Power Point және презентация

65

Сабақтың  тақырыбы:     Power  Point және  презентация

ІІ.  Сабақтың  мақсаты:

       А)  Білімділігі:  білімділікке,  сауаттылыққа,  ойлау  ұшқырлығын  дамыту

       ә)  Тәрбиелігі:  икемділік  қасиетімен  шабытты  болуға  қалыптастыру

б)  Дамытушылығы:  оқушылардың  ойлау  қабілетімен  қызығушылығын  арттыру

ІІІ. Сабақтың  түрі:  Аралас  сабақ

  1. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест  сұрақтары  т.б.
  2. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі,  практикалық

VІ. Оқыту  формалары:  жеке, топтық  және  ұжымдық

VІІ. Пайдаланылған  әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова  Информатика  10  сынып  оқулығы,  Балапанов  Информатикадан  30  сабақ, Информатика  негіздері  журналы. Информатика  негіздері  журналы. О.Камардинов Bisual  Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual  Basic ортасы.

VІІІ.  Сабақтың  барысы: 

а)  ұйымдастыру

ә)  сабақ  сұрау

б)  жаңа  сабақ

в)  бекіту

г)  үйге  тапсырма

д)  үйге  тапсырма

е)  қорытынды

Жаңа  сабақ

   Power  Point   презентацияны  дайындау  және  өткізудің  ең  жақсы  бағдарламаларының  бірі.  Ол  MS Office  2000-ның  құраушы  болып  табылады  және  презентациялық  материалдарды  слайд  түрінде  жасау  және  оларды  қағазға,  экранға,  мөлдір  пленкаға немесе  35-миллиметрлік  пленкаға  шығаруға  арналған. Power  Point   презентацияны  жоспарлауға  жасауға  және  көрсетуге  мүмкіндік  береді. Пайдаланушыға  шаблондардың  модификацияланатын  жиынтығы,  слайдтар  редакторы,  схема  құру  құралы  ұсынылады.  Power  Point   презентацияның  барлық  құрауыштарын  экранға  шығаруға  немесе  басуға  және  презентацияларды  кейін  басып  шығаруға  сақтауға  мүмкіндік  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация  ұғымы өзінің толық мағанасында (лат.рrаеsеntо тапсырамын немесе ағыл. рrеsеnt – ұсыну ) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып айтқанда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну – бұл әрдайым презентация.

Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір тақырыпқа байланысты слайдтардың  сатылы жиынтығын түсінеміз. Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бұл параққа түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін және оған қатысты жағдайларды фиксациялау кезінде қолданылады. Ескерту, парақтарын слайдтардың әр түрлі саны үшін қалыптастыруға болады, және де, осы парақтарға презентациямен бірге жүретін сценарийді енгізуге болады. Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд-фильм деп те атайды. Слайд-фильмдерді жасап шығаруға арналған арнайы құралдар – графикалық пакеттер де бар. Осы құралдардың бірі – МS Offiсе құрамдасы  Windows-тың қосымшасы  Роwer Рoint программасы.

Роwer Рoint қосымшасының неше түрлі объекттерді (мәтін, кесте, графика) үшін керекті жеке мүмкіншіліктері  болғанымен, оның  Місrosoft   Offiсе дестесінің басқа да құрамдастарымен тығыз байланысуының  арқасында пайдаланушы әбден жасалған материалдарды қолдану мүмкіндігіне ие болады. Мысалы :

Мәтін Word мәтіндік редакторында дайындала алады;

Формулалар —  Місrosoft Еquatuon қосымшасында;

Кестелер —      Місrosoft ЕхсеІ кестелік процессорында;

Бағаналар (диаграммы) —  Місrosoft Graрһ қосымшасында;

Әдеби тақырыптар —  Місrosoft Word Аrt қосымшасында және т.с.с.

Роwer Рoint әр түрдегі презентацияны көруді қамтамасыз етеді. Мыналарға арналған:

-компьютер экранында автономды көрсету үшін;

-компьютерлі проектор арқылы көрсетуге;

-оптикалық құрал арқылы демонстрациялау мақсатында мөлдір қабықшаға басып шығаруға;

-оптикалық слайд-проектор арқылы демонстрациялау мақсатында 35 мм диапозитивті фотопленкаға басып шығаруға;

-дәл осы шақта жортада көрсету үшін;

-кейіннен пайдаланушының автономды көріп шығуына болатындай етіп желілік ортада жариялау үшін;

-хат алушылардың автономды көріп шығуына болатындай етіп электронды почта арқылы жіберу үшін;

-қызыққандарға тарату мақсатында қағазға басып шығару үшін.

 

ІХ. Үйге  тапсырма

   Power  Point және  презентация

 

Х. Сабақты  қорытындылау

Жаңа  материалды  пысықтау,  оқушылардың  меңгерген  білімдерін  талдау, бағалау.

ХІ. Бағалау.