А.Құнанбаев «Ескендір» поэмасы

34
Сыныбы Қазақ әдебиеті          10 сынып 5 сабақ                  Күні 
Сабақтың тақырыбы А.Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Мақсаты 1)Абай поэмасының шығыс әдебиетімен, батыс тарихымен үндестігін ашу.Бұл поэма арқылы ақын көтеріп отырған әлеуметтік және гуманистік мәселені,яғни ақын идеясын оқушылардың көмегімен табу, оқушылардың қалыптасқан білім-білік дағдылары арқылы кейіпкерлер бейнесін ашу;
Күтілетін нәтиже  Оқушыларды әділдікке адамгершілікке баулынады, өз бойларына ізгілік қасиеттерді жинай отырып,даналықты қастерлеуге үйренеді; әдеби теориялық білімдерін арттыруға дағдыланады,ойлау,жүйелеу,салыстыру қабілеттерін жетілдіру,кейіпкердің жан дүниесін ашатын сөз орамдарын ой — түйіндеулерін,іс-әрекеттерін тауып,өз пікірлерін айтуға дағдыланады.
Керекті жабдықтар Үлестірме парақтар;Бағалау парағы
Сабақ барысы
Сабақ кезендері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе *топқа бөліну кім? кімдер? не? нелер деген сөздерге жауап беретін сөздер айтқызу арқылы топқа бөлу топтарында берілген тақырыптары бойынша өз ойларын жеке, топтық арқылы жеткізе білуі керек)

 

*рефлексия (эссе жазу)

Оқушылар амандасады, топқа бөлінеді.Үй тапсырмаларын  орындайды, сұрақтарға жауап береді Тарауды қайталау, шолу жасау.

Оқушылар ассоциациялық картаға өз ойларын түсіреді. Өткен  тақырыптары бойынша өз ойларын ортаға салады, ізденеді.

 

Тұсаукесер Қызығушылықты ояту.  Ескендір Зұлқарнайын деген кім? Деген сұраққа жауап сұрау, ұялы телефон арқылы ғаламтордан мәліметтер іздету. Топтар қойылған сұрақтар бойынша топта жұмыстанады.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады;

Бағалау парағына аты-жөндерін толтырады

 

Негізгі бөлім 1 – тапсырма.«Ескендір» поэмасын шумақтарға бөліп, әр оқушыға беру, әр кім өзіне берілген шумақты оқып, ортада шеңбер бойынша бірінен соң бірі айтып шығады.

2- тапсырма: Топтық жұмыс.

І-Топ: «А.Македонский-тарихи тұлға»

ІІ-топ: «Абай жасаған Ескендір бейнесі»

ІІІ-топ: Аристотель туралы не білеміз?

ІҮ топ: «Абай ұлы ақын» тақырыптарын ашып көрсету.

1. Әр топ мүшесі өзіне берілген тапсырма бойынша жауап береді;

Топ басшысы сәйкес бағаларын бағалау парағына түсіреді;

2. Топта  оқушылар өзара ынтымақтастықта жұмыстанады;

Топта көшбасшыны, белсенді оқушыны, ұсынысты дайындап барлық оқушылар алдында айта отырып формативті бағаларын береді;

Қорытынды Кері байланыс    бүгінгі сабақта алған білім туралы эссе жазу (2-3 балаға оқыту)

Бағалау.

Сабақты пысықтау үшін, топтар бірін-бірі бағалайды.

 

 

Бағалау:топ басшыларынан бағалау парақтары бойынша қорытынды бағаларын түсіру

Үй тапсырмасы: поэманы мазмұндау және кейіпкерлетіне талдау жасау

Топ басшысы топ мүшелерімен ақылдасып өзара бір-бірін бағалайды;

топ басшысы бағалау парағына қорытынды бағасын қойып, таныстырып өтеді

Нұғманова Жанна Кабиқызы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы

Шөптікөл ОЖББМ -балабақшасы

Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша білім жетілдіру курсынан өткен, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі