Формуланы енгізу және көшіру

43

Қысқа мерзімді жоспарлау

 

Пән мұғалімі Пәні Сабақтың тақырыбы Класы Күні
Бертлеуова Нұрлыгүл Нұрсұлтанқызы Информатика Формуланы енгізу және көшіру 8г 5.04.2013
Сілтеме 1. Е.В.Шевчук, Н.С. Кольева

8-кластың информатика оқулығы. «Мектеп» баспасы, 2012 ж. §8.3, 100-103 беттер,

2. Н.Ермеков, С.Пилипенко «Информатикадан дидактикалық материалдар практикумы», «Мектеп» баспасы, 2004 ж. 11.6-тапсырма, 86-бет

3. Н.Ермеков, С.Пилипенко «Информатикадан әдістемелік нұсқау»

«Мектеп» баспасы, 2004 ж.  112-113 –беттер

4. Е.В.Шевчук, Н.С. Кольева «Информатикадан әдістемелік нұсқау»

«Мектеп» баспасы, 2004 ж. 126-128-беттер

Жалпы мақсаттары Оқушыларды MS Excel кестелік процессорында қолданылатын формулалармен таныстыру. Формулаларды енгізу және көшіру әдістерін қарастыру. Абсолюттік, салыстырмалы сілтемелер түсінігін талқылау.
Оқыту нәтижесі Оқушылар формула құрастыра отырып, кестелік процессорға енгізеді, көшіре алады. Абсолюттік, салыстырмалы сілтемелер қолдана алады. Топта пікірлесуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, пікірін айта білуге, интерактивті тақтамен жұмыс жасай білуге, жұппен жұмыс жасай білуге, өзін-өзі бағалауға, өзін бағалауға, өзгені тыңдай білуге үйренеді.
Негізгі идеялар Excel электрондық процессорының барлық мүмкіндіктерін зерттей отырып ұғынып және түсіну. Түсінігін есептеу жұмыстарын тез есептей білуге және уақытты үнемдеуге үшін қолдана алуға ықпал ете білу.
Әдістәсілдер СТОҮ, дарынды баланы оқыту, ЖЕС, көшбасшылық, бағалау, АКТ, оқытудың жаңа тәсілдері
Сабақтың формасы Блум таксономиясына негізделген.  Топқа бөлу, жұптық  бағалау, жеке жұмыс. Бақылау/дәлелдер жинастыру, талдау, қорытынды, интерпретация. Диалог, дәйектеу, талқылау (пікірлерін қосып жазып, түсіндіру, тақырып ашу және жаңа материалды ашу, бекіту).
Ұйымдастыру

2 мин

Топқа бөлу

Басты меню, қою, бет өлшемдері, формулалар  менюлеріндегі батырмалар салынған парақшалары бойынша төрт топқа бөлінеді.

1.      Басты меню тобында – Microsoft компаниясының президенті, Office қызметкерлері орналасқан.

2.      Қою тобында- инженер-техниктері

3.      Формулалар тобында-программалаушылар

4.      Бет өлшемдері тобында-сервис орталығы қызметкерлері

Бағалау критерийін, бағалау бетшелерін тарату.

10 мин

 

1- әрекет. Үй тапсырмасын тексеру

1.      «Еске түсірейік!» флипчартында берілген 10 cұраққа «иә», «жоқ» түрінде жауап беру, дәлелдеп түсіндіру.

2.      «Бетпе-бет» рольдік ойыны. «MS Office» фирма өкілдерімен кездесу.

4 мин 2-  әрекет. Ой қозғау тапсырмалары.

№1 тапсырма. Белгісіз санды табу формуласын анықтау, санды табу, түсіндіру.

3 12 8
7 28 24
5 20 16 

 

№2 тапсырма. Белгісіз сандарды қалай тапқандығын және Excel-де формуланы қалай қолданғандығын дәлелдеп айту.

13
 7 6
 26
27
12 15
54
K
L 6
16

 

K+L 10
6 мин 3- әрекет. Мағынаны ашу тапсырмалары.

Автоқосындыны топтың түсіндіруі.

№3 тапсырма. автоқосынды батырмасын қолдана отырып есептеу тиімділігін өздігінен ұғыну, өз ойын дәлелдеу.

23 11 2
6 10 8
3 6 65  177
15 15 13
6 мин №4 тапсырма. Функция шеберін топтың түсіндіруі.

   Функция шебері батырмасын қолдана отырып, сандардың орта         

                              мәнін табуды өздігінен ұғыну, өз ойын дәлелдеу.

3 9 5 7 2 8 1 6 4 5
6 мин №5  тапсырма. Көшіру жұмыстарын топтың түсіндіруі.

 Формуланы көшіру арқылы дөңгелектің ауданын есептеу.

 

 

R 3 5 7 8 9
S 28,26 78,5 153,86 200,96 254,34
6 мин №6  тапсырма.  Абсолютті сілтемені топтың түсіндіруі.

Абсолют сілтемені және формуланы көшірме жасау арқылы ұшақ билеттерінің бағасын теңге және доллар бағамына айналдыру.

Ұшақ билеттері
Ұшақ бағыты бағасы, руб бағасы, теңге бағасы, доллар
1 Атырау-Мәскеу 8195 39663,80 262,90
2 Атырау-Стамбул 11715 56700,60 375,82
3 Атырау-Дубай 12789 61898,76 410,28
4 Атырау-Пекин 19958 96596,72 640,26
Теңге 4,84
доллар 150,87
3 мин 4— әрекет. Сөзжұмбаққа сұрақ қою, жауап табу арқылы жаңа материалды меңгерту.

Оқушы бір топ тордағы әріп санына бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды, қалған топ жауап беріп, жауабын интерактивті тақтаға қалам құралын қолданып жазады.

2 мин Қорытынды. Бағалау(жиынтық және формативті).

«5» — 20 баллдан жоғары

«4» — 13-19 баллға дейін

«3» — 5-12  баллға дейін

«2» — 0-4  баллға дейін

Кері байланыс. Өз көңіл – күйлерін стикерге жазады.

Кезекті оқу 8.3 Формуланы енгізу және көшіру