізді бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
ІІ бөлім «БӘЙГЕ» кезеңінде  екі топтың            топ басшыларына 1 минутта 12 сұрақ қойылады. Шапшаң жауап беру керек.

  1. Компьютердің миы …………….(процессор)
  2. Информатика пәні нені зерттейді (ақпараттық процесстерді)
  3. Қытайлықтар есепшотты қалай атаған (суан-пан)
  4. Бірінші программист (Ада Лавлейс)
  5. Бас әріппен жазатын перне (CapsLock)
  6. Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақ, тас, ағаш таяқша)
  7. Монитор, принтер, динамик компьютердің …….. қандай құрылғысы ( ақпаратты шығару)
  8. Бүкіл әлемдік желі (интернет)
  9. Вирусты жоятын программа ( антивирус)
  10. Файл аты неше бөліктен тұрады (екі бөліктен, өз аты және кеңейтілуі)
  11. Атақты MICROSOFT фирмасының негізін қалаушы ( Билл Гейтс)
  12. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

 

  1. Экран мен көздің арақашықтығы (60-70см болу керек)
  2. Функциональдық пернелер (F1-F12 пернелер)
  3. Ақпарат сөзі латынның қандай сөзінен шыққан мағынасы ( informatio, түсіндіру, баяндау)
  4. Жапондықтар есепшотты қалай атаған? (серобян)
  5. Маус, сканер, микрофон, пернетақта компьютердің …. қандай құрылғысы (ақпаратты енгізу)
  6. Компьютердің атасы кім ? ( Чарьлз Бэббидж)
  7. Архиватор программалар (Win zip, Win rar)
  8. Бір байтта неше бит бар ?( 8 бит)
  9. Компьютердің тілі…….. (монитор)
  10. Файлдың аты қанша символдан аспауы керек? (255)
  11. Ақпаратты уақытша сақтайды ( жедел жад)

12.Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (меңзер)

ІІІ бөлім  «Кім жүйрік» кезеңінде бірінші болып ұяшықтарға жасырылған сұрақтарға  «Бәйге» кезеңінен ұпай саны жоғары топ бастайды.

Топ кезек-кезек жауап береді. Егер жауап дұрыс болмаған жағдайда қарсылас топ жауап беруіне болады.  Әрбір дұрыс жауап берілген сұрақ үшін топқа 5 ұпай беріледі.

  1. Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа (операциялық жүйе)
  2. Графикалық кескін элементтері нүктелер – қалай беріледі? ? (пиксельдер түрінде)
  3. Мыс фольгамен қапталған шыны текстолиттен тұратын дербес компьютердің негізгі………….(аналық тақша)
  4. Компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасуды іске асыратын өткізгіштер жиынтығы. (шина)
  5. Компьютер өшіп тұрған жағдайда да ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді. (тұрақты есте сақтау құрылғысы)
  6. Өте жоғары жылдамдықта жұмыс істейтін аралық жад (кэш жады)
  7. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? (12 құс тордан ұша алмайды)
  8. 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?(2 сағат)
  9. Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста? (үште)
  10. Жанұяда бес ұл бар және олардың әрбіреуінің қарындасы бар. Сонда бұлар неше адам? (алтау)
    11. Бір жұмыртқаны 4 минут қайнатады, 5 жұмыртқаны неше минут қайнату қажет? (4 минут)
    12. Қаз бір аяғымен тұрса 12 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг? (12 кг)

ІV бөлім  «Құпия алаң» Бұл бөлімнің шарты бойынша ІІI бөлімнің қорытындысы бойынша ең төменгі ұпай санын алған топтан бастаймыз. Суреттердің құпиясын ашу керек. Ұпай саны 5 балмен бағаланады.

 

 

 

 

 

 

1642 -1694ж.ж                                                      ХІХ ғасыр 1880ж

V бөлім «Зерделі бала-өнерлі бала» кезеңінде ұпай сандары жазылған ұяшықтарда сұрақтар жасырылған.

«Өнерлімін менде……… » 10 ұпай

Қазақстан, Тәуелсіздік, туған жер,  туралы өлең, тақпақ айту керек

Қазақстан, Тәуелсіздік, туған жер,  туралы өлең, тақпақ айту керек

«Жалғасын тап»  10 ұпай

Сандарға байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек

1)         1кісі қазған……. құдықтан 1000 кісі су ішеді.

7жұрттың тілін……. біл, 7 түрлі білім біл.

Ат баспаймын…….деген жерін 3 басады.

2)         2 жақсы қас ……болмас, 2 жаман дос болмас

5 бармақ жиналса……., жұдырық болады.

30 тістен шыққан …….сөз, 30 рулы елге тарайды.

 «Ұшқыр ой» 10 ұпай

  1. Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті.

Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?  (Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған)

2.1 т мақта ауыр ма, әлде 1000 кг темір ауыр ма? (тең)

  1. 5 адам кездесіп қалып бір – бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша? (10)
  2. “ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне – бірі:
    — Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді.Олар бірін – бірі қалай көреді?
    (Қарғалар бір-біріне бетпе-бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.)

«Ұйқасын тап» 5 ұпай

Жігітті компьютеріне қарап бағала (Жігітті досына қарап бағала)

Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (жаудан қорыққан, шайқасқа шықпас)

Күлсең ескірген компьютерге күл (күлсең кәрі кісіге күл)

Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады (айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады)

Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (бір бас жақсы, ал екі бас одан да жақсы)

Байт биттен құралады (ақша тиыннан құралады)

VІ бөлім.  «Ребусты шеш»,  «Адасқан әріптер” бөлімінде ребусты және анаграмманы кім жылдам шешетін болса сол топқа 5 ұпай саны беріледі.

Ребустың шешімі: компьютер, ақпарат

«Адасқан әріптер”

Ринперт         — принтер

Тақпертане    — пернетақта

Сорцеспро     – процессор

Ротпьюкем /компьютер/

Армапогрм /программа/

тикдасе   /дискета/

дракерот /редактор/

нытшақ /тышқан/

Көрермендермен жұмыс:

Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу кім болды.     (сегіз)

 

Жоқ  өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш)

Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.

(принтер)

Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек.

(монитор)

VІІ бөлім «Қорыту кезеңі»

Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып 21-ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды — дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік. Сайыстың соңында  ең көп ұпай жинаған топ анықталып марапатталады.

Қосымша тапсырмалар

Синоним
Байт8 бит
Алфавитәріптер
Символтаңбалар
МониторДисплей, экран
Қатқыл дисквинчестер
Компакт диск CD-DVD, лазерлік
Дербес компьютерСтационар компьютер, үстел үсті компьютер
ТышқанМаус, мышка

Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ. 20 минут ұшады, ал кері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің?  (екеуі тең)

Б А Ғ А Л А У        П А Р А Ғ Ы

І бөлім «Қане танысайық»ІІ бөлім «БӘЙГЕ» Ұпай саны 5 бал

ІІІ бөлім  «Кім жүйрік»

IV.  бөлім  «Құпия алаң»

Ұпай саны 5 бал

V бөлім «Зерделі бала-өнерлі бала»«Ребусты шеш»,  «Адасқан әріптер”Қорытынды
«Өнерлімін менде……… » 10 ұпай

 

«Жалғасын тап»

10 ұпай

 

«Ұшқыр ой» 10 ұпай

 

«Ұйқасын тап» 5 ұпай

 

7 «А»

Macintosh

7 «Ә»

Антивирус