Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі

66

7-сынып    Әдебиет

 

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі

 

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік:   —  Оқушыларға С.Мұқановтың шығармашылығы мен өмірінен мәлімет бере отырып, «Саятшы Ораз» әңгімесінің мазмұнынын меңгерту.  Әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру.

ә)Дамытушылық:  —  Оқушыларды  өз бетінше іздену жұмысын жасауға, шығармаға кешенді және аннотациялық талдау жасауға төселдіру. Өз ойын еркін, толық жеткізе білуге жетелеу.

б)Тәрбиелілігі:  —  Адамгершілік қасиеттерге, оның ішінде кішіпейілділікке, кеңдікке баулу, халқымыз қадір тұтқан аң – құстарды аялауға, табиғатты сүюге, көршіні қадір тұтуға шақыру.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, талдау:

Сабақ барысы:      І  Ұйымдастыру                    

                              ІІ. Қызығушылықты ояту.

-Сәбит Мұқанов кім? Ол туралы біздер не білеміз?

-«Есіл бойында» әңгімесінің тақырыбы не?

-Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?

-«Есіл тасып барады» әнінің тарихын білеміз бе?

— С.Мұқановтың өмірбаяны туралы ең шынайы деректі қайдан білуге болады?

2.«Өмір мектебі» кітабы бойынша жазушы туралы не білдіңдер?

3.С.Мұқановтың шығармашылығы туралы не білеміз?

-«Сұлушаш» поэмасы, «Мөлдір махаббат», «Ботагөз», «Сырдария», «Есею жылдары», «Аққан жұлдыз» романдары,  «Өмір мектебі» ғұмырнамалық кітабы т.б

  1. Біздің оқулығымызда «Өмір мектебі» ғұмырнамалық кітабынан «Саятшы Ораз» деген тақырыппен үзінді берілген екен. Кәне кім айтады: Саятшы деп кімді айтамыз?

Қосымша: құсбегілік, аңшылық туралы айту.

Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз»  («Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясынан үзінді)

                           ІІІ Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жазушының есінде қалған жалғыз адам – саятшы Ораз.
  2. Ораздың Мұқанның үй – ішіне көмек көрсетуі
  3. Ораздың аңшылығы адамгершілігі
  4. Шығармадағы көркемдегіш құралдар.

Сөздік жұмыс

Саятшы – құсбегі, құс баптаушы.

Сауға беру – ақысыз беру, садақа беру .

Поселке – шағын ауыл.

Шілік – төрт түлік мал  сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі.

Ителгі – Қазақстанда кездесетін биік ағаштар мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі.

Қаршыға – өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау  тауларының бөктерлерінде мекен етеді.

Тұйғын – қанаты қысқа,құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ  аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы.

Мәтінмен жұмыс   Талдау

1.Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.

Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарының балағынішіне сала қонышын тізеден ысыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам…

2.Пейзаж – жазушы шығармада табиғатты барынша көркем суреттеу.

Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа жотасында. Жотаның ұзындығы төрт-бес шақырымдай, қапталының кеңдігі екі-үш шақырымдай. Осы жотаның батыс пен шығыс жағын және екі жақ қапталдығын жаба өскен қалың ну ағаш. Ағаштары түп-түгел қайың мен терек. Ауыл қалың ағашты қырқа жонның  арасында тұрады. Төбеден жауған қар болмаса, қысты күні қалың ағаштан бұл ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонның нақ биігінде сай бар, көктем кезінде бұл сайда аттың бауырлығынан келерлік су жатады, да, төңіректей қалың ағаш  өскен ауыл осы сайда дөңгелене орналасқан.

3.Мәтінге талдау жасау.

1.Шығарма  тақырыбы мен идеясын ашу

2.Мәтіннен суреттеулер табу (Пейзаж, портрет, мінездеме)

3.Көркемдік ерекшелігі

4.Оқушы пікірі

5.Ораз бейнесін ашу                                    Кішіпейіл

Ақкөңіл                                                          адал

Аңғал                                                                           жанашыр

Көпшіл                                                                          балажан

Спортшы

Оқушылар өз көзқарастарын дәлелдейді.

6.Қорытындылау. Осы сабақтан не алдық: оқушы пікірін тыңдау.

Жазушы туралы Құс алу Мәтінге талдау Өз пікірі Ораз бейнесі қорытынды

3.Кейіпкерлерге мінездеме

Сүлеймен – орта дәулетті, сараң адам.

Ораз – жалғыз оқты шитімен атқан мерген, қыс бүркіт, жаз қаршыға мен тұйғын салумен айналысқан құсбегі, өзінің олжасын елмен бөлісе білетін қайырымды жан.

Саятшылық деген не?

-Саятшылық – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерінің бірі. Құсбегілікпен, яғни қыран бүркіт асыраумен, баптаумен айналысу өнері.

Аңшылық туралы қандай шығармаларды білеміз?

Концептуалдық кесте

Кейіпкер Өмірге деген қызығушылығы Адамгершілік қасиеті Кейіпкерге  берілетін баға
 

 

     
  1. VI. Үйге тапсырма

«Саятшы Ораз» әңгімесін оқу, аңшылық туралы шығарма жазу.

 

VII. Бағалау