Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері.Паскаль ортасымен жұмыс. Программа мәтінін теру. Анықтама жүйесі. Программаның орындалуы

62

Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері.Паскаль ортасымен жұмыс. Программа мәтінін теру. Анықтама жүйесі. Программаның орындалуы

 

Паскаль  тілінде программа үш бөліктен тұрады:

PROGRAM BASTAU;

СИПАТТАУ БӨЛІМІ

BEGIN

ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ

END.

Есте сақта: Кез келген программаның алғашқы жолы Program сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.

Негізгі ұғымдар: Мәліметтер (деректер) – сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркестерін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар және т.б. құрылымдар немесе солардың адрестері.

Операциялар немесе амалдар – берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру амалдарын орындайды.

Нәтиже алу – аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге немесе енгізу – шығару порттарына жазу.

Цикл— белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.

Көмекші программа – алдын ала қандай да бір атаумен аталған командалар тобы.

Түсініктеме- программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында жүйелі жақшаға алынып жазылған қазақша (орысша) түсінік беретін  сөз тіркестері.

Есте сақта: бір қатарға бірнеші команда немесе оператор орналаса алады, олар бір – бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзетуге жеңіл әрі оқуға ыңғайлы.

 

Тапсырма№1: Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Паскаль тілін қолайлы програмалау тілі ретінде ұсынған кім және қай жылда?

 

  1. Паскаль программасының басқа программадан ерекшелігі қандай?

Тапсырма№2: Төмендегі программаны компьютерде Паскаль бағдарламасында теріңіз.

Радиусы R болатын шеңбер ұзындығын есептеу программасы.

Program shenber;

Const pi=3,14;

Var

R:real;

L:real;

Begin

Writeln (‘R manin engizinder:’);

Read (R);

L:=2*pi*R;

Writeln;

Writeln;

Writeln (‘natije:’);

Writeln (‘shenber uzyndygy L=’, L:8:3);

End.

Экранда төмендегідей нәтиже көрінеді:

R мәнін енгізіңдер: 0,2

Нәтиже:

Шеңбер ұзындығы L=1,257