Әлемнің ақпараттық көрінісі

215
Сыныбы: 6 Күні:                                                        Пәні: Информатика                                                         Пән мұғалімі: Сапашева Елена
Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық көрінісі
Сілтеме Оқулық Информатика 6-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Прараскун, Б.Қ.Әбенов  Астана «Арман-ПВ» 2014 жыл

 

Мақсаты: —          Қазіргі әлемдегі ақпараттың даму қарқыны, оны пайдалану мүмкіндіктері, ақпараттық үдерістер туралы түсінік беру

—          Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сыни ойлай білуге дағдыландыру, өз пікірлерінеркін жеткізуге тәрбиелеу

—          Оқушылардың ой-өрісін, іскерлікқабілеттерін дамыту

Күтілетін нәтиже: —    Ақпарат туралы түсініктерін толықтырады;

—      Ақпараттың маңызын түсінеді;

—      Ақпараттық үдерістерді қолдануды үйренеді;

—        Қазіргі ақпараттың дамуы жөнінде өзіндік ойлары қалыптасады.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Негізгі дереккөздер: Оқулық. компьютер, интерактивті тақта, интернет материалдары, постерлер, слайдтар, стикерлер, таратпа материалдар, топ ережесі, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы
Әдіс –тәсілдер: Диалог, топтық жұмыс, тірек сөздер стратегиясы, топтастыру стратегиясы, кубизм стратегиясы, АКТ, «Бес жол өлең» әдісі, ББҮ тұртіп алу стратегиясы, талдау, қорыту, формативті бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (2 мин) — Оқушылармен сәлемдесу;

— Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

— Жағымды психологиялық ахуал туғызу; (тілек сөздер жазылған құттықтау қағаздарын тарату)

— Оқушыларды топқа бөлу (құттықтау қағаздарының түрі бойынша), топ мүшелерін сайлау, топ ережесін құру;

ІІ. Ой қозғау. (3 мин) (СТО стратегиясы, АКТ) Жуан  және жіңішке сұрақтар

1.       Ақпарат дегеніміз не?

2.       Ақпараттың қандай өлшем бірліктері бар?

3.       Ақпаратқа қандай теңеулер жасауға болады?

 

Кезеңдер.

Берілетін уақыт (40 мин)

Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
ІІІ. Қызығушылықты ояту Оқушыларға тірек сөздер беріледі. Сол сөздерді қатыстырып білетіндерін, өз ойларын жеткізеді, мәтін құрады

Тірек сөздер: ақпарат, байт, қағаз, дыбыс, сезім мүшелері

Оқушылардың берген жауаптарын жаңа тақырыппен байланыстыру

 

 

—          Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

—          Тірек сөздер бойынша білгендерін, ойларын айтады

—          Бірін-бірі тыңдайды, бағалайды, толықтырады

—          Оқушылар дәптерлерінде ББҮ бойынша кестенің «Білдім» деген бағанын толтырады

ІV. Мағынаны тану

 

—          Мәтін бөліктерін оқып шығыңдар

Топтастыру стратегиясы

—          1-топқа: «Ақпараттың адамөміріндегі рөлі»,

—          2-топқа: «Ақпараттық үрдістердің жасалуы»

—          3-топқа «Ақпаратты қолданудағы техниканың рөлі»

—          Тақырыпты топтасып оқып, талдайды, шешім қабылдайды

—          Түсінгендері бойынша постер жасап, баяндамашы қорғайды.

 

РАФТ стратегиясы

 

—          Оқушылар өздерін ақпарат орнына қойып, оның өмірдегі қажеттілігі, ерекшеліктері, даму өзгерістері жөнінде айтады
V. Сергіту сәті «Портрет» тренинг ойыны. Топтағы оқушылар өздерінің портретін бастап саладыда, қалған топ мүшелері портретті толықтырады.
Кубизм стратегиясы

1.       Ақпарат қандай?

2.                  Адамның және жануарлардың ақпаратты қабылдауын салыстыруға бола ма?

3.                  Ақпарат қайда қолданылады?

4.                  «Ақпарат – қарым-қатынас» сөздерінің байланысы бар ма? Дәлелде

5.                  Ақпарат қалай жасалады?

6.                  Ақпараттың  қаншалықты маңызы бар?

Кубизм стратегиясы бойынша жалпы оқушылар ойларын білдіреді .
VІ. Ойтолғаныс Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап, ой елегінен өткізуді ұсынады. «Бес жол өлең» стратегиясы бойынша. Әр топ өз ойларын жинақтап, қысқа да түсінікті қорытынды анықтама береді. «Бес жол өлең» стратегиясы бойынша.
«Бағалау» практикасы. (2мин)

Критерийлер бойынша формативті бағалау

Мына дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады.

—    Ақпаратқа толық түсінік бере аламын – 1 балл;

—      Ақпараттық үдерістерді орындай аламын – 1 балл;

—      Қазіргі кезде ақпараттың қолданысы жөнінде өзіндікойымдыбілдіре аламын  – 1 балл;

—          Жиыны 3 балл.

Топ басшыларының топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау

Топ басшысы дискрипторлар бойынша баллдарын есептеп, оны

«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды.

3 балл – «1»

4 балл – «2»

5 балл – «3»

 Рефлексия (1мин) Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.
Үйге тапсырма. §2.  Әлемнің ақпараттық көрінісі. Ертедегі және қазіргі ақпарат ағынының даму ерекшелітері жөнінде шағын ээсе жазуға тапсырма беру Берілген тақырып бойынша шағын эссе жазып келеді