Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер. Моделдеудің негізгі кезеңдері

34

Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер. Моделдеудің негізгі кезеңдері

Негізгі ұғымдар: Модель дегеніміз  — нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:

  1. Қолдану аймағы.
  2. Модельде уақыт факторын ескеру.
  3. Білім саласына қарай топтау.
  4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.

Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірбиелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.